Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Заттың тығыздығы

23 қараша 2017, Бейсенбі
Категориясы: Физика
Сабақтың тақырыбы: §32. Заттың тығыздығы.
7 сынып
Сабақтың мақсаты: Масса.
1. Білімділік мақсаты: оқушыларға заттың тығыздығын, массамен, көлеммен байланыстыра отырып түсіндіру.
2. Дамытушылық мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, имандылыққа баулу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Әңгіме, жаттығулар орындау.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, электронды оқулық, таразы, кір тастар, денелер жиынтығы, өлшеуіш цилиндр, стақан құм салынған қорап.

Сабақтың барысы:
І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың көңілін сабаққа аудару, құралдарын тексеру.
ІІ. ДК. Жаңа сабаққа дайындық.
1. Масса, көлем. Мысалдар.
ІІІ. ДК. Жаңа сабақты түсіндіру. Электрондық оқулық арқылы түсіндіру.
1. Тығыздық деген не?
2. Тығыздықты анықтау үшін не істеу керек?
3. Көлем мен массаға байланыстылығы.
4. Өлшем бірлігі.
Заттың тығыздығы. Көлемдері бірдей әр түрлі заттардан дайындалған денелердің массасы әр түрлі болады. Мысалы, көлемі 1 м3 темір дің массасы 7800 кг, ал сол көлемдегі қорғасынның массасы — 13000 кг. Көлем бірлігіндегі (яғни, бір куб метрдегі немесе бір куб сантиметрдегі) заттың массасы неге тең екендігін көрсететін физикалық шаманы заттың тығыздығы деп атайды. Берілген заттың тығыздығын қалай табу керектігін анықтау үшін келесі мысалды қарастыралық. Көлемі 2 м3 мұздың массасы 1800 кг екендігі белгілі болсын. Сонда 1 м3 мұздың массасы 2 есе кіші болады. 1800 кг - ды 2 м3 - ке бөліп, 900 кг/м3 - ты аламыз. Осы шама – мұздың тығыздығы. Сонымен, заттың тығыздығын анықтау үшін дененің массасын оның көлеміне бөлу керек:
Осы өрнекке кіретін шамаларды әріптермен белгілелік: m — дененің массасы, V — дененің көлемі, ρ — дененің тығыздығы ( ρ — грек әрпі “ро”). Сонда тығыздықты есептеуге арналған формуланы мына түрде жазуға болады: СИ жүйесінде тығыздық бірлігі килограмм метр куб (1 кг/м3). Практикада заттың тығыздығын сондай - ақ грамм сантиметр кубпен (г/см3) өрнектейді. Осы бірліктердің арасындағы байланысты тағайындау үшін мынаны ескереміз:
1 г = 0, 001 кг, 1 см3 = 0, 000001 м3.
Белгілі бір заттың тығыздығы қатты, сұйық және газ тәрізді күйлерінде әр түрлі болады. Мысалы, судың тығыздығы – 1000 кг/м3, мұздың тығыздығы – 900 кг/м3, ал су буының тығыздығы (0°C және қалыпты атмосфералық қысым кезінде) – 0, 59 кг/м3. Басқа заттардың тығыздығын 3 – 5 - кестелерден білуге болады. 3 — 5 - кестелерде көрсетілген заттардың тығыздығы қалыпты атмосфералық қысымда және газдар үшін 0 °C температурада, сұйықтықтар мен қатты денелер үшін 20 °C температурада есептелінген.

Заттың тығыздығы. жүктеу
4 743
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тығыздықты есептеу
Тығыздықты есептеу
Өлшем бірліктерді ХБЖ – не келтіре отырып заттың тығыздығына берілген есептерді есептей алады.
Заттың тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірлігі
Заттың тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірлігі
дұрыс, дұрыс емес пішінді және сұйықтардың тығыздығын анықтау әдісін сипаттау тығыздықтың анықтамасын білу және тығыздық = масса / көлем формуласы бойынша есеп жүргізу;
Заттың тығыздығы
Заттың тығыздығы
Білімділік: Оқушылардың заттың тығыздығы тақырыбын игеру барысында алған білімдеріне тереңдету, бір жүйеге келтіру, негізгі ұғымды бекіту.
Масса және заттың тығыздығы
Масса және заттың тығыздығы
Березняк орта мектебінің физика пәні мұғалімі Мухамет Ж.
Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы
Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №5 орта мектептің физика және информатика пәні мұғалімі Ерланова Шынар Алтынбековна
Заттың тығыздығы
Заттың тығыздығы
Мұғалжар ауданы, Қ.Жұбанов атындағы орта мектебінің физика пәні мұғалімі: Мустакова Динара Жомартовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×