Білімділер поралы

Қозғалыс траекториясы дегеніміз не?

Сабақтың тақырыбы: Қозғалыс траекториясы дегеніміз не?
Қысқа мерзімді жоспар
Жаратылыстану 1 сынып
Бөлім: Табиғат физикасы
Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты 1. 5. 1. 3 Қозғалыстың түрлі траекториясын зерттеу, оларды сурет түрінде көрсету;
1. 5. 1. 2 Қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығын анықтау;
1. 1. 2. 2 Көрсетілген экспериментті түсіндіру;
Сабақ мақсаттары 1. Қозғалыс траекториясын біледі, мысал келтіреді;
2. Түрлі денелердің траекториясын анықтайды;
3. Зерттеу нәтижелерін айтады, түсіндіреді, талдайды..
Бағалау критерийлері
1. Қозғалыстағы денелердің траекториясын бақылайды және сипаттайды.
2. Денелердің қозғалыс траекториясын бейнелеп көрсетеді.
3. Зерттеу барысында құралдарды қолданады, жүргізілген жұмыстың нәтижесін қорытындылайды.

Сөздік қор
Траектория, жол, көлік құралдары
Қозғалыс траекториясы – көліктің және басқа да заттың қозғалыс кезінде жасайтын сызығы. Сызық - линия - line.
Жол – траектория ұзындығы. Түзу және қисық сызықтар
Траектория – траектория - Trajectory
- Қандай қозғалыс түрлерін білесің?
- Қозғалысты қалай бақылайды?
Құндылықтарды дарыту Ынтымақтастық - басқалармен жұмыс істеу, пікірлерді құрметтеу.
Пәнаралық байланыстар Математика: түзу және қисық сызық сызады;
Дүниетану: мектепке баратын жолды бағдарлай біледі;
АКТ қолдану дағдысы (сабақта қолданылатын болса көрсетіңіз) https://www. youtube. com/watch? v=H91_YUxcYVAсайт арқылы көлік құралдарының қозғалысын бақылайды, тұжырым жасайды.
Алдыңғы меңгерілген білім
Оқушылар алдыңғы сабақтардан және күнделікті өмірде денелер мен заттардың қозғалыстарын көреді, біледі.
Сабақтың басы 1 мин
Мотивациялық кезең. Шаттық шеңбері
Армысың досым,
Кел, маған қосыл (қолымен шақырады).
Алақанға салып алақан,
Шеңберге бірге тұрайық (қолдарынан ұстайды).
Жер шарындай айналып,
Әлемге жарық ұқсайық (айналады).
Қолымызды көтеріп,
Күннің нұрын алайық (қолдарын көкке созады).
Ортамызда күн нұры,
Құшаққа оны алайық (құшақтасады).
Топқа бөлу.
Ширату жаттығу: «Қайда менің өз орным»
Оқушылар ортаға шақырылып, ұшақ - машина - қайық суреттерін таңдап, қимыл қозғалысын көрсету. Осы атаулары бойынша топқа бөлініп отырады.

«Ой қозғау» әдісі
Бейнежазбаны көру. Денелердің қозғалысын бақылау.
Ашық сұрақ:
1. Бүгінгі сабағымыз не туралы деп ойлайсыңдар?
(қозғалыс ұғымымен байланыстырады)
Оқушылар болжам жасайды, өздері тақырыпты анықтайды. Содан кейін сабақ мақсатымен таныстырамын.

Сабақ ортасы 5 мин
Бақылау
Оқушылар іс - әрекетті бақылауға тапсырма беремін.
МК. 1) Сыныпқа оралған жіпті әкелемін де, қолымнан жерге түсіріп, 1 - топқа қарай домалатамын.
2) 1 - топ 2 - топқа қарай, 2 - топ 3 - топқа, 3 - топ маған қарай домалатады.
(Ұ) «Ойлан - жұптас - бөліс» әдісі
Жіптің қозғалысы туралы не айтуға болады?
Жіптің жүрген жолында не пайда болды?
Жүргізілген сызық нені білдіреді?

М. Т. Дененің қозғалған кездегі жүрген жолын «траектория» дейміз. Бұл – жіптің қозғалыс траекториясы.
ҚБ «жұлдызша» әдісі
М. Б. топтарды жұлдызшалармен бағалаймын.

• Есіңе сақта айдары!
 Қозғалыс траектория дегеніміз – көліктің және басқа да заттың қозғалыс кезінде жасайтын сызығы.
 Жол - траектория ұзындығы.

Сызық - линия - line.
Траектория – траектория - Trajectory

(Т) «Ойна да, ойла» әдісі
Таңдаған көліктеріңнің қозғалыс траекториясын салып көрсетіңіздер. Қандай сызық кескінделді?
(Математикамен байланыс: түзу сызық, қисық сызық)

Дескриптор:
- берілген көліктерінің қозғалыс траекториясын салып көрсетеді
- Қандай сызық кескінделгенін анықтайды

ТБ «Басбармақ» әдісі арқылы бағаланады.

Т. Ж. Зерттеу тапсырмасы.

Кішкене шар мен ойыншық мәшиненің қозғалысын зертте.
Тәжірибе жасау арқылы траекторияға мысалдар келтіру. Машина көбіне түзу траекториямен ал металл шар әр түрлі траекториямен қозғалатынын байқайды.

Дескриптор:
- тәжірибе негізінде шар мен ойыншық мәшиненің қозғалысын анықтайды
- сызығын салады, бір - бірінен ажыратады.
ҚБ «Шапалақтау» әдісі

Сергіту сәті. (музыка ырғағына билеу)

«Ұшақтар ұшыру» ойыны
(ЖЖ) Оқушыларға қағаз ұшақтар жасауды ұсынамын. Үстел үстіндегі «сиқырлы таяқшаны» таңдау арқылы оқушы ұшағын ұшырады. Қалған балалар ұшақтардың қозғалыс траекториясын бақылайды.
- балалар ұшақтардың қозғалыс траекториясын көре алдыңдар ма?
- Тағы да қандай денелердің қозғалыс траекториясын көре алмаймыз?
ҚБ. Смайликпен бағалау.

№9 орта мектеп Жаңаөзен қаласы
Мұғалімнің аты-жөні: Акшабаева Талшын Жанабердиевна

Қозғалыс траекториясы дегеніміз не? жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адамдық диханшысы
  • Асель28
    Жазған: Асель28
  • Акниет Нурым
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Мейрамгали Акниет
  • ramuk_b
    Жазған: ramuk_b
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Эвфемизм мен дисфемизм
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 12
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 12
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика