Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ньютонның үшінші заңы

30 желтоқсан 2012, Жексенбі
Категориясы: Физика
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы,
Сүмбе орта мектебінің физика пәні мұғалімі Б. К. Оразбаев

Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: Ньютонның үшінші заңы
Сабақтың мақсаты: екі дене бір-бірімен әсерлескендегі күштердің ерекшелігін анықтау.
Сабақтың дидактикалық міндеттері:
1) Білімділік: Ньютонның бірінші, екінші заңдарын қайталай отырып, масса мен үдеу арасындағы қатынасты бекіту арқылы, екі дененің бір-бірімен бірдей күшпен әсерлесетінін меңгерту.
2) Дамытушылық: негізгіні бөле білуін, теорияны практикалық тәжірибемен ұштастыра білуін, тәжірибелерден қорытынды жасай білуін және өз ойын қорытып айта білуін дамыту. Есте сақтау қабілетін тәжірибелер арқылы дамыту.
3) Тәрбиелік: материалистік –диалектикалық көзқарасын қалыптастыру. Ньютонның үшінші заңы арқылы реализмге тәрбиелеу. Өз ой-пікірін айта отырып, ақиқатқа жетуге тәрбиелеу. Топтық және жұптық ынтымақтастыққа баулу. Түйінді сөз арқылы патриотизмге тәрбиелеу.
Түйінді сөз: Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз.
Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз.
Бірақ асқақтаған хан болса – хан ордасын таптай білген елміз.
Қаз дауысты Қазыбек би

Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың әдісі: иллюстративті-түсіндірмелі.
Сабақта пайдаланатын технология «Үш өлшемді әдістемелік жүйе» технологиясы
Сабақтың дидактикалық кезеңдерінде пайдаланатын тәсілдер: тәжірибе, зерттеу,сұрақ-жауап.
Сабақты өткізу формалары: жекелей,топтық, жұптық.
Сабақтың көрнекілігі мен ТОҚ: И. Ньютон портреті, арбашалар, төрт дана динамометр, жіп, темір және мыс цилиндрлер, серпімді темір сызғыш, сіріңке, интерактивті тақта, компьютер, флипчарт,

Сабаққа пайдаланған әдебиеттер.
Оқулықтар: физика және астраномия-9сынып, физика және астрономия есептер жинағы -9сынып, физикадан тест есептері және оны шешу жолдары.
Әдістемелік әдебиеттер: әдістемелік нұсқау хат 2012жыл. Методика преподавании физики в средней школе.
Қосымша әдебиеттер: «Энциклопедия юнного физика» және интернет желісі.
Пәнаралық байланыс:
Қай пәнмен қалай?
Математикамен есептеулер жүргізу
Информатикамен компьютерлік сауаттылықты ашу

Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дейін оқушыларды түгелдеу. Сынып бөлмесінің гигиеналық талапқа сайлығын, көрнекіліктер мен ТОҚ-ын тексеру. Білім төмен оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Топтарға және жұптарға бөлу. Сабақ басталғаннан кейін сабақ мақсатын қою, психотренниг жүргізу.
2) Жаңа сабақты меңгеруге қайталау арқылы дайындау және білім маңыздылығын түйіндеу.
1-кезең. Тестік тапсырма. (Оқушыларды тестік сынаққа дайындау мақсатында және өткенді қайталау үшін 7 сұрақ, 5-7 минутқа беріледі) Жекелей жұмыс. Әр жауапқа 1балл.
1. Инерциалды санақ жүйесі.
2. Ньютонның 1-заңын тұжырымда.
3. Инертті масса дегенді қалай түсінесің.
4. Ньютонның 2-заңын тұжырымда
5. Ньютонның 2-заңындағы күш формуласы.
6. Тең әсерлі күш деген не?
7. Екі дене әсерлескендегі үдеу мен масса арасындағы байланысты көрсет.
3) 2-кезең. Жаңа тақырыпты өздігінен меңгеру. Дамытушылық және тәрбиелік мақсатқа жету үшін 2 топқа бөліп, топтық жұмыс жүргіземіз. Топтық жұмысқа тәжірибе жасау арқылы оны қорытындылау жүктеледі. Әр дұрыс қорытындыға 5 балл.

1-топтың бірінші тәжірибесі. Екі Ньютон арбашалары беріледі. Алдымен массалары бірдей жүк арбашаға қойылып екеуі қарама қарсы бағытта соғыстырады. Келесіде массалары әртүрлі жүкпен тәжірибе қайталанды. Масса мен үдеулердің қатынастарын пайдалана отырып қорытынды шығарады. Тәжірибе уақыты 8 минут.

1-топтың екінші тәжірибесі. Екі динамометрді ілгішіне бір-бірін алып екі жаққа тартамыз. Күштерді салыстырып олардың шамасы мен бағыты бойынша қорытынды жасаймыз. Тәжірибе уақыты 3 минут.

2-топтың бірінші тәжірибесі. Екі массалары бірдей жүктер жиынтығынан екі темір цилиндрлер аламыз. Олардың ортасына серіппелі темір сызғышты иіп жіппен байлап, одан соң сіріңкемен жіпті күйдіреміз. Шариктердің қандай қашықтық кеткенін бақылаймыз. Екі массалары әртүрі жүктер жиынтығынан бір темір бір мыс цилиндрлер аламыз. Тәжірибені қайталаймыз. Масса мен үдеулердің қатынастарын пайдалана отырып қорытынды шығарады. Тәжірибе уақыты 8 минут.

2-топтың екінші тәжірибесі. Дөңгелек динамометрді алып оның бір жақ ілгішіне серіппелі динамометр ілеміз екінші жағына 100г жүк ілеміз. Динамометр үстел үстінде горизонталь жатады, 100г жүк блок арқылы ілінеді. Күштерді салыстырып олардың шамасы мен бағыты бойынша қорытынды жасаймыз. Тәжірибе уақыты 3 минут.
Әр топтан жетекшілер шығып интерактивті тақтада өз қорытындыларын түсіндіреді.
a1/a2= m2/m1;
a1m1= a2m2;
F1=- F2. Екенін дәлелдейді
4) 3-кезең. Деңгейлік тапсырмалар. Оқушылар білім деңгейлері пара-пар балалармен жұптарға бөлінеді. Бұл дамытушылық мақсатты жүзеге асыру үшін. Жұптар білім деңгейлеріне сай флипчартағы есептерді шығарады. Мультимедиялық кабинетте әр жұпқа жеке беріледі. Есептер бір сапалы, бір есептеуді қажет ететін есептерден тұрады.

1-жұп есебі. (Білім деңгейі төмен оқушылар) 1-деңгейлік тапсырма. (3 балл) 1. Үстелде жатқан кітап неге төмен түспейді?Қандай күштер әсер етеді? 2. Массасы 50 кг дене екі жағы бекітілген тақтайдың үстінде тұр. Тақтайдың серпімділік күші қандай? (g=10мс2)

2-жұп есебі. 2-деңгейлік тапсырма. (4 балл)Барон Мюнхгаузен өзін шашынан саз балшықтан тартып шығарғаны туралы айтылады. Осылай болуы мүмкін емес екенін дәлелдеңдер. 2. Екі бала динамометрді созады. Әрқайсысы 80Н күш түсіреді. Динамометр не көрсетеді?

3-жұп есебі. 3-денгейлік тапсырма. (5 балл)Қажымұқан екі түйені екі қолымен тартып ұстап тұрған. Бір түйені тартып ұстап тұра ала ма?Жауаптарыңды түсіндір. 2. 240 Н күш денеге 6 м/с2 үдеу береді. Осы денеге қандай күш 8 м/с2 үдеу бере алады?

4-жұп есебі. 4-деңгейлік тапсырма. (6 балл) Бір тұрған адамға екінші адам жүгіріп келе жатып соқтығысып қалды. Қайсы адам көп зардап шегеді? Неге? 2. Үстелдің бетімен үйкеліссіз сырғанай алатын динамометрдің бір ұшына 20Н күш түсіріледі. Динамометр нені көрсетеді?

5 - жұп есебі. 5-деңгейлік тапсырма. (7 балл)1. Ат жүк артылған арбаны тартады. Ньютонның үшінші заңы бойынша аттың арбаны тарту күші арбаның тарту күшіне тең болады. Неліктен арба аттың артынан қозғалады?2. 6м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан массасы 2 т автокөлік 6000 Н күштің әрекетінен тежеледі. Автокөліктің үдеуі қандай?

5. Шығармашылық деңгей. Түйінді сөз Қазыбек бидің айтқанын еске ала отырып Ньютонның 3-заңын байланыстыра эссе жазу. Не өлең шумақтарын құрастыру.
6. Үйге тапсырма: §13. 11-жаттығу (1,2) Барлығына, 4 не 5 бағасын алам деушілерге 11жаттығу (1-5)

7. Қорытындылау,бағалау.
15-19минималды ұпай жинағандарға «3» деген баға қойылады.
20-21 ұпай жинағандарға «4» деген баға қойылады.
22-25 ұпай жинағандарға «5»деген баға қойылады.
16 915
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Динамика: деформация, күштер және Ньютонның қозғалыс заңдары. Ньютонның ІІІ заңы. Есептер шығару
Динамика: деформация, күштер және Ньютонның қозғалыс заңдары. Ньютонның ІІІ заңы. Есептер шығару
Ньютонның бірінші, екінші заңдарын қайталай отырып, масса мен үдеу арасындағы қатынасты бекіту арқылы, екі дененің бір - бірімен бірдей күшпен әсерлесетінін меңгерту.
Айналмалы қозғалыс үшін импульстік түрдегі Ньютонның екінші заңы. Импульс моментінің сақталу заңы
Айналмалы қозғалыс үшін импульстік түрдегі Ньютонның екінші заңы. Импульс моментінің сақталу заңы
Айналмалы қозғалыс үшін импульстік түрдегі Ньютонның екінші заңымен таныстыру. Импульс моментінің сақталу заңы ұғындыру. Гираскоп туралы мәліметтер беру.
Күш. Масса. Ньютонның ІІ заңына есептер шығару
Күш. Масса. Ньютонның ІІ заңына есептер шығару
БҚО, Жаңақала ауданы, Қызылоба ауылы, «Е.Ш.Орақбаев атындағы жалпы орта білім беретін метебі» КММ физика пәнінің оқытушысы Батырова Толқын Нәсиқызы
Физика жылдық тест тапсырмасы 10 сынып
Физика жылдық тест тапсырмасы 10 сынып
Алматы облысы, Балхаш ауданы, Береке ауылы, Береке орта мектебі МДШО - ның физика пәні мұғалімі Нұрханова Ләззат Сүйеубайқызы
Бүкіл әлемдік тартылыс заңы
Бүкіл әлемдік тартылыс заңы
Алматы облысы, Панфилов ауданы, Абай атындағы орта мектеп Садвакасова Бақытгул Қабиқызы
Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы
Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы
Ақтөбе облысы, Қандыағаш қалалық №2 орта мектебінің физика және информатика пәні мұғалімі Сагынова Ибаш Тұрғанбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×