Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Электр магниттік жүйелі өлшеуіш аспаптар

18 наурыз 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Физика
Пән Электротехника

Сабақ тақырыбы: Электр магниттік жүйелі өлшеуіш аспаптар
Сабақ мақсаты: 1) білімділік: оқушылардың электр магниттік жүйелі аспаптар туралы білім - білік дағдыларын қалыптастыру; олардың практикалық маңызын ұғындыру.
2) дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін дамыту; сөйлеу шеберлігін, ой ұшқырлығын қалыптастыру.
3) тәрбиелік: еңбекке баулу, адамгершілікке тәрбиелеу; ғылымға қызығушылықтарын, және мамандыққа сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақ түрі: Кіріктірілген сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, жеке тапсырмалармен жұмыс, «Білгім келеді», «Ой қозғау» стратегиясы.
Пән аралық байланыс: 1. Физика – 10, §63 «Электр өлшеуіш приборлар»,
Физика – 8, §11 «Электромагниттік аспаптар».
2. Арнайы технология «Электр өлшеуіш аспаптар» авт. Ю. Д. Сибикин, 116 - бет.
Көрнекіліктер: Плакат «Электр өлшеуіш аспаптар», «Электромагниттік жүйелі аспаптар», «Сөзжұмбақ», электр өлшеуіш аспаптың қозғалмалы бөлігі, амперметр, волтьметр, электромагнит.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
1. Оқушылармен амандасу.
Оқушылардың сабаққа қатысын, сынып бөлмесінің, оқушылардың дайындығын тексеру.
Сұрақтар: ІІ. Үй жұмысын тексеру.
1. Электр өлшеуіш аспаптар механизм әрекетіне қарай қалай жіктеледі?
2. Электр өлшеуіш аспаптардың дәлдік класы нешеге бөлінеді?
3. Мына аспаптардың бетіндегі шартты белгілерді түсіндіріңіз:
1. Амперметр 2. Волтьметр
Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту.
Сабақ физика, арнаулы пән мұғалімдерімен бірігіп өткізіледі.
Электротехника пәні мұғалімі: - Электромагниттік жүйелі аспаптарға өлшеуіш механизмдерінде электр магниттен болатын, тұрақты және айнымалы ток тізбегінде өлшеуге арналған аспаптар жатады. Олардың қатарына амперметр, волтьметр, фазометр т. б. айнымалы ток тізбегінде өлшеуге арналған кең таралған аспаптар кіреді.
Физика пәні мұғалімі: Сендер физика курсында электр өлшеуіш аспаптардың құрылысымен таныстыңдар. Электромагнит – темір өзекше және катушкадан тұрады. Ол түрлі формада жасалынып, электротехникада кең қолданысқа ие.
Басты қасиеті: токтан ажыратылғанда тез магнитсізденеді, жұмыс кезінде катушкадағы J ток күшін өзгерту арқылы магнит әсерін реттеуге болады. Болат немесе темір өзекше әсерінен магнит өрісінің токқа әсері күшейе түседі.
Электротехника пәні мұғалімі өлшеуіш аспаптың қозғалмалы бөлігі бейнеленген плакатты және қозғалмалы бөлігін пайдалана отырып құрылысын жұмыс принципін түсіндіреді.
Арнаулы пән мұғалімі: Электромагниттік жүйелі аспаптары бар электрлік құрылғыларына түсінік беріп өтеді. мысалы, жоғары кернеу желісіндегі тарату құрылғыларындағы, тарату шкафтарындағы өлшеуіш аспаптардың токтық жүктемесі, монтаждалуы туралы мағлұмат береді.
Электротехника пәні мұғалімі: «Электр өлшеуіш аспаптардың ішінде электромагниттік жүйелі аспаптардың артықшылығы мынада: құрылысы қарапайым, асқын жүктемені көтере алады. Ал кемшілігі: дәлдігі төмен, өзіндік қуаты жоғары (10 кв) сыртқы магниттік әсерге сезімтал.
Дәлдік класы 1, 0; 2, 5; 1, 5 болатын 300 А - ден 15кА дейінгі қалқандық (щиттік) амперметрлер, дәлдік класы 1, 0; 1, 5; 2, 5 болатын кернеуі 600 в тан 750 кВ дейінгі қалқандық волтьметрлер шығарылады».
Дәптермен жұмыс жүргізу.
Қысқаша лекция жазғызу. Тақтадағы жазуларды көшірту..
IV. Бекіту кезеңі
1. Электромагниттік жүйелі аспапқа қандай аспаптар жатады?
2. Электромагниттік жүйелі аспаптың жұмысын амперметр арқылы түсіндіріңіз.
3. Үлестірме суреттермен жұмыс: Шартты белгілерді нақтылау
4. «Білгім келеді» Оқушылар сұрақтарына жауап.

«Ой қозғау» стратегиясы: Сөзжұмбақ: « Электр өлшеуіш аспап»

Мына сөзжұмбақты дұрыс шешсеңіз боялған торкөзден электр магнитті жүйелі аспаптың аты шығады.
класы
Омметр
аспап
ленц
горизонт
фазометр
вертика л ь
тұрақты
электр

Сұрақтары:
1. Дәлдік...
2. Кедергіні өлшеуіш аспап
3. Прибор сөзінің қазақша баламасы
4. Физик – ғалым
5. Мына белгі қандай мағына береді?
6. Жиілікті өлшеуіш аспап
7. Мына белгі қандай мағына береді?
8. Ток түрі
9. Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы... тогы деп аталады.

Ү. Қорытынды
Бағалау.
Үйге тапсырма: Өндірістік оқуда электр магниттік жүйелі аспаптардың жұмысымен танысу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 197
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Физика пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Физика пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Физика пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрісі. Тогы бар шарғының магнит өрісі. Электромагниттер. Магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әрекеті. Электрқозғалтқыш. Электрөлшеуіш аспаптар.
Тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрісі. Тогы бар шарғының магнит өрісі. Электромагниттер. Магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әрекеті. Электрқозғалтқыш. Электрөлшеуіш аспаптар.
Тоғы бар өткізгіштің және тогы бар шарғының магнит өрісі болатынын түсіндіру, электромагнитті пайдалануға болатынын білу. Электрқозғалтқыш, электр өлшеуіш аспаптар ұғымдарын қалыптастыру және жұмыс істеу принциптерімен таныстыру, магнит өрісінің
Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы
Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы
Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы. Электроскоп. Өткізгіш және өткізбейтіндерді күнделікті өмірде және өндірістерде қолдана білуге үйрету.
Электр өрісіндегі өткізгіштер. Электр өрісіндегі диэлектриктер
Электр өрісіндегі өткізгіштер. Электр өрісіндегі диэлектриктер
Электр өрісіндегі өткізгіштер. Электр өрісіндегі диэлектриктер. Оқушылардың электр өрісіндегі өткізгіштер, электр өрісіндегі диэлектриктер түсініктерін қалыптастыру.
Электр - магниттік жүйелі аспаптар
Электр - магниттік жүйелі аспаптар
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің арнаулы пән оқытушысы Сармырза Ө.М.
Металдар мен электролиттердегі электр тогы
Металдар мен электролиттердегі электр тогы
Сабақтың тақырыбы: Металдар мен электролит ерітінділеріндегі электр тогы Химия пәні оқытушысы: Т. Досымова Физика пәні оқытушысы: А. Упишева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×