Білімділер поралы

Циклоалкандар, гомологтық қатары, құрылысы, изомерленуі, қасиеттері, алынуы, қолданылуы

Курс тақырыбы: Көмірсутектер мен олардың табиғи көздері
Сабақ тақырыбы: Циклоалкандар, гомологтық қатары, құрылысы, изомерленуі, қасиеттері, алынуы, қолданылуы.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: циклоалкандар жайлы мағлұмат беру. Қаныққан көмірсутектердің жалпы формуласын, физикалық және химиялық қасиеттері мен циклоалкандардың қасиеттерін салыстыра білу, тиісті химиялық теңдеулерін жазу. Циклоалкандарды алу әдістерімен қатар табиғатта таралуына көңіл аудару.
ә) дамытушылық: оқушылардың өз бетімен, ұжыммен жұмыс істеу біліктіліктерін дамыту; әр оқушының білімдік, ұжымдық қабілетін ояту; еске сақтауын, ой - өрісін дамыту, танымдылық белсенділігін арттыру.
б) тәрбиелік: ынтымақтастыққа, өзін - өзі басқаруға, бақылауға, байқағыштыққа жетелеу; кәсіптік бағдар беру.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру, жинақтау сабағы.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, салыстыру, сұрақ - жауап, баяндау, оқулықпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, тест сұрақтары, дидактикалық карточкалар (сұрақ - жауап)
Пәнаралық байланыс: биология, экология
Сабақтың формасы: жеке, топпен, топ ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың типтері: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі.
Өткен сабақтарда өтілген «Алкандардың гомологтары, изомерлері мен номенклатурасы, алынуы, қасиеттері және қолданылуы» тақырыбы бойынша сұрақ - жауап әдісімен түсінгендерін, сабақты меңгергендерін сұрап білемін.

І тапсырма. Сұрак - жауап.
1. Қаныққан көмірсутектер дегеніміз қандай көмірсутектер? Жалпы формуласы қалай өрнектеледі? Не себептен қаныққан деп аталып отыр?
2. Көмірсутектер тізбегі неге ирек пішінді болады?
3. Метан молекуласында көміртек атомының гибридтелу түрі?
4. Метан молекуласында көміртегінің гибридтелген электрон бұлтының кеңістіктегі пішіні қандай?
5. СН4 қандай көмірсутектеріне жатады?
6. Метан табиғатта қайда кездеседі? (өз білгенің бойынша түсінік бер)
7. Автокөлік бензинінің негізгі құраушысы - октан. Оның жану өнімдерінің қалыпты жағдайдадағы агрегаттық күйі қандай болады? (өмірден жауап бер)
8. Бензиннің қандай маркаларын білесіңдер?
9. Бензиннің қолданылуы мен жану өнімдерінің қоршаған ортаға әсері туралы айтып беріңдер.

ІІ тапсырма. Топтық жұмыс (интерактивті тақтамен жұмыс)
1 - топ: Алкандардың алынуы, изомері мен номенклатурасы.
2 - топ: Алкандардың физикалық және химиялық қасиеттері.
3 - топ: Алкандардың қолданылуы. (Топтастыру картасын құру).

ІІІ тапсырма. Жекелей жұмыс. Сәйкестікті табыңдар.
1. Алкандардың химиялық құрамы реттік санмен, аталуы әріптермен берілген. Соны жұпта.

ШҚО, Семей қаласы.
Саменова Айнагул Нуртаевна

Толық нұсқасын жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Омонимдер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Химия әлеміне саяхат
  • Батон
    Жазған: Батон
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Bekamaster
    Жазған: Bekamaster
  • Жетыген
    Жазған: Жетыген
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 27
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 27
Роботтар: 3
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика