Білімділер поралы

Квиллинг

Тақырыбы: Квеллинг
Жоспар:
І. Кіріспе бөлімі
1. Квиллинг тарихы
ІІ. Негізгі бөлім
1. Квиллинг туралы мағлұматтар
2. Жұмыс жасауға қажетті құрал – жабдықтар
3. Бұйымды құрастыру алгоритмі
4. Технологиялық карта
5. Қауіпсіздік ережесі
ІІІ. Қорытынды.

І. Кіріспе бөлімі
Квиллинг тарихы
Қағаздың қыр - сырын қанық білетіндердің қатары – қолөнердің квиллинг деген түрімен айналысатындар. Қағазды жіңішке әрі ұзыншалап қиып, оны шиыршықтап (спираль тәрізді), түрлі формаға келтіріп жаңа дүние жасайтын қолөнерді квиллинг деп атайды. Шиыршықталған қағаздан әдемі гүлдерден бастап, сан түрлі ою - өрнекті ғажап дүниелерді жасауға болады. Тек қиялыңызға ерік беріп, жаныңызға жақынды тани алсаңыз болғаны.

XV - ХVІ ғасырларда квиллинг үлкен өнер саналса, ХІХ ғасырда ол тек әйел затының ермегі болып қалды. Одан кейін мүлде ұмыт болған қолөнердің бұл түрі кейінгі уақытта қайта жанданып, кеңінен таныла бастады.
Біреулер шиыршықталған қағаздан алуан түрлі бұйымдар жасау орта ғасырларда Еуропа елдерінде дамыған десе, енді біреулер оны Таяу Шығыстан бастау алған дегенді алға тартады. Сондай - ақ бұл өнердің шыққан жері – Ежелгі Египет дейтіндер де кездеседі. Дегенмен, бұл айтылғандарға қарамастан, квиллингтің отаны негізінен Оңтүстік Корея саналады. Бүгінде бұл елде қағаздан түрлі бұйымдар жасаушылардың үлкен Ассоциациясы да жұмыс істейді.

Корей елінде дамыған қағаз шиыршықтау өнері еуропалықтардікінен сәл өзгешелеу. Еуропалықтар шиыршықталған қағаздарды барынша аз пайдаланып, құрастыру әдіс - тәсілі мейлінше қарапайым бұйымдар жасауды жөн көреді. Сондай - ақ шиыршықталған қағаздан жасалған әдемі гүлдер мен түрлі өрнектерді суреттер мен фотоальбомдарды сәндеуге кеңінен қолданады. Ал шығыс шеберлері болса, керісінше, қарапайымнан көрі барынша күрделі дүние жасауға құмар. Оны қағаз шиыршықтаудағы қолданатын құрал - жабдықтарынан - ақ байқауға да болады. Шығыс шеберлері қағазды жіңішке бізге немесе инеге ораса, еуропалықтар бұған жіңішке таяқшалар қолданады екен. Шиыршықталған қағаз ораған құралына орай әр түрлі сипатта болатыны сөзсіз, онда да үлкен айырмашылық байқалады. Квиллинг өнері осылай барынша жіңішке таяқшаға қағазды шиыршықтап орай отырып, түрлі кереметтер тудырады. Міне, түрлі - түсті қағаз бен желімді пайдаланып және қиялыңызға ерік беріп, үлкен дүниелер жасауға болады.

Жобаның мақсаты: Осы тақырыпты оқушыларға толық меңгерту, оның жасалу техникасын үйрету. Осы жұмыс бойынша балаға өмірлік өзіне қажетті бұйымды тәжірибе жүзінде жасап, қолданысқа қолдану үшін
Жобаның міндеттері:
- қағазбен жұмыс жасау;
- қағазбен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау;
- бұл жұмыстың тарихымен танысу;
- бұл жұмыста қолданылатын құрал - жабдықтармен жұмыс жасай білу;
- үйрену барысында, оны іс жүзінде қолдану;

ІІ. Негізгі бөлім
1. Квиллинг туралы мағлұматтар.
Квиллинг — қағазды жіңішке әрі ұзыншалап қиып, оны шиыршықтап (спираль тәрізді), түрлі формаға келтіріп жасайтын қолөнер жұмысы. Қағаздан жасалатын осынау әдемі бұйымдарды сынақтан өткізбек болдық. Қажетті құрал — жабдықтар: түрлі - түсті қағаздар, қайшы, желім, сызғыш, жіңішке таяқша және аз - маз фантазия.
1. Қағаздарды ұзыншалап бірдей етіп кесеміз.
2. Жіңішке қағаздарды нығыздап таяқшаға ораймыз.
3. Оралған қағазды таяқшадан суырып, соңын желімдеп жабыстырамыз. Сонда бізде мынадай формалар шығуы керек.
4. Осы формаларды жинақтап, бір - біріне желімдей отырып, фантазияны іске қосып, әдемі бұйым жасаймыз.
5. Міне, бары осы, шыршаға ілетіндей етіп, ілмегін жасап қойдым. Өзіме қатты ұнайды.

Дәл осылай, түрлі - түсті қағаздан жасалған формаларды да пайдаланып, гүл, ойыншық жасауға немесе құттықтау қағаздарының да сыртын әсемдеуге болады.

2. Жұмыс жасауға қажетті құрал - жабдықтар
Қағаз – өсімдік талшықтарын белгілі бір тәсілмен өңдеу және бір - бірімен ұйыстыра байланыстыру арқылы жұқа парақ түрінде жасалатын материал. Италиянша bambagіa, яғни мақта деген ұғымды білдіреді; кейін осыдан барып қағаз сөзі өмірге келді.

Қағаз өндіру
Қағаз өндіру үшін әр түрлі ағаштар мен бір жылдық өсімдіктер целлюлозасы және ағаш массасы (уатылған ағашқа су араластырылған талшықты қойыртпақ) жұмсалады. Қасиетін жоғарылату үшін қағаз массасына (қағаз және картон жасау үшін пайдаланылатын ұнтақталған талшықты материалдар, су, үстемелер, бояғыш, желімдегіш заттар қоспасы) қосымша минералдық үстемелер қосады: минералдық заттар (каолин, тальк, т. б.) қағаз түсін ағартады, тығыздығы мен тегістігін арттырады және жақсы баспалық қасиеттер (мөлдір емес, бояу жұғатын, т. б.) береді; желімдік материалдар (канифоль желім, крахмал, шайыр, т. б.) қағаздың сия сормайтын қасиетін және парақтың беріктігі мен тығыздығын арттырады; кейбір қағаз түрлерін жасауда бояғыштар, химиялық талшықтар, т. б. қолданылады.

Тарихы
Қағаз тұңғыш рет 2 - ғасырда Қытайда жасалды, Еуропада 11 – 12 - ғасырларда пайда болды. Оған негізгі материал ретінде зығыр, мақта, кендір пайдаланылды. Қағаз өндіру кітап басу мүмкіндігі ашылғаннан кейін қауырт дамыды. 17 – 18 - ғасырлар аралығында Голландияда ұнтақтауыш жаңа аппараттың – роллдың жасалуы және француздық Николас Луи Робер ұсынған (1799) механикалық әдіспен үздіксіз қағаз құю әдісі шыққаннан бастап, машиналық өндіріс пайда болды. Шикізат есебінде ағаш, целлюлоза талшықтары қолданылды.

Қағаздар.
Қағаздың 600 - ден астам түрі бар. Қағаз 11 топқа бөлінеді:
1. баспалық қағаз (баспаханалық, офсеттік, иллюстрациялық, картографиялық, т. б.) – тегістігімен, түсінің ақтығымен ерекшеленеді, баспа бояуы жақсы жұғылады. Тұсқағаздар мен газеттік қағаздар да осы топқа кіреді.
2. Жазбалық қағаз (жазуға, конверттік, карточкалық, т. б. поштаға арналған қағаздар) – бетінің жылтырлығымен, жақсы желімделгіштігімен және сия сормайтындығымен ерекшеленеді.
3. Сызба және сурет салу қағазы (сурет салу, сызба сызу қағаздары, сызбалық мөлдір және калькалық), әдетте толтырғышсыз (немесе аздап қосылған) массадан жасалады. Мөлдір болу үшін кейбір сорттары көбірек суланып, жоғары қысыммен каландрленеді. Электр оқшаулағыш қағаздың (конденсаторлық, кабельдік, телефондық, оқшаулағыш - орамдық, т. б.) механикалық беріктігі жоғары әрі жақсы диэлектрлік қасиеттерімен сипатталады.
4. Сіңіргіш қағаз (сүзгілік, сорғыштық, т. б.) фибра, жарғақ, санитарлық - гигиеналық бұйымдар, т. б. өндіру үшін қолданылады. Бұлар кеуектеу келеді де, сұйықты жақсы сіңіреді.
5. Аппараттық қағаз (таспалық, перфокарталық, т. б.) өте жоғары механикалық беріктігімен сипатталады. Жарық сезгіш қағаз фотографиялық және жарықпен көшіруге қажетті, т. б. қағаз жасауға пайдаланылады.
6. Көшірмелік қағаз арнайы өңделіп дайындалады.
7. Орамдық қағаз тағамдық және өнеркәсіптік бұйымдарды орауға, бууға, т. б. пайдаланылады. Бұлар берік талшықты материалдардан және өндіріс қалдықтарынан жасалады.
8. Өнеркәсіптік - техникалық қағаз патрон, зімпара, диффузор жасауға, жіпке қосуға, дыбыс жазуға қолданылады. Қағаз массасын дайындау бірнеше сатыдан өтеді: талшықты материалдарды ұнтақтау, талшық түріне орай құрам дайындау, массаны бояу, желімдік ерітінді және үстемелер даярлау, т. б.
Талшықты материалдарды ұнтақтау – қағаз өндірісіндегі басты операцияның бірі. Ол үздікті не үздіксіз істейтін аппараттармен жүргізіледі. Ұнтақталған талшық суспензиясына қажетті қосымша заттар қосылып, қағаз массасы тиісті мөлшерге дейін сумен сұйытылады да, аппараттарда тазаланып, қағаз машинасына жіберіледі. [1]

Қағаз пішімі
Қағаз пішімі (орысша: формат бумаги) — см. өлшемінде берілген стандартты қағаз табағының ені мен ұзындығы: 60x90; 70x90; 70x108; 84x108; 90x120 т. б. қ. п болады.
Қағазды климатқа бейімдеу
Қағазды климатқа бейімдеу (орысша: акклиматизация бумаги) - сырттан әкелінген қағазды өңдеу, басу цехтарының климатына бейімдеу. Қағаздың ылғалдылығын, температурасын тиісті дәрежеге келтіру үшін бұл операция арнайы аспалы құрылғыда атқарылады.
Қағазды кондиционерлеу
Қағазды кондиционерлеу (ор. кондиционирование бумаги) басуға дайындалған қағазға арнайы құрылғыларда бөлмедегі ылғал және температура параметрлеріне сәйкес қажетті ылғалдық беру.[2]

ОҚО, Қазығұрт ауданы,
Т. Рысқұлов мектеп - лицейі
Бастауыш сынып мұғалімі
Кабланова Жазира

Толық нұсқасын жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
Өз пікіріңді білдір
5 күндік оқу кестесі дұрыс па?
Ия керемет
Бұрыннан күткем
Еш өзгеріс келтірмеді
Маған бәрібір
Жоқ бұрынғысы дұрыс еді
Сайтта кім бар
Барлығы: 53
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 52
Роботтар: 2
Elvira Meiramovna
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика