Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тойға арналған тілектер

02 қыркүйек 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Сценарий
Авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ, Қызылорда қаласы

Тойға арналған тілектер

Ұзатты бүгін жар ғып боталарын


Отбасы - адалдық пен алғыс бағы,
Қос жүректің сүюі, жан құштары.
Балапандай көруші ек сені өмірде,
Ұядан тұрсың ба енді сен де ұшқалы.

Деген - ді бәрі сені еркелесін,
Солардың көз алдында сен келесің.
Саған да ұсынды ма мына өмір
Киелі келін болу мәртебесін.

Гүлі едің аялаған ата - ананың,
Ұзатты бүгін жар ғып боталарын.
Тәлімін көріп сен де өз жұртыңның,
Белгілі жақсы келін атанарың.

Артыңда қалып барады бала мекен,
Ұзатпай қыз бақытын таба ма екен.
Барасың ұзатылып, қызға өмірде,
Өзге жол бұдан бөтен бола ма екен.

Жар болар бақыт жолын танығасын,
Өмірдің заңына осы бағынасың.
Сен тіккен ақ отаудың түңлігінен,
Әрдайым бақ сәулесі жамырасын!

Жүзіңде сол бақ сәуле күліп тұрсын!
Жар көңіл жар көңілін ұғып тұрсын!
Ақ отау саған бақыт сыйлап әр кез,
Мәңгілік қос жүректі біріктірсін!

Көзіңнен шаттық болып күн кетпесін!
Жүректе қуаныш боп гүл көктесін!
Бақыт боп ән төгілсін лебізіңнен,
Көкейден соны жырлар жыр кетпесін!

Артыңда қалып барады балғын мекен,
Бақ даңғыл күтсін сені алдыңда кең!
Барасың ұзатылып, қызға өмірде
Болуы мүмкін де емес жолдың бөтен.

Ұзайды қыз өмірдің бағын ұғып,
Жар болар өз жарының жанын ұғып.
Сыйлы бол шаңырағыңа барған жерде,
Алдыңнан жансын бақтың шамы күліп!

Келген соң екі жақ бір келісімге,
Кеңейер қыз арқылы өрісің де.
Бақытты болсыншы деп сені өмірде,
Толқып тұр бар жақының сен үшін де!..

Дәстүрінің жолыменен ұл да бүгін үйленді

Ұластырып бір шаттыққа күндері мен түндерін,
Ілестіріп қуанышқа думан сүйер дүрмегін.
Бабалары шежірелі тектен тарап өрбіген
Бір әулетке түсіп жатыр тағы, міне, бір келін.

Той - думанның жарық болды тағы да енді жұлдызы,
Бір әулеттің бөліскелі жиналды оны ұл - қызы.
Түсіп жатыр келін болып, ол да жақсы атаның
Ұрпағынан тарайтұғын тәлім көрген бір қызы.

Бұл әулет те той сәнімен дәл осылай күйге енді,
Дәстүрінің жолыменен ұл да бүгін үйленді.
Жақындары тілектес боп шаттанды да, қуанды,
Анасы да, міне, өмірде ене болды сыйлы енді.

Куә болды осы тойға ұл менен қыз қараған,
Той сәні боп көкте шалқып, қалықтап бір барады ән.
Бүгін, міне, қосылып отыр жұбай болып екі жас,
Жүректері шын сезіммен бірін - бірі қалаған.

Енді олардың бірге өмірі, әнге толы бір кеші,
Енді олардың ортақ алар өмірдегі жүлдесі.
Жас отаудың сондықтан да шаңырағы асқақ боп,
Дейді ағайын: ақ отаудың берік болсын іргесі!

Атаның да, әженің де осы болар құптары,
Солардан ғой жұбайлардың бата - тілек ұққаны.
Сол батамен ақ отауға бақыт құсы қонақтап,
Екеуінің мәңгі өмірде жазылмасын жұптары!

Махаббаттың аппақ құсы көрінген соң айдыннан,
Шаттық күннің дастарқанын тілекші ғып жайдырған.
Бір әулеттің күллі адамын қуанышқа бөлеген
Жалғастығын таба берсін дәл осындай той - думан!
25 190
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Құт болсын бақытыңның орамалы
Құт болсын бақытыңның орамалы
Демейміз күн күңгірт боп, таң адасты, Сонда да, әпке, шаттық, мұң араласты. Біздің үйден басталған бір соқпақ жол Сені бізден бақытқа ала қашты. Ала қашты, қайтейік, шаттығыңа, Ұзатып салды өзіңді бақ қырына. Қарамайды екен - ау қыз бақыты Босағаның
Ақ отауы - болашақтың бағы шын
Ақ отауы - болашақтың бағы шын
Келешекке ой көзімен үңіліп, Жастық жүзден сезімі асқақ білініп, Бақытының кілті сонда екенін Ару жүрек іштей сезіп, ұғынып, Сол мақсаттың баян жолын арман ғып, Екі елді мың жылдыққа жалғантып, Өзі туып - өскен бүгін әулетке Той қылдырып, әрі тағы
Ұл
Ұл
Авторы: Ғабиден ҚОЖАХМЕТ, Қызылорда қаласы
Ұзатып ақ тілекпен ерке құсын...
Ұзатып ақ тілекпен ерке құсын...
Тілейді әке ұлға да - ырыс, қызға - бақ, Соны ойласа, талай кеуде сыздамақ. Шаңырақтың иесі егер болса ұл, Қыз - еркесі, қыз - өрісі, қыз - қонақ. Сыйластықпен талай көңіл ұғысқан, Дәстүр үшін ұстанса егер ұл ұстам. Талай қыз да әкеге сай болам деп,
Ибамен құйған шайына, көпшілік берсе алғысын
Ибамен құйған шайына, көпшілік берсе алғысын
Авторы: Ғабиден ҚОЖАХМЕТ, Қызылорда қаласы
Ана
Ана
Авторы: Ғабиден ҚОЖАХМЕТ, Қызылорда қаласы.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×