Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ана

12 қаңтар 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Ақын-жазушылар
Авторы: Ғабиден ҚОЖАХМЕТ, Қызылорда қаласы.

АНА
Уайым жеп біз үшін алаңдады,
Болсын дейді өмірде саған бәрі.
Сенде болсын дейді ол бар жақсылық,
Қандай жақсы өмірде анаң бары.

Мейірімі оның ұқсайды таң нұрына,
Ерітетін әлдиі жанды мына.
Күлкісінде шаттық бар сәби көрсең,
Қуан, Адам, анасы барлығына.

Анасы бар сәбидің "ұлым!" дейтін,
Соны ойласа, жанары күлімдейтін.
Отыратын жан ғой ол тәлім айтып,
Бесіктен - ақ соны өзің ұғын дейтін.

Анасы бар сәбидің "қызым!" дейтін,
Бақыты да сонымен үзілмейтін.
Бір кездегі болмысын содан көріп,
Жымиятын, сол үшін көз ілмейтін.

Анаң бары жақсы ғой "балам" дейтін,
Қолда бардың барлығы саған дейтін.
Хабарыңды беріп тұр, қарашығым,
Сені ойласам - көңілім алаң дейтін.

Анаң бары жақсы ғой "ботам" дейтін,
Көз ілсем де, сені ойлап жатам дейтін.
Сен ауырсаң, құлыным, бұл тірліктің
Кермек дәмін алдымен татам дейтін.

Баланы ойлап, тілейтін соның бағын,
Соның бағы шырақ боп жағылғанын
Қалайтұғын ана ғой қашанда да,
Перзент үшін жақсы екен Сенің барың.

Тіршіліктің таратып содан бәрін,
Мына өмірдің сіңірді саған нәрін.
Ол күн сайын сен жайлы мың толғанар,
Сен де ойлай жүр күніге анаң барын.
4 685
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Отыз жыл болды ұядан ұшқан күнге
Отыз жыл болды ұядан ұшқан күнге
Отыз дейтін шамшырағы тұр өрде, Дегендей - ақ өткен жолды түгенде. Кеше олар іні болып еді баршаға, Өздері енді аға боп жүр біреуге.
Ұл
Ұл
Авторы: Ғабиден ҚОЖАХМЕТ, Қызылорда қаласы
Тойға арналған тілектер
Тойға арналған тілектер
Авторы: Ғабиден ҚОЖАХМЕТ, Қызылорда қаласы
Ұзатып ақ тілекпен ерке құсын...
Ұзатып ақ тілекпен ерке құсын...
Тілейді әке ұлға да - ырыс, қызға - бақ, Соны ойласа, талай кеуде сыздамақ. Шаңырақтың иесі егер болса ұл, Қыз - еркесі, қыз - өрісі, қыз - қонақ. Сыйластықпен талай көңіл ұғысқан, Дәстүр үшін ұстанса егер ұл ұстам. Талай қыз да әкеге сай болам деп,
«Әдебиет теориясы» бейіндік курсына арналған көмекші құрал
«Әдебиет теориясы» бейіндік курсына арналған көмекші құрал
«Сәтбаев қаласындағы №3 орта мектебі»КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алпысова Ә. Д.
Айналайын, ана, мерекеңізбен!"
Айналайын, ана, мерекеңізбен!"
Павлодар қаласы,Қ.Бекқожин атындағы №12 ЖОМ Бастауыш сынып мұғалімі Жомартова Назым Нурхасымовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×