Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұзатып ақ тілекпен ерке құсын...

22 маусым 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Сценарий
Ұзатып ақ тілекпен ерке құсын, жадында қыздарының жүреді Әке

Әкесінің қызы

- Папамның мойнына мініп аламын, - деді қыз. Бала күнімде папам мойнына мінгізіп жүретін, сол есіме түсіп кетеді де, мініп алып: "Папа, көтерші", - деймін. Сонан соң папам көтереді. Мұны көріп, мамам ұрсады: "Әкесінің мойнына мінген деген не сұмдық. Күні ертең күйеуге шыққалы отырып... Істе мына кухняның жұмысын".
- Мамам қаталдау ұстайды. Бірақ мен ас бөлменің жұмысының бәрін меңгеріп алғанмын. Ал папам айтады: "Қызым, ертең тұрмыс құрасың, сол кезде жолдасыңа сүйеніш бола біл. Семьяны алып кететін жігіт өзі әрі қарай алып кетеді, бірақ міндетті түрде сенің қолдауың керек. Өйткені жігіт адамды сыртта аяғынан шалушылар көп болады, сол кезде олармен бірге қосыла табаласпай, жолдасыңа қолдау білдіріп отыруың керек", - деп үйретеді.

Тілейді әке ұлға да - ырыс, қызға - бақ,
Соны ойласа, талай кеуде сыздамақ.
Шаңырақтың иесі егер болса ұл,
Қыз - еркесі, қыз - өрісі, қыз - қонақ.

Сыйластықпен талай көңіл ұғысқан,
Дәстүр үшін ұстанса егер ұл ұстам.
Талай қыз да әкеге сай болам деп,
Ұлдан бетер намысына тырысқан.

Жетелейді тіршіліктің толқыны,
Қыз дәурені - шығар қыздың төркіні.
"Жақсы әкенің қызы едің" дегенде,
Талай жүрек тебіренді, толқыды.

Бал күнді ойлап, көңіл кейде жасармақ,
Өткенімен қымбат өмір қашанда - ақ,
"Жақсы әкенің ізі едің" дегенде,
Талай жанар қалды ма екен жасаурап.

Әке, перзент - көңіл іштей ұғысты,
Сол ұғысу аша түсер тынысты.
Талай ару мына өмірде әкенің,
Жүзін жерге қаратпауға тырысты.

Демейді өмір аруды әр кез сынайық,
Тағуға да құмар емес мың айып.
Жақсы әкенің қыздары да сонда да,
Болу керек шығар соған лайық.

Қабағында арулардың күн күлсін,
Жан байлығын сол күлкісі білдірсін.
Талай әке тәліміне өз қызының,
Мақтанып та жүрген шығар, кім білсін.

Әке тілегі

Болған едім сырласың да, ақылшың,
Деуші ең әркез - Әке, қымбат, жақынсың.
Балдәуренің бойжетті де бір күнде,
Туған үйден ұзап бара жатырсың.

Өмір деген - ойлағанға өр теңіз,
Балалығың, бал қылығың - көркем із.
Есейіпті Әкесінің алдынан
Кеше күліп жүгіретін ерке қыз.

Сырғиды екен көз ілеспей уақыт тым,
Сен деп мына өмір дәмін татыппын.
Жарыңменен қол ұстасқан сапарың
Апарсыншы айдынына бақыттың!

Тоқтамасын сол сапарда өр кемең,
Бірге күліп, бірге қуан елменен.
Шұғылалы, мынау ғажап дүниеге
Сен бақытты болу үшін келген ең.

Сыңарыңмен қол ұстасқан бүгінің
Жалғастырсын ертеңіңнің ғұмырын.
Бірге бөліс қиындығын өмірдің,
Бірге қадас отауыңның уығын.

Тілегі осы саған айтар Әкенің,
Бойға жима жат қылықтың бөтенін.
Ұғына біл мына өмірде алдымен
Жар болудың биік ұғым екенін.

Қызға міндет өмір осы жүктеген,
Сені алдан тосып тұрсын құт - мекен.
Буалдыр боп кетті Әкеңнің жанары,
Менен гөрі қайта анаң мықты екен...

Авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы
3 884
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Көңіліңе астамшылық алма
Көңіліңе астамшылық алма
Ертеде бір патша болыпты. Сол патша қанша кітап сөзін, құран сөзін білетін білімі терең кісі болыпты. Бір күні ескіше қазақ кітабын ашып отырған кезінде «адам баласы қандай жүйрік болса да, кемшілік келейін десе, оңай екен» деген сөзді тауып алады.
Екі дос
Екі дос
Бір күні екі дос орманда келе жатады. Кенеттен алдарынан бір аю шыға келеді. Сол кезде біреуі қаша жөнеледі, екіншісі талға өрмелеп жасырынып қалады. Қашқан жігіт ортада қалып кетеді.
Үш қыз
Үш қыз
Бір кедей әйелдің үш қызы болыпты. Солардың қарнын тойдырып, киіндіріп, қатарынан кем қылмай өсіру үшін әйел күндіз - түні тыным таппай еңбектеніпті.
Мамандықтың бәрі жақсы
Мамандықтың бәрі жақсы
Әртүрлі мамандықтармен таныстыру; ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту; мамандық иелерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Үш қыз (ертегі)
Үш қыз (ертегі)
№5 орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі: Дәрменқұлова Ләззат Жұмамұратқызы
Ақылды қыз (Ертегі)
Ақылды қыз (Ертегі)
Байқоңыр қаласы, Қ.Х.Тоқмұхамедов атындағы №14 бастауыш мектебінің 2 «Б» сынып оқушысы Мұхамедқалиева Сымбат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×