Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Азаттық деген - болашақ

12 желтоқсан 2015, Сенбі
Категориясы: Сценарий
Азаттық деген - болашақ

Азаттық деген не десең,
Арманы елдің жайдары.
Кеңеюі үшін керегең
Кеңескен баба ойлары.

Шайқас қып майдан алаңын
Ұлдарың жүрді үнемі.
Азаттық сол кез ананың
Тілеген аппақ тілегі.

Оята берер әр таң боп,
Азаттық - ұлттың жүрегі.
Ол елге бір кез қалқан боп
Қорғаған ердің білегі.

Азаттық десіп шырқар мың -
Естіліп солай тұр үні.
Ол ерлер мінген тұлпардың
Тұяғының ыстық дүбірі.

Санада жатқан сан жолы,
Өткеннің жоқ қой алысы.
Азаттық деген - ар жолы,
Қара көз қыздың намысы.

Азаттық жайлы сен де ұқтың,
Әлемге ол даңқын жаяды.
Кешегі ол өткен ерліктің
Бүгінгі нүкте, баяны.

Өткеннен алған тағылым
Азаттық деген - бүгінің.
Сәбиге берер тәлімің,
Сәбиге берер білімің.

Көтерер ертең желкенін
Бүгінгі сәби, бала шақ.
Азаттық деген - ертеңің,
Азаттық деген - болашақ.

Азаттық қымбат - соны ұқтың,
Ортақ ол жасқа, кәріге.
Әлемде әрбір халықтың
Азаттық қымбат бәріне.

Авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы
5 191
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Ұлт азаттық қозғалыстың барысы
Ұлт азаттық қозғалыстың барысы
ХХ ғасырдың басында қоғамдық – саяси қатынастардың дамуында үлкен өзгерістер туғызған саяси оқиғалар ахуалын түсіндіру;
Қазақстандағы ұлт – азаттық қозғалыстар
Қазақстандағы ұлт – азаттық қозғалыстар
XVIII - XIX ғ. екінші жартысындағы Ұлт азаттық күресте ел үшін жанын пида еткен қайраткерлердің ерлік істерін паш ету.
Тәуелсіздік
Тәуелсіздік
Тәуелсіздік Туғызып ұлы арманның ұлы күнін, Дегендей әр қазақтың бүгіні – Күн, Келіп еді мойындатып күллі әлемге Текті елдің тағы да бір ұлылығын.
Азаттық
Азаттық
Азаттық жайлы сен де ұқтың, Әлемге ол даңқын жаяды. Кешегі ол өткен ерліктің Бүгінгі нүкте, баяны.
1916 жылғы ұлт-азаттық  қозғалыс
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс
1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыстың себебі мен мақсаттарын талдайды және жетекші тұлғалардың еңбектерін сипаттап айта біледі.
Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ!
Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ!
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қарғалы ауылы, №241 Қ. Әбдіқадыров атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Құдиярова Зада
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×