Білімділер поралы

Жаңа жылға дайындық. Шырша дайындау

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы,
№45 «Ақ Орда» мектеп – гимназиясының
бейнелеу пәнінің мұғалімі Шаймерден Азатхан Серікұлы

Сабақтың тақырыбы: Жаңа жылға дайындық. Шырша дайындау
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Шырша туралы мағлұмат беру. Оқушыларға шыршаның жасалу жолдырын үйрету;
2. Дамытушылығы: Оқушылардың танымдық қабілетін, ой - өрісін, өзіндік іс - әрекетін, шығармашылық қабілетін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын, таным белсенділігін арттыру;
3. Тәрбиелілігі: Ұқыпты, таза, әдемі жұмыс жасауға үйрету. Еңбекқорлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу;
Көрнекілігі: интерактивті тақта, қауіпсіздік ережелері
Түрі: Аралас сабақ
Типі: Жаңа білімді игерту
Әдісі: топпен жұмыс, түсіндірі, сұрақ - жауап, «Қар жинау» ойыны, сто элементтері
Пәнаралық байланыс: Математика, еңбек, бейнелеу, дүниетану
Қажетті құрал - жабдықтар: қалам, өшіргіш, түрлі - түсті қағаз, қайшы, желім, таспа жіп түрлері

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;
Б) Топқа бөлу, топ басшысын сайлау;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
“Шалғында” композициясын құрастыру

ІІІ. Өткен сабақты бекіту
«Қар жинау» ойыны арқылы бекіту.
1. Композиция дегеніміз не?
2. Композиция қандай бөлшектерден тұрады?
3. Композицияға қандай сәнді өрнектер қосуға болады?
4. Аппликация дегеніміз не?
5. Заттық аппликация дегеніміз не?
6. Сюжетті аппликация дегеніміз не?
7. Оригами дегеніміз не?

ІҮ. Қызығушылығын ояту
«Ой қозғау» әдісі
- Балалар біз қандай ойын ойнадық?
- Балалар қар жылдың қай мезгілінде болады?
Қысқы мейрамдар қандай?
- Қыста аңдар қалай күн көреді?
- Қыс мезгілінде қандай аңдар ұйықтайды?
Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Жыл мезгілі нешеге бөлінеді?
- Қыс айларын ата
Топпен жұмыс. (топтастыру)
1 - топ Қыс мезгілі
2 - топ Қысқы ойындар
3 - топ Қысқы еңбек түрлері
«Поэзия минуты»
Қыс мезгіліне байланысты тақпақтарын айту.

Ү. Мағынаны ашу
Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді оқушыларға тізбектеп оқыту.
Дәптерлеріне күннің ретімен, жаңа сабақтың тақырыбын жазу.
Жұмбақты шеш:
Жасыл ине киімім,
Жайлаймын тау биігін.
Жаңа жылды тойласаң,
Төріндемін үйіңнің. (шырша)
Шырша туралы мағлұмат беру.

Шырша (лат. Pіcea) – қарағай тұқымдасына жататын қылқан жапырақты, мәңгі жасыл ағаш. Шыршаның барлық түрі күн көзін жақсы көреді. Сұрыпты түрлері
жеңіл топырақты, ық жерлерде жақсы өседі. Жыл сайын сынған, майысқан бұтақтарын кесіп, реттеп отыру керек. Шырша – қарағай тұқымдасына жататын биіктігі 30 - 50 м, баяу өсетін қылқанжапырақты ағаш. 15 - 20 жылға дейін өте жай, кейін жылына 30 см - ге дейін өсетін болады. Мәңгі жасыл өсімдік болғанымен, 6 - 12 жылда қылқандарын кезекпен түсіріп, жаңарып отырады. Өсе келе жан - жағына Жайыла түсетіндіктен, олардың бір - бірінен немесе өзге ағаштардан арақашықтығы кемінде 6 м болғаны дұрыс. Шыршаны ауа тазартатын ерекше қасиетіне қарай, аурухана, шипажайлардың маңына көптеп еккен дұрыс. Шыршаның түрі өте көп. Шығыс Шыршасының қылқаны сары немесе алтын түстес, ине қылқанды шыршаныкі көк, көкшіл, еуропалық шыршаның қылқаны қою жасыл, балқандық шыршаныкі күміс түсті немесе сұр болады. Дүние жүзінде 50 - ге жуық түрі бар. Түрлеріне қарай 50 - 150 жыл аралығында өмір сүреді. Олардың арасында бойы бір метрден аспайтындары да бар. Шыршаның ағашы жұмсақ, жеңіл және мықты емес. Сондықтан құрылыста, ағашты қайта өңдеуде қолданылады. Шыршадан жасалған музыкалық аспаптардың дауысы керемет болады. Шыршаны жол жиектеріне жел ұстағыш ретінде егеді. Тұқымы орман құстары мен кеміргіштеріне тамақ ретінде қызмет етеді. Діңінің қабығы тері илеуде қолданылады. Көптеген елдерде жаңа жыл ағашы ретінде танымал.

ҮІ. Сарамандық жұмыс
Қайшымен жұмыс істеу ережесін сұрау.
1. Қағазды қиған кезде қайшыны емес, қағаз парағын жылжыт.
Сол қолыңның саусақтарына абай бол.
2. Қайшының ұшын жоғары қаратып ұстама.
3. Қайшыны біреуге бергенде, жабық күйінде бер.
Қайшының сап жағын оны беретін адамға қаратып ұста.
4. Жұмыс біткен соң, қайшыны арнаулы қорапшаға салып қой.
- Қане балалар көмектесейік. Әдемі шыршаны жапсырмалау үшін түс таңдайық. Шырша қандай түс болатын еді?
- Жасыл түс
- Дұрыс айтасыңдар. Енді қағазды қиып алайық. Қиып алған қағаздарымыз неге ұқсайды?
- Үшбұрышқа, пирамидаға.
- Аққала, шырша, жұлдыз бейнелері қандай пішіндер?
- Геометриялық пішіндер.

Сергіту сәті
Шаңғыменен сырғанап,
Боран болып уілдейміз.
Қар болып жапалақтап,
Бұршақ болып түсеміз.

Сабақты бекіту:
- Балалар біз бүгін нені жапсырмаладық.
- Шыршаны жапсырмаладық.
- Шыршаны немен безендірдік.
- Әдемі ойыншықтармен.
- Безендіруге қандай құралдарды пайдаландық.
- Түрлі түсті қағаз, желім.
Балалар ойын ойнап үйге қайтайық.

ҮІІІ. Бағалау
Оқушылардың жетістіктерін айтып бағалау.
ІХ. Үйге тапсырма: Шырша және шырша ойыншықтарын жасап келу.
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Бәйге бөлімі
  • Мәтін, мәтіндік блоктарды құру

    Оқушыларды Macromedia Flash бағдарламасында мәтінмен жұмыс жасауды үйрету; Оқушыларды мәтінмен жұмыс жасау туралы білімдерін қалыптастыру
  • Мағжан Жұмабаев «Сүйемін» өлеңі

    Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы жалпы мағлұмат алуға, танып - білуге қызықтыру, «Сүйемін» өлеңінің идеясы мен тақырыбын түсінуге және өлең құрылысын жан - жақты талдай білуге, сын ...
  • Қайталау. 400 - 406 - жаттығулар

    Оқушыларды қазақ халқының дәстүріне деген сүйіспеншілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.
  • Қош келдің – әз Наурыз!

    Наурыз қазақтың ұлттық мейрам екенін ашып көрсету; балалардың санасына халқына деген мақтаныш сезім ұялату; мерекеге байланысты ұлағатты сөздердің мағынасына қарай балаларды адамгершілікке, елін, ...
  • Спортпен айналысамыз

    Берілген материалдың мағынасын түсінеді, сөздерді жіктейді, есімдіктерді, демеулік шылауларды атап, мысалдар келтіре алады.
  • Би музыкасы

    Қазақ халқының салт - дәстүріндегі бидің алатын орны, Шара Жиенқұлованың өмірімен және билерімен танысу. Оқушылардың музыка пәніне қызығушылығын дамыту, сүйіспеншілігін ояту арқылы әсемдікке ...
  • «Getting from A to B. Travel and transport» «А - дан Б - ге жету. Саяхат пен көлік

    - саяхат түрлері мен көліктерді сипаттай алады; - көліктің түрлерін ажыратып, олардың атқаратын қызметтерін атап береді.
  • Республиканың 1965 - 1985 жылдардағы қоғамдық - саяси өмірі

    Республиканың 1965 - 1985 жылдардағы қоғамдық - саяси өмірі жеке, жұптық, топтық жұмыс жасай отырып, өздігінен білім алады
Үздік жаңалықтар
Өз пікіріңді білдір
Қанша жалақы аласыз?
25000-35000
35000-45000
45000-55000
55000-75000
75000-100000
100000-250000
Сайтта кім бар
Барлығы: 20
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 20
Роботтар: 3
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • БГК
    Жазған: БГК
  • Венерок
    Жазған: Венерок
  • guizira1983
    Жазған: guizira1983
  • Кеулимжай
    Жазған: Кеулимжай
  • Арнұр
    Жазған: Арнұр
    Мына жаңалықта: Қимылды ойындар
  • ALTUH79
    Жазған: ALTUH79
  • Aiman Bolatbek
    Жазған: Aiman Bolatbek
  • Гүлнар Жолдасова
  • aiboll
    Жазған: aiboll
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика