Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақын көп, Фариза жалғыз

14 наурыз 2014, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Ақын көп, Фариза жалғыз»
(Ақын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған әдеби - сазды кеш)
«Фариза апамыз поэзияға қанат қағып алғаш қосылған кезден бастап, бүгінгі қазақ поэзиясының падишасына айналып, бүкіл өмірін шығармашылыққа арнады» (Нұрсұлтан Назарбаев)

Мақсаты: Күні кеше ғана дүниеден поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың шығармашылық өміріне талдау жасай отырып, балалардың сөз өнеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, ақынның шығармаларын насихаттау.

Мейірхан: Поэзия – қасиетті ұғым. Ол — адамның ішкі сезімінің тіл жетпес тылсымында жатқан әсем әлемі. Жеке адамның ешкімге айтпас құпия қастерлі ішкі сыры. Поэзия тек қана ішкі дүние ғана емес, адам жанының алаулаған алтын жалыны. Поэзия – тарихтан да, тіпті философиядан да жоғары екенін бағзы заманнан - ақ ұлы Аристотель айтып бергені мәлім. Поэзия – әлемнің жыршысы, ақылдың айнасы, халық мұңы, өнердің шыңы.

Айдана: Ғабит Мүсірепов айтқандай: «Біреудің бағы – тілінде, Біреудің бағы – уысында»- демекші осы аталған бақтар бұйырған поэзия ауылындағы қарагөз нәзік жандылар қаншама десеңші! Қазақ қыздарының поэзиясы туралы тілге тиек еткенімізде алғашқы болып, поэзия шолпаны Фаризаны атаймыз. Фариза туралы пікірлер толассыз. Соның бірі жазушы Шерхан Мұртаза: Қазақта ақын көп, Фариза жалғыз. Жаңа туған айдың жанында жалғыз жұлдыз ерекше жарқырап тұрады. Періште жұлдыз сияқты. Ақындығы да, жаратылысы да ерекше, ешкімге ұқсамайды. Ақын жалғыз. Перзенттері сансыз. Олар миллиондардың жүрегін жылытады, жандарын жадыратады. Перзенттері сонысымен құдіретті.

Мейірхан: Фариза сонау Нарын құмының арасында, асып - тасқан байлығы болмаса да өзіндік дәулеті бар отбасында дүниеге келген. Әкесі еліне сыйлы, ашық - жарқын адам болған. Ол әкесіне арнап көптеген өлеңдер шығарған. Фариза әкесінен жастай қалып, анасы Халиманың тәрбиесінде болады. Анасы көп сөйлемейтін, сөйлесе мақалдап сөйлейтін, аса ақылды, рухани қуатты, сұлу адам болған.

Айдана: Фариза апайымыздың сөзіне жазылған ана туралы әнді тыңдайық! Алдарыңызды кішкентай бүлдіршіндеріміз! Қарсы алыңыздар, Бекнұр мен Аружан!

Мейірхан: Өлең - өмір, өлең - сезім десек, сырлы лирикаға тән ерекшелік өмір құбылысын жүрек толқынысы мен шынайы тербеліс арқылы жеткізу болып табылады. Ендігі кезекті Фариза ақынның оқырман жүрегінен орын алған жырларына кезек береміз

Нұрәлі: Мен қорықпаймын
сұсты тұлғаларыңнан, асқарларым,
Жанартаулардан лапылдап шашқан жалын.
Көңіл - сұңқар емес пе – келеді ылғи
асқарлардан да әрі асып аспандағым.
Өршіп қайта жаныма от алмасам,
Мен әйтеуір құздардан жасқанбадым.

Дінислам: Сезем – талай жанардан жас парларын.
Тарлау жолда тайғанақ тастар барын.
Шырқау деген шыңдардан құлау емес,
Жасыма тек,
жас құсым – жақсы арманым!

Айару: Жастар –
жара түспеген жанына әлі
түсінгендей жанымды табынады;
менің асқақ әм мұңды жырларымды
іздеуі хақ солардың, сағынары...
Мен кешпеген дүние жоқ екенін
сезеді олар. Сезеді бәрі - бәрі,

Бейнебаян көрсету

Айдана: Қымбатты қауым, ендігі кезекті «Қазақстан - Орал» телеарнасына берейік! Тікелей эфирде «Поэзия падишасы» атты телебағдарлама. Сөз кезегі өзінде Миллена!

Миллена: - Рахмет, Айдана!
Шатқалдарында жар құздың,
Ақпан жалында қар - мұздың,
Көлденең көзден қорғарсын,
Жанымда жүрші, жалғызбын, осылай оқырманына өлең арнаған парасатты поэзияның падишасы Фариза ақын фәниден өтті. Қазақ Елінің маңдайына біткен жұлдыз сөнді...
Мұқағали мұңын шаққан ұлы тұлғаның қазасы әр қазақтың жанына батары сөзсіз. Қалай мақтасақ та, қалай жоқтасақ та лайықты тұлға. Қаза қайырлы болсын! Эфирде «Поэзия падишасы». Бағдарламаның қонақтарымен таныстырып өтейін. Қазақ поэзиясын зерттеуші жас ғалым Елеусинова Альбина, жас тарихшы Ихсанғалиева Саида. Көрермендер бағдарлама қонақтарына өз сұрақтарымызды қоя отырайық. Бір сұрақты өзім бастап қояйын. Альбина ханым, Фаризаның мықтылығы не деп ойлайсыз?

Альбина: Бұл сауалға жауаптың ең дұрысы — оның өлеңдерін оқу да, былайғы әлеммен салыстыру. Сонда оның қазақ поэзиясында ғана емес, әлем поэзиясында тұлғалық дәрежеге көтерілгенін, оның творчествосының ұлттық мұраға — ұлт, мемлекет мақтан ететін мұраға айналғанын сезінуге болады. Фариза өлеңге о бастан ешкімге ұқсамайтын күрделі де құдіретті болмыспен, тұлғаға тән тұтастықпен келді. Өмірге тек өзіне ғана тән көзбен — сезім, жүрек көзімен қарау, биіктікті өзіне тән, ерекше болмыспен сезінуден туындайтын поэзияның осындай бірегей құбылысы оның творчествосына үңіле білген кісіге ғана сезілмек. Фариза әлемі — әлі өзіміз сырына тереңдей қоймаған, бірақ айтулылардың бірі болып қазақпен бірге мәңгі жасайтын әлем.

Миллена:- Қымбатты көрермендер, микрофонды алып, сұрақтарыңызды қоя беріңіздер. Өзіңізді таныстырып өтсеңіз!

Арман: Менің атым – Арман. Мен сұрағымды Cаида ханымға қойғым келіп тұр. Фариза ақын сырт көзге қатал көрінеді. Ойындағысын жасырмай, тіке бетке айтатынын бәріміз білеміз. Ал, өлеңдері тұнып тұрған лирика. Оның лирикалық Мені барынша мейірімді, барынша ақжарқын, адамдарды ерекше жақсы көреді, сүйсе де, ренжісе де жасандылықтан ада. Егер шынымен қатал болған болса өмірдегі мінез бен өлеңдегі мінезінің сәйкес келмеуін немен түсіндіресіз?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
15 892
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ф. Оңғарсынова Әже өлеңі
Ф. Оңғарсынова Әже өлеңі
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды Ф. Оңғарсынова өмірімен, шығармашылығымен таныстыруды жалғастыру. «Ана» туралы өлеңді пысықтап, «Әже» өлеңімен таныстыру. Әжелерге деген құрметін, сезімдерін сөз арқылы жеткізе білуге, әжені сыйлай білуге
Фариза Оңғарсынова "Әже"
Фариза Оңғарсынова "Әже"
Қызылорда облысы, Арал қаласы № 220 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Зекенова Рима
"Әже"  Фариза Оңғарсынова
"Әже" Фариза Оңғарсынова
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай №3 орта мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Шонтыбаева Гүлшара
Фариза - поэзия гауһартасы
Фариза - поэзия гауһартасы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы, Опорный орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ләззат Қуанова Боранбайқызы
Фариза - поэзия гауһар тасы
Фариза - поэзия гауһар тасы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Боранқұл селосы, Опорный орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ләззат Қуанова Боранбайқызы
Фариза Оңғарсынова "Жылу"
Фариза Оңғарсынова "Жылу"
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, № 3 жалпы орта білім беретін мектеп КММ бастауыш сынып мұғалімі Жұмаханова Қасиет Бейсекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×