Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақ гүлдер

27 қыркүйек 2014, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Ақ гүлдер» акциясы

Мақсаты: а) Тәуелсіздікке қол жеткізуге септігін тигізген, жүрегі Отаным, Қазақстаным деп соққан желтоқсан құрбандарын еске алу.
ә) Оқушылардың бір - біріне жақсы қарым – қатынастарын қалыптастыру, аналарын сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Желтоқсан құрбандарының суреттері, нақыл сөздер, ақ гүлдер.

Барысы:
І. Кіріспе бөлім.
- «Желтоқсан оқиғасына» биыл 28 жыл толып отыр. Егемендігімізге 23 жыл болды. Тәуелсіздігімізді тәу етіп, жарқын болашаққа қадам бастық. Азаттық бізге оңай келген жоқ. Азаттық жолында талай боздақ құрбан болды. 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасының» құрбандарын сіздер білесіздер. (оқушылардың өздерінен сұрау).
- Оларды еске алып, ерліктерін елге мұра, ұрпаққа ұран ғып айта жүруіміз керек.

- Ерлікке тағзым ете білуіміз керек. Олардың ерліктерін есте сақтап, сол кездегі «Республика алаңы» қазір «желтоқсан алаңы» деп аталады. Алматыда Тәуелсіздік монументі ашылды. Желтоқсан құрбандарына көше, мектеп атаулары берілді. Бүгін біз де оларды еске алып, олардың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қоюымызға болады. Жол түсіп Алматы, Астана қалаларына барып жатсаңыздар міндетті түрде барады деп есептейміз.

- Бүгін осы оқиғаға байланысты «Ақ гүлдер» акциясын өткізгелі отырмыз.
«Ақ гүлдер» - өткенді еске түсіріп, алдағы жақсылыққа ұмтылар жылылықтың белгісі;
«Ақ гүлдер» - қанға боялған желтоқсан жастарының, арман еткен азаттықтың белгісі;
«Ақ гүлдер» - тазалық пен пәктіктің белгісі;

«Ақ гүлдер» - әр адамның жүрегіне сезім ұялатар қуаныштың белгісі.
- Гүл сыйлау әдебінің тарихы өте тереңде. Тіпті археологтардың зерттеуінше, адамдар гүлді алғаш қола дәуірінде де әсемдік құралы ретінде пайдаланыпты. Орта ғасырлық тарих беттеріне көз жүгіртсек, Еуропада соғыстан жеңіспен оралған сарбаздардың жолына кесілген гүлсабақтарын лақтыру, жаңа үйленген жастардың алдына раушан гүлінің күлтелерін шашу дәстүрі болған. Бұл –«Жолдарың гүлге орансын!» деген ақ тілектің белгісі. Міне осы сияқты гүлге қатысты ырым, дәстүрлердің барлығы өсімдіктің адам жанымен егіз екенін дәлелдейді. Бертін келе батырлардың төс белгісі ретінде гүлшоғырлары қадалса, ақсүйектен шыққан француз қыздары шаштарына әдемі гүл сидамдарын тағатын болған. Осылай кеудесіне, шашына таққан, қолына ұстаған, ауласына өсірген гүлдеріне қарап, халық кімнің кім екенін ажырата білген. Мәселен, аулада қызғалдақ өсіп тұрса, бұл үй – сұлтандікі болғаны. Сыйласқан адамына гүл беру арқылы сезім білдіру дәстүрі ғасырмен бірге жасасып келеді...

Гүл сыйлау әдебі. Гүл сыйлау арқылы – кез келген адамның ішкі сезімін оятуға болады. Гүлді балаға да, анаға да, қартқа да тарту етуге болады. Гүлді кез келген мерейтой немесе қуаныш иесіне оған деген құрметінің белгісі ретінде сыйға тартады. Қандай қымбат сыйлықтың қасында да гүлдің орны ерекше. Гүлдерді жылдың кез келген мерекесінде тарту етуге мүмкіндік зор. Бүгінде гүлдердің барлық түрін жылдың мезгіліне қарамастан сыйлауға болады. Гүл сыйлауда кейбір ере - желерді есте сақтаған дұрыс. Барлық адамға бірдей гүл сыйлауға бол - майды. Гүлдерді адамның жасына, жынысына, бойындағы қасиеттері - не қарап, бағалап барып тарту етеді. Сол үшін де алдымен гүл сыйлағыңыз келген адам қандай түсті ұнататынын біліп алғаныңыз жөн.

ІІ. Негізгі бөлім.
Ауылдың маңы болатын,
Аралап келем жерімді.
Кең жайып жібек қанатын
Жауыпты - ау гүлдер өңірді.

Көгілдір өлке бар аймақ,
Ғажайып әнге салады.
Болғанын жаздың хабарлап
Қарлығаш ұшып барады.

Қырқаға толған қызыл гүл,
Қараймын сонша қызыға.
Қай шоғын ғана үзіп бір
Сыйлармын әзіз анама.
Тұманбай Молдағалиев
- Оқушылар! Бүгін аналарымыз келіп отыр. Аналарымызға сұрақтар қоя отырайық. ( Оқушылар өздерінің сұрақтарын қояды).
- Ақ гүлдерді тілектерін айта отырып оқушылар аналарына, достарына, сыныптастарына сыйлайды.
Ән: Мереке күніңмен!
ІІІ. Қорытындылау.
3 535
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы баяндау, оқушыларды өз бетінше жұмыс жасауға, шығармашылыққа дағдыландыру, отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу
Желтоқсан желі
Желтоқсан желі
Бұл тәрбие сағаты 1986 ж. 16 - 17 желтоқсан күндері болған желтоқсан оқиғасына, онда бейбіт ереуілге шыққан, сонымен тарихта аты қалған желтоқсан көтерілісіне қатысушыларға, онда қаза болғандардың рухына арналады.
Тәуелсіздік – тұғыры
Тәуелсіздік – тұғыры
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Суықбұлақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Матина Жанар Ескендровна
Тәуелсіздік - ел тілегі
Тәуелсіздік - ел тілегі
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС-12 орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Тулебова Назира Джеткергеновна
Ар-намысым, қасіретім, қуанышым – Желтоқсан!
Ар-намысым, қасіретім, қуанышым – Желтоқсан!
ШҚО, Семей қаласы КМҚК «КҰРЫЛЫС КОЛЛЕДЖІ» Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Талгатбекова Назгуль Калыковна
1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары
1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары
1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасының себептерін сипатын, қозғаушы күштерін, ұлттық қақтығысты таныту Отанын сүюге достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Желтоқсан құрбандарының жасаған ерлігі үшін тағзым ете білуге баулу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×