Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуелсіздік – арымдай аңсар әнім

16 қазан 2012, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Тәуелсіздік – арымдай аңсар әнім»
Мақсаты: Айтыс өнері арқылы оқушыларды суырып салмалыққа баулу, оқушылардың Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, жас ұрпаққа ана тіліміздің тұғырының мықты болуының негізін қалаған бабаларымыздың айтқандарын оқыта отырып, өз ана тіліне, ұлтына деген құрмет, мақтаныш сезімдерін ояту.
Тәрбиелік: Егемендіктің қадірін түсінуге, тарих шежіресін білуге, салт-дәстүрді ұғынуға баулу.
Дамытушылық: өз ойын мазмұнды жеткізе білуге үйрету.
Көрнекілігі: қазақтың ұлттық аспабы домбыра

I-жүргізуші:
Тарихшыларымыздың нақты деректері бойынша Ресей сынды болып, державаға бодан болған 255 жыл ішінде Қазақстанда 300 рет саяси толқулар мен көтерілістер бой көтерді. Солардың ішінде 1986 ж 16-17-18 желтоқсан аралығындағы қазақ жастарының бейбіт толқуы тарихшыларымыздың атап өткен 300 рет көтерілістің ең соңғысы, бірақ маңыздылығы жағынан қазақ тарихының жарқын беттеріне алтын әріппен жазылатын, халықтың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан азаттық күресінің жалғасы болғанын көрсетті.

II-жүргізуші:
Бұл тарихымызда ерекше орны бар бәріміз куәсі болған халқымыздың қасіретті мен ар-намысына, сонымен қатар мақтанышына айналған оқиға. Бұл әнұран сөздері дүниеге келіп егеменді ел атануымызға, біздің халқымыздың басынан қиындықтар мен қатыгез жаулардың небір сұмдық оқиғалары өтті. Бұл қазақ халқымның ары мен намысына тағдыры мен тарихына өшпес таңба салған 1986 ж желтоқсан. Қазақстанды дүние жүзіндегі халықтарға танытқан. Бұл оқиғаның алғашқы құрбандары: Ләззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков, Жансая Сәбитова, Ербол Сыпатаевтарды еске алу олардың рухына тағзым ету – парызымыз.
1 минут “Үнсіздік”Барысы:

І-Жүргізуші: Армысыздар, қадірменді халайық. Бүгінгі кеш өзге кештерден өзгеше, өйткені қазақ – сөз қадірін өз қадірім деп білген халық. Кеңдігін де, елдігінде, кемеңгерлігімен көсемдігін сөзге сыйғызған.Бітпес даудың, бәтуасыз шудың кесімі де, шешімі де сөз болған. Сондықтан да сөзден өткен күш, сөзден өткен құдірет жоқ болған. Бүгін сіздерге бала ақындардың айтысын ұсынамыз. Айтыскер оқушыларымызды ортамызға шақырамыз. «Тәуелсіздік тұғырым» атты тақырыпта 8-сыныптар арасындағы айтысты ұсынамыз. Қарсы алыңыздар!

1-жүргізуші: Әр ақынның өзіндік шамасы бар,
Алып жүрер халқынан бағасы бар.
Халайық, байқайсыз ба осы сіздер,
Жандәулеттің ақын болуға талабы бар.

2-жүргізуші: Бағдар етіп, 30 жылды межелеп,
Елбасымыз ел алдында берді серт
Сыныбының жетістігін жырлайтын,
Алдарыңызда Қарғабайқызы Ақбаян.
Балғын айтыскер Ақбаянды қарсы алайық.

1-жүргізуші:Таниды әлем Қазақстан ел атын,
50 елдің қатарына енетін.
Шынболаттың шындығына салатын,
Жаңабайұлы Нұртуғаның келетін.

2-жүргізуші: Еркелігі бойында,екі қасы қиыла.
Үкілеп қосты апайы,үміт артып қызына.
Озат болып қатардан, шығып еді сыныпта,
Қарсы алыңыз ағайын, Каналбектегі Айжанды

1-жүргізуші: Енді оқушылар айтысына баға берер қазылар алқасымен таныстырып өтейін. (Қазылар таныстырылады)
Бұл оқушылар тәуелсіздік туралы және өз сыныптарының жетістіктері мен кемшілігін арқау етіп, сөз сайысына түседі.

2-жүргізуші: Көк аспандай байрақтың,
Желбірейтін күні –бұл,
Менің ана тілімнің,
Бағы ашылған күні – бұл.
(Ортаға айтыскер) шақырылады.

1-айтыскер: Армысың, жанашырым, туған халқым,
Бармысың, айтысқа бел буған халқым.
Көркейтіп айтысында, өлеңінде.
Өмірін қайтадан бір құрған халқым.
Тілектес, уа халайық, мен бір ұлың,
Арналар бүгін сізге ән мен жырым.
Баянды болсын тұғырың тәуелсіздік,
Халайық құтты болсын ұлы тойың.

2-айтыскер: Сөйле тілім алаңдама тартынба,
Шындықты айтып Шынболаттай жарқылда.
Жаңабайұлы Нұртуғаның мен болам.
Келіп тұрған ұлы өнерің айтысқа
Тәуелсіздік айналады саған жыр әнім.
Қыран болып ұшатын мен ұланың.
Әділқазы аманбысың көрермен
Ал сөйлеші Абылайдай қыраның.

1-айтыскер: Ассалаумағалайкум бәріңізге,
Жиналған үлкен-кіші кәріңізге
алайын көрерменмен амандасып,
мұндайда көргем жоқ мен асып сасып,
Ұлымын Жантастың Жандәулет атым.

2- айтыскер: Тәуелсіздік, Тәуелсіздік – жыр әнім,
Ел іргесі берік болсын ұраным.
Тәуелсіздік - өзіңді еркін сезіну,
салт-дәстүрім – қолдан түспес құралым.
Тәуелсіздік, не деп оны түсіндік,
тәуелсіздік ар ожданым кісілік.
Адамға адам, бауыр-жолдас туыс бол,
Ел жұртыңның алма құнын түсіріп.

1-айтыскер: Тәуелсіздік туралы айта кетсем,
Оңайлықпен келген жоқ мұны білсең.
Ішінде болмасам да көп естідім.
Анамнан және де мен мұғалімнен.
қайран елім тәуелсіздікті аңсап өткен.
Қорлыққа да шыдамаған сарсаң еткен.
жылында мың тоғыз жүз сексен алты.
Бұрқ еткен көтеріліс сол себептен.
Өмірде дауыл тұрды аспанымда,
Тәуелсіздік үшін деп қалың жастар,
Қара шаңды шұбыртты алаңында.

2-айтыскер: Тәуелсіздік менің байтақ Отаным,
Бір өзіңсің Мұқтар, Абай, Шоқаның.
Тәуелсіздік сәбилердің шаттығы,
Тәуелсіздің ақ батасы атаның
Тәуелсіздік, тәуелсіздік - жыр әнім,
Көк байрағым, елтаңба, әнұраным
Атыңнан айналайын тәуелсіздік,
Қолда елімді қасиетті құраным.

1-айтыскер: Жандәулеттей жарқ етейін атыма сай,
Бұл төрде сөз сөйлеуге хақым бардай.
Нұртуған ашылып бір сөйлесейші,
Түнеріп жауатын бұлтқа ұқсамай.
Ағайын тәуелсіздік жай келген жоқ,
Желтоқсан ызғарынан мұз қатқан еді.
Құрбан боп бостандықтың жолында өткен.
Аташы желтоқсанның боздақтарын.

2-айтыскер: Желтоқсанда ақиқатты іздедік,
Қорлығына бодандықтың төзбедік.
Басшы таппай, қазағымның бірінен,
Қане, айтшы, біз олардан кем бе едік?
Желтоқсанның мұзда жанды алауы,
Қолдарында ұстаған бір жалауы.
Ербол, Қайрат, Ләззат пенен Сәбира
Тәуелсіздік болған еді қалауы.

1-айтыскер:Желтоқсан жас арудың жанарында
Желтоқсан қанды ғасыр табанында.
Желтоқсан жаңа ұғым бастағанда,
Бүгінгі жас буынның санасында.
Отаным Қазақстан алтын бесік,
Мінекей, ұлы жолға түсті келіп,
Ағайын бар тілерім бір алладан
Тұғыры мықты болсын Тәуелсіздік.

2-жүргізуші: Қыран құсым көк аспанда самғасын,
Желбіресін көк байрағың сан ғасыр,
Жас ұландар биік ұстап туыңды.
Жарқыратып туған елдің таңбасын.

1-жүргізуші: Енді алдарыңызға екінші жұп айтыскер қыздарымызды шақырайық.
1-айтыскер: Армысыз, жиналған жұрт барша қауым,
Иіліп сәлем беру ата салтым.
8- сыныбынан келіп тұрмын
Халқымның көрсетем деп дәстүр салтын.
Үкіледің –ай,
Үміт артып –ай
Камалбек немересі Айжан мен боламын-ай
Ақбаян қарсыласым, амансың ба?
Сөздерің бүгін сенің маған сын ба?
Егер мен ұтып кетсем қазір сені
Үйіңе бұлтаңдамай қайтасың ба?
Сыныптасым - ай,
Құрбы досым - ай
Сәттілік бүгін саған тіледім - ай

2-айтыскер: Қызымын мен елімнің
Гүлі едім жерімнің.
Еркесі едім әкемнің
Ән мен жыр серігім. Болады атым Ақбаян,
Жетіден шыққан жақұт боп
Жарқырап шықсам мен бүгін,
Бір алла өзің қолдап өт.

1-айтыскер: Дауылға желтоқсанның желі айналды.
Ашуға мінді Алатау кәрі айбарлы.
Күтпеген іс ақыры не болар деп,
Күллі әлем Алматыға қарай қалды.
Желтоқсаным-ай
Ызғарлысың ай
Алаңға талай жастар жиналғансың-ай.
Жастарым бодандққа қарсы тұрдың,
Намыс пен ар-ожданды ту қылдың.
Аңсаған ата-бабам жолын қуып,
Тәуелсіз егеменді ел болдық-ай.
Қайрат ағам –ай,
Ләззат әпкем ай.
Сәбира, Ерболардан із қалдыма-ай.

2-айтыскер: Қарсыласым, құрдасым,
Кекіліңді күн қақсын
Кешегі жаратылыстану апталығында
Нешінші орын алғансың?
қалып та қойдың бірінен,
Озып та кеттің біреуден.
Құттықтаймын бәріңді
Тәуелсіздік күнімен.

1-айтыскер: қарсыласым, маған қояр күнәң қайсы,
Жетістік бар еді ғой бізде мұндай.
Екі жыл қайырымдылық акцияда
Мадақтау қағазын біз алғанбыз-ай
Сұрақ қойдың-ай
Жауап берем ай
Апталықта алғанбыз бірінші орын-ай.

2-айтыскер: Жібердік еркін ат басын,
Қиянат жанға батпасын.
Тоқырау таңын күйреттік,
Теңдіктің күні батпасын.
Желтоқсан айы естесің,
Дауыл боп бұрқап ескенсің.
Азаттық күй қашаннан
Көкейін елдің тескенсің.

1-айтыскер: Қазағым, арлы халық, дана халық,
Жүрегі лүпілдеген бала халық.
Қонақжай бауырмалдық қасиеті
Тұрады басқа ұлттан дараланып.
Дана халқым-ай, бала халқым—ай
Тұрасың басқа ұлттан дараланып-ай.
Көрерменім-ай,
Көріскенше-ай
Ағайын құтты болсын мерекеңіз-ай.

2-айтыскер: Тарылып жатса даламыз,
Қайтіп біз тыныс аламыз.
Хақымыз жоқ айтуға,
Әділет қайдан табамыз.
Бұрқ етті қазақ даласы,
Кеудеде өшіп наласы,
Алаңға қарай ағылды.
таусылып барлық шарасы.
Қош бол енді көрермен,
Қоштасармын сіздермен.
Тәуелсіздік – тұғырың
Мықты болсын елім-ай.

2-жүргізуші: Рахмет, қыздар. Әдемі бір айтыс болды ғой деп ойлаймын.
(айтыскерлердің бағасы беріледі) Ән: біз өмірдің гүліміз.

Ел бастау қиын емес.
Қонатын жерден көл табылады.
Қол бастау қиын емес.
Шабатын жерден ел табылады.
Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ – деген екені Бұқар жыру. біздің айтыскерлер өз міндеттерін бар шамаларын атқарып шықты. Ендігі сөз кезегі, қазылар алқасы сіздерде.

2-жүргізуші: Көрермендер келесі кездескенше сау саламат. бай-қуатты болайық.
1-жүргізуші: Тәуелсіздік тұғырың мықты болсын. Алдағы мереке құтты болсын. «Тәуелсіздік – арымдай аңсар әнім» атты сайысымыз осымен аяқталды.
Сау болыңыздар!
5 978
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ана тілім - асыл мұрам
Ана тілім - асыл мұрам
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Алибекова Гульнара Сахиевна
Желтоқсан желі
Желтоқсан желі
Бұл тәрбие сағаты 1986 ж. 16 - 17 желтоқсан күндері болған желтоқсан оқиғасына, онда бейбіт ереуілге шыққан, сонымен тарихта аты қалған желтоқсан көтерілісіне қатысушыларға, онда қаза болғандардың рухына арналады.
Тәуелсіздік - қазақтың сан ғасырлық арманы
Тәуелсіздік - қазақтың сан ғасырлық арманы
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, №132 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Мұхамеджанов Мейіржан Оразханұлы
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ (интеллектуалды сайыс)
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ (интеллектуалды сайыс)
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің химия - биология пәні мұғалімі Айтөреева Ақмарал Бақытқызы
Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым (әдеби кеш)
Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым (әдеби кеш)
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Бисенбай Ақмарал Жексенбайқызы
Тәуелсіздік - ел тілегі
Тәуелсіздік - ел тілегі
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС-12 орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Тулебова Назира Джеткергеновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×