Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ел тірегі - ұланбыз, Көкке самғар қыранбыз

18 қазан 2012, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Қазалы ауылы №100 мектеп тәлімгері
Пшанова Айгүл Әбубәкірқызы

Ел тірегі - ұланбыз,
Көкке самғар қыранбыз
Мақсаты: Ұландар арасында жақсы жағдайларды қалыптастыру, ойын мінез құлқы қабілетін, әлеуметтік өзара әрекет дағдысын дамыту, бөтен мәдени топтың жаңа қоршаған ортасымен, негізгі нормаларымен, құндылықтармен, сенімдерімен адамдарды тез таныстыру. Топта сенімді және ашық атмосфера құру.
Қарым – қатынастағы кеңістіктің маңызын жете түйсінуге көмек беру. Достыққа, топта бірлесе ұйымшылдықпен жұмыс жасай беруге үйрету.
«Менің елім – менің Қазақстаным»

Білімділік мақсаты: Оқушыларға өз Отанының құндылықтарын және тәуелсіздігінің мән – мағынасы қасиетін түсіндіру.
Тәрбиелік мақсаты: Мемлекеттік рәміздердің Тәуелсіздіктің біздің жас ұрпаққа артар жауапкершілігін саралай отырып, балаларды патриоттық ұстанымдылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: Әртүрлі тәсілдермен оқушылар арасында ой салу арқылы олардың танымдық қабілеттерін арттыру.

Сабақ типі: Бекітілген білімдерді пысықтау.
Сабақ түрі. Тренинг.
Сабақ әдісі: Топтық сайыстары, диалогтық талдаулар
Модульдік технология: Интерактивтілік жинақ.
Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет, география, саясаттану, мәдениеттену, логика.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Менің елім – менің Қазақстаным

Жүргізуші сөзі:
Кіріспе мантра оқылады:
Әнұраным – жан ұраным,
Айтар әнім – сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады
Республика Әнұраны.

Елтаңбасы елімнің
Неткен көркем әдемі
Тұнығындай көңілдің
Орта аспан әлемі

Өзіңдікі - елің де,
Өзіңдікі - жерің де.
Өзіңдікі - өзің еккен бақ,
Тәуелсіздік төрінде!

Өзіңдікі Туың да,
От пен ауа, суыңда
Жаса Қазақстаным
Белді бекем буын да!

Жүргізуші сөзі:
Армысыздар құрметті қауым! Іргелі елдің еңсесі тіктелген заманда, мынау ұлы халқым аман тұрған кемелді заманда Бейбіт күнмен келген тәуелсіздігіне 16 жыл толған мерекелеріңіз құтты болсын ағайын!
Бүгін біз осы бір сонау 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік алған күннен бері 16 жыл уақытты қазақ елінің аз ғана саяси тарихында қаншама оқиғалар тізбегі өтті десеңші.
Ендеше сол заман төңірегіндегі болып өткен, тарихқа алтын әріппен жазылатын ірі өзгерістерге қарсы жатқан біздің үлесіміз қаншалықты көлемде.
Біз бүгінгі жас ұрпақ өткенге келер күнге не сыйлай аламыз? Осындай келелі сұрақтарға жауап табу мақсатында біз сіздерге «Менің елім – менің Қазақстаным» тақырыбында танымдық конкурс сабағымызды бастаймыз.

І тур: Залмен разминка «Менің Қазақстаным»
1. ҚР әнұраны қандай сөзбен басталады? (Алтын күн аспаны)
2. ҚР туында не белгіленген? (Алтын күн, құс, ою-өрнек)
3. ҚР елтаңбасындағы тұлпарларды қалай атайды? (пырақ)
4. ҚР рәміздерін ата? (Елтаңба ,Әнұран, Ту)
5. ҚР Туындағы бүркіт бейнесі нені білдіреді? (халықтың батырлық бейнесі)
6. «Ленинградтық өрендерім» атты өлеңнің авторы? (Ж.Жабаев)
7. Көкшетау өңірінде дүниеге келген «Құлагер» өлеңінің авторы? (Ақан сері)
8. ҚР алғашқы ғарышкері (Т.Аубакиров.)
9. «Алтын адам » қай жерден табылды? (Есік қаласынан)
10. Алғаш ғалым, этнограф, орта Азия мен Шығыс Қазақстанның тарих және өнер саласын зерттеуші? (Ш.Уәлиханов)
11.Алғашқы қазақ ағартушысы ,қазақ тілінде оқушыларға оқулықтар жазған ұстаз (Ы.Алтынсарин)
12. ҚР символы ретінде қандай жануарды алған? (Барыс)
13. Тарихта белгілі сақтар ханшайымы (Томирис)
14. Қазақстан қандай теңіздермен шектеседі? (Каспий, Арал)
15. Қазақстанның мемлекеттік тілі? (Қазақ тілі)
16. Қазақстанның қарым-қатынас тілі? (орыс тілі)

ІІ – тур
Екі команда құру. Аты, ұраны
Музыкалық фон.

ІІІ- тур:
Ән байқауы «Отан туралы әндер»
Қай топ Қазақстан жайлы көбірек ән орындайды.

ІҮ –тур:
Картографиялық байқау.
(ҚР картасы, қалалар аты жазылған карточкалар)

Берілген қалалардың атын картадан тауып тез орналастыру керек.
Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Астана, Павлодар, Қарағанды, Өскемен, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Петропавл, Шымкент, Әйтеке би кенті.

Ү - тур: «Отанымның келбеті»
Музыкалық фон.
ҚР рәміздерінің бірі Тудың белгісін тез және дұрыс бейнелеп жапсырмалау керек. (5 минут)

ҮІ – тур: Батырлар байқауы «Темір адам»
Ертеде тау қопарған батырлар болады деседі. Олар алып күштің иесі, тауды тауға көшіріп батырлық танытқан, ал қазіргі заманғы батырлар сол ерлікті қайталай алар ма екен?
Байқаудың шарты: Әр командадан ең күшті ер жүрек деген батыр ортаға шығып, ортадағы үлкен тауды қопаруы қажет. (Ортада құшақтары айқасқан адамдар шеңбер құрып тұрады. Оң аяғы ортада, сол аяғы артта тұрады) Батырдың тауды қопаруға үш рет соғу мүмкіндігі бар.
Музыкалық фон.

ҮІІ- тур:
«Иә - жоқ» капитандар байқауы
Әр капитанға 5 сұрақтан қойылады.
Жауабын «Иә» немесе «жоқ» деп айту керек.
1. Қызылорда облысы Амударияны жағалай орналасқан (Жоқ,Сырдарияны)
2. Қызылорда облысында 7 аудан бар? (Иә)
3. Сыр өңірінде аты аңызға айналған ержүрек батырға былтыр 430 жыл толды, батыр шайқасқан жауларына сауатсыз шауып, палуан денесіне киім шақ келмей шайқасқа төсі ашық түскен. Затына аты сай етіп, оны Темір батыр атаған (Жоқ, Жалаңтөс батыр)
4. «Жеті жарғының » авторы Тәуке хан (Иә)
5. Қазақта қалыңдықтың бас киімі сәукеле деп аталады? (Иә)

1. Күйші,көреген – қобызшы Қорқыт (Иә)
2. Қазақ ертегілерінің әйгілі кейіпкері Алдар көсе (Иә)
3. Қазақстанның Астанасы болған қалалар Оренбург, Қызылорда (Иә)
4. Жар-жар – үйлену тойының әні (Иә)
5. Қарапайым жұмысшыны қазақтар батрактар деген (Жоқ, шаруа)

ҮІІІ –тур:
«Алдар көсе» стиліндегі ең қызықты оқиғаны бейнелеп жазу. Сіздерге тапсырма: Алдар көсенің рөліне еніп болмаған оқиғалардан өтірік құрастырып елді алдау. Ең үздік өтірікші жеңіске жетеді.

ІХ –тур:
Қорытындылау.
Марапаттау.

Ел тірегі - ұланбыз,
Көкке самғар қыранбыз
5 041
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тәрбие жүйесінің тиімділік өлшемі
Тәрбие жүйесінің тиімділік өлшемі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы №24 мектеп қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Есенжолова Жанаркүл Ақниетқызы
Қасқыр
Қасқыр
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің 3-сынып оқушысы Мусаева Замира Есенжолқызы Ұстазы Темірбаева Гүлмира
Лағым
Лағым
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің 3-сынып оқушысы Төлепберген Фарида Жалғасбекқызы Ұстазы Темірбаева Гүлмира
Ел тәуелсіздігіне 20 жыл
Ел тәуелсіздігіне 20 жыл
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің тәлімгері Пшанова Айгүл Әбубәкірқызы
Абай
Абай
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы №100 орта мектептің 10«Б» сынып оқушысы Бітімбай Ақтілек Бердібайұлы Абай Бір ғасырдың ғұламасы Абай ата, Халқыңа өзің болдың әркез пана.
Тәуелсіздік таңы атты
Тәуелсіздік таңы атты
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің 8- сынып оқушысы Бақтыбай Бақтияр Мұғалімі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қамбарова Сағира Тәуелсіздік таңы атты.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×