Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғаниға құрмет-ұрпаққа құрмет

24 қазан 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі,
Асанхан Эльмира Сәндібекқызы

Сабақтың тақырыбы: Ғаниға құрмет - ұрпаққа құрмет.
Кіріспе сөз
Әрбір тарихи кезең өзіне сай көсемдерді, шешендерді, батырларды, бастаушыларды іріктейді. Олар қоғамдық өмірдің тар жол, тайғақ кешулерін табандылықпен бастан өткізіп, жалындай жанып, жұлдыздай жарқырап, келешек мәселелерін елінің, жерінің, туған халқының мәңгілік мүдделерімен байланыстыра білді. Отан болашағы алдындағы жан - жақты жауапкершілік, адамгершілік, ақыл - парасат, қажырлы қайрат, шебер ұйымдастырушылық қабілет таныта білген тұлғалар тарих төрінде, тарихи жадыда қала береді. Біздің Ғаниымыз, қазақтың Ғани Мұратбаевы осы алып тұлғалар тобында.

1 - оқушы: Қазақстан мен Орта Азия жастарының жалынды жетекшісі, көрнекті қоғам қайраткері, қазақ халқының біртуар перзенті, ағартушы - демократ, патриот жерлесіміз Ғани Мұратбаев қып - қысқа ғұмырында елі үшін елеулі қызмет атқарды. Әкесінен төрт жасында жетім қалған Ғаниды анасы Бәтима тоғыз жасында Қазалы қаласындағы орыс - түзем мектебіне оқуға берді. 1914 - 1917 жылдары ол Қазалыдағы бастауыш училищеде оқыды.

2 - оқушы: Ғани 14 - жасқа келгенде анасы қайтыс болды. Бастауыш училищені бітірген соң, ол 1917 - 1918 жылдары Қазалыда тұңғыш рет Кеңес өкіметі құрылған революциялық комитеттің мүшесі болып қызмет істеді. 1918 жылы он жастағы Ғани Ташкент қаласындағы педагогикалық училищеде оқыды және Финкельштейн атындағы мемлекеттік мектепті бітірді. Алғыр да пысық жігіт 1919 жылы Ташкентте жүріп жастар ұйымына мүшелікке қабылданды.

3 - оқушы: Ғани Мұратбаев комсомолдың алдыңғы қатарлы белсенді мүшесі, жастар жұмысын үлгілі ұйымдастырушылардың бірі болды. 1916 жылғы, одан кейінгі оқиғалар салдарынан аштыққа, жалаңаштыққа ұшыраған, қаңғырып жүрген жетім балаларды мемлекеттік интернаттарға, балалар үйлеріне, мектептерге тарту ісіне белсене араласты.

КӨРІНІС: БІЗДІҢ ҒАНИ

4 - оқушы: Ол Түркістан комсомолы Орталық Комитетінің аппаратында қызмет істеп, қазақ - қырғыз жастары арасында жұмыс жүргізетін бюроның төрағасы болды. 1921 жылы Ғани Түркістан комсомолының өкілі ретінде Қазақстан сатанасы Орынбор қаласында өткен Қазақстан комсомолының бірінші съезіне қатысты. 1921 жылы 22 наурызда Ғани Мұратбаевтың бастамасымен Түркістан Республикасы Жастар Одағының үні Жас Алаш газетінің тұңғыш номері жарыққа шықты. Яғни, Ғани Жас Алаштың алғашқы редакторы.

5 - оқушы: 1921 жылы қыркүйек айының алғашқы күндерінде Түркістан Комсомолының үшінші съезінде он тоғыз жастағы Ғани Түркістан комсомолы Орталық Комитеттің жауапты хатшысы болып сайланды.

6 - оқушы: 1922 жылы партия қатарына қабылданған Ғани Ресей Жастар Одағы Орталық Комитетінің Орта Азия бюросы құрылғанда Орталық Комитеттің мүшесі және хатшысы болып сайланды.

7 - оқушы: 1922 жылы Орта Азия еңбекші жастары арасындағы қозғалысты дамытудағы зор үлесі үшін Ғани Хорезм Республикасының Қызыл еңбек орденімен марапатталды.

8 - оқушы: 1924 жылы Ғани Ресей Жастар Одағының алтыншы съезіне делегат болып қатысып, сол жылы шілдеде Коммунистік Жастар Интернационалының төртінші конгресінде КИМ - нің атқару комитетінің мүшелігіне қабылданды.

9 - оқушы: 1924 жылдың қыркүйек айының өмірінің соңына дейін Коммунистік Жастар Интернационалының атқару комитетінің президиум мүшесі және шығыс елдері жастары бөлімінің меңгерушісі болып қызмет істеді.

10 - оқушы: Ғани 1925 жылы 15 сәуірде асқынған көкірек ауруынан қайтыс болды. Жиырма үш жыл өмірінде екінің бірінің қолынан келе бермейтін қарбалас жұмыстарды атқарған Ғани халқының даңқын шығарып кетті.

МЕН - ҒАНИМЫН
Ғани Мұратбаевтың монологы
1. Мен Ғанимын -
Ұлымын Қазалының,
Ел - жұртыма жетеді азалы үнім.
Қыршын кеттім өмірден жазамын деп,
Қасіретін қырсыққан қазағымның.

2. Мен Ғанимын -
Жалынмын лапылдаған,
Қалды артымда таңдарым атырмаған.
Халқым үшін қаңтарда мұз жамылдым,
Мәселе жоқ басымды қатырмаған.

3. Мен Ғанимын -
Мертіккен арыстанмын,
Қас жауымен халқымның алысқанмын.
Жеткізем деп бақытқа ұрпағымды,
Заманыммен жармасып, жарысқанмын.

4. Мен Ғанимын -
Шығыстың шынарымын,
Ұлы істерге бастаған Ұларымын.
Арман - мұңын халқымның іліп алып,
Шарықтаған қияда қыранымын.

5. Мен Ғанимын -
Шын сөздің ұстасымын,
Әлихан, Міржақыптың тұстасымын.
Мағжан мен Ахметтің бауырымын,
Жалын жүрек жастардың ұстазымын.

6. Жас Алашпын -
Ана тіл - ғаламатым,
Сүйемін күллі Түрік қағанатын.
Мен Ғанимын мәңгілік тірі жүрген,
Алашымның арқалап аманатын.

Мұғалім сөзі:

Тәуелсіз қазақ мемлекетінің ғылыми дәрежесі қуатты деп ауыз толтыра айтқанда, мұндай дәстүрдің қалыптасу негізі Ғани тәрізді атақты ағартушыларымыздың халық игілігі үшін пида болған отты, өнегелі өмірлерімен байланысты екенін есте сақтаған жөн.

Ғани Мұратбаевтың абзал азаматтық абыройы, айналасын жарқыратқан жарқын өмірі халқымыздың орынды мақтанышы, өшпес өнегесі болып, ұрпақ зердесінде жатталып қала беретіні сөзсіз.

Қорытындылау үшін сөз кезегін мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі Карчалова Бақыткүл апайға береміз.
7 960
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Поэзиялық туындыларда суреттелетін Ғани                                                                      бейнесі
Поэзиялық туындыларда суреттелетін Ғани бейнесі
8 сынып оқушысы Әбдісәмет Қаракөз Ерланқызы Жетекшісі: Жөлекеш Мирамкүл Жеткербайқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Ғани – ғасыр, Ғани – ғұмыр
Ғани – ғасыр, Ғани – ғұмыр
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы №9 “Балауса” балабақшасының тәрбиеші Оразбай Ләззат
Шығыс жастарының жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаев
Шығыс жастарының жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаев
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Әнуарбек Шахноза Әлішерқызы Жетекшісі:география пәнінің мұғалімі Қожамұратов Серік Игілікұлы Тақырыбы: Шығыс жастарының жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаевтың өмір жолы
Ғани Мұратбаев туралы білеміз бе?
Ғани Мұратбаев туралы білеміз бе?
Қазалының киелі топырағында айналаны шаттыққа бөлеп Ғани дүниеге келді. Әрине, ол кезде Ғаниды шығыстың болашақ жаужүрек жалынды ұланы болатынын ешкім білген жоқ.
Жасында жарқ еткен ғұмыр
Жасында жарқ еткен ғұмыр
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тәжбенова Нұргүл Ұласарқызы
Шығыс шамшырағы Ғаниға - 110 жыл
Шығыс шамшырағы Ғаниға - 110 жыл
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтекеби кенті, № 266 мектеп – лицейдің информатика пәнінің мұғалімі Жұбанова Мөлдір Берікқызы ШЫҒЫС ШАМШЫРАҒЫ – ҰРПАҚТАРҒА ҰЛАҒАТ Саяхат сабақ Сабақтың мақсаты: Ғани бойындағы ұйымдастырушылық, шешендік, табандылық,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×