Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құстар біздің досымыз

09 ақпан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: «Тіл дамыту»
Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»
Мақсаты: Балаларға Құстар туралы жан - жақты түсінік беру, сөздік жұмыстарды жүргізе отырып, құстар туралы өлеңді оқып түсіндіру, құстарды атап, бір - бірінен ажыратып, оларға қамқорлық жасауға үйрету, адамгершілік, имандылық тәрбиесінің негізін қалыптастыру мақсатында, жұмбақтар, түрлі ойындар арқылы білімдерін бекіту
Әрекет кезеңдері.

Мотивациялық қозғаушы.
Тәрбиешінің іс - әрекеті
1. Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын шуақ таратты.
Қайырлы таң, балалар,
Қайырлы таң, қонақтар

Іздеу - ұйымдастырушы
Тәрбиеші: Жыл мезгілі, ауа - райы, табиғат өзгерістерін балалардан сұрайды. «Құстар келді» өлеңін мәнерлеп оқиды.
3. Тырна келді тыраулап,
Тіліп өтіп аспанды,
Қаздар көлде жүр ойнап
Көктем тойы басталды.

Тас төбеден күн күлді,
Қошаметтеп оларды.
Қара торғай былтырғы,
Ұясына оралды
(Т. Молдағалиев)
4. Құстар туралы жұмбақ жасырады.

Шарлап келіп даланы,
Үйіме үйін салады.

Су бетін сызып,
Ақ құман жүр жүзіп.

Кеудесі қойқаңдап,
Жүреді байпаңдап.

Орманда жоғары,
Ағашқа қонады
Тұмсығын балға ғып,
Тоқ - тоқ етіп соғады.

6. Құстар немен қоректенеді?
7. Тәрбиеші: Балалар, сендер тапқыр екенсіңдер. Құс туралы жұмбақтардың шешуін дұрыс шештіңдер. Енді мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын: «Ұшты, ұшты.»
Тәрбиеші: Бұл ойында қолдарын дұрыс көтермей қалған бала айыбын өтейді. Ал, қане ойынымызды бастайық.

Ұшты - ұшты түлпар ұшты
Ұшты - ұшты сұңқар ұшты,
Ұшты - ұшты қарға ұшты,
Ұшты - ұшты арба ұшты.

8. Тәрбиеші: Тақтада құстар суретімен таныса отырып, «Құс» туралы мақал - мәтел, тыйым сөздерді еске түсіреді және айтады.
Тәрбиеші: Балалар біз бүгін құстарды қарсы алып, олар жайында жұмбақ шешіп, мақал - мәтел айттық. Ал оларды қорғау үшін не істеу керек.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 665
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Торғай мен мысық
Торғай мен мысық
Балаларға өлеңді есте сақтауға, тәрбиешіден кейін қайталауға үйрету. Сөйлеу мәнері мен дауыс ырғағының көркемдігін қалыптастыру.
Құстар
Құстар
Топтағы тәрбиеленушілердің сөздік қорын дамыту, дыбыстарды айта білуге үйрету. Құстар туралы түсінік беру, оларға деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Құстар біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Балаларға құстар туралы әңгімелеу. Құстардың көктемгі тіршілігі, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы кеңінен түсінік беру.
Қыстайтын құстар қайда тұрақтайды?
Қыстайтын құстар қайда тұрақтайды?
Қыстап қалған құстар туралы түсініктерін кеңейту, құстардың сыртқы белгілері бойынша ажыратуды үйрету. Табиғатты сүюге, табиғатқа қамқор болуға үйрету.
Құстар біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы, №7 «Еркетай» МДҰ тәрбиешісі Курманбаева Гульнур Тастановна
Қыстап қалатын құстар
Қыстап қалатын құстар
ШҚО, Аягөз қаласы қалалық қазақ мектеп – гимназиясы Садуакасова Гульназ Серікжанқызы Мақсаты: 1. Балалардың қыстап қалатын құстарды атап, олар жайлы түсініктерді кеңейту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×