Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ойлай білу - өнер

15 ақпан 2015, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: Ойлай білу - өнер
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың психологиялық - танымдық қасиеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: Сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, плакаттар, шар, карточкалар т. б.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды 2 топқа бөлу.
Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар және оқушылар бүгінгі біздің психологиялық ойындарға арналған «Ойлай білу - өнер» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Оқушылар екі топқа бөлінеміз.
1 - топ «Алғырлар» және 2 - топ « Тапқырлар»
Енді сіздерге жарыс сабағымыздың шарттарын түсіндіріп өтейін. Сабақтың барысы 7 - кезеңнен тұрады.
1 - кезең. Мақалды аяқта
2 - кезең. Мозаика
3 - кезең. Логикалық есептер
4 - кезең. Анаграммалар
5 - кезең. Кім тапқыр?
6 - кезең. Сөзжұмбақ
7 - кезең. «Ойлай білу - өнер» дегенді қалай түсінесіңдер.
Әр дұрыс жауап 5 баллмен бағаланады.
Сабағымызды бастамас бұрын, әділ қазылар алқасын сайлап алайық!

Ал енді 1 - кезең. Мақалды аяқта кезеңінде сіздерге 8 ұяшық беріледі. Әр топтан төрт - төрттен 8 бала шығуларыңызды сұраймын.
«Мақалды аяқта» кезеңінің сұрақтары:
1. Кісінің кісілігі...
2. Ерді намыс...
3. Ақылсыз адам...
Ақылды адам...
4. Жаман жолдастан...
5. Тіл тас жарады...
6. Ең тәтті...
Ең ашты...
Ең жұмсақ...
Ең қатты...
7. Қына тастан шығады...
8. Дос сыртыңнан мақтар,...
Ендігі кезекті 2 - кезең. Мозаикаға берсек. Мозаика кезеңінде сіздерге 4 ұяшық беріледі, ұяшықтарда төрт түрлі мозаика жасырылған. Сіздерге берілетін уақыт 10 минут.

3 - кезең. Логикалық есептер
Сіздерге 10 логикалық есептер беріледі. Әр топтан 5 - 5 адамнан шығуларыңызды сұраймын.
1. Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? Жауабы: 5
2.. Мектеп ауласында 18 шырша өсіп тұр. Тағы да 4 емен және 3 шырша отырғызылды. Мектеп ауласында барлығы неше шырша бар? Жауабы: 21
3. Төртеуі 4 сағат шахмат ойынын ойнады. Әрқайсысы қанша сағат шахмат ойнады? Жауабы: 4
4. Қатар тұрған үш санның қосындысы да көбейтіндісі де 6 - ға тең Ол қандай сан? Жауабы: 1, 2, 3
5. Түнгі сағат 11 - де жаңбыр жауса, 48 сағаттан соң күн шығады деуге бола ма? Жауабы: Жоқ, себебі 48 сағаттан соң қайтадан түн болады.
6. Жанұяда 3 ұл бар. Әр ұлдың 1 әкесі бар. Жанұяда неше бала бар? Жауабы: 4
7. 1 жұмыртқаны қайнатуға 3 минут кетсе, 5 жұмыртқаны қайнатуға неше минут керек? Жауабы: (3мин)
8. Бөлмеде 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық отыр? Жауабы: 4
9. Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50кг, бір аяғымен тұрған адамның салмағы неше кг? Жауабы: 50кг
10. Адамның 10 қолында неше саусақ бар? Жауабы: 50

4 - кезең. Анаграммалар
Анаграмма - сөздегі әріптердің орны ауыстырылған мағнасыз әріптер жиынтығы. Бұл кезеңде 10 ұяшықтан тұрады. Әр топтан 5 адам шығады.
1. Сепе
2. Дәмеі
3. Рамна
4. Аждғайа
5. Роныдқы
6. иғамрта
7. абытрлқы
8. ешешднкі
9. атспрыам
10. арқайымрпыа

5 - кезең. Кім тапқыр?
Бұл ойын 6 ұяшықтан тұрады, әр ұяшықта әр түрлі логикалық есептер, ойындар жасырылған.

6 - кезең. Сөзжұмбақ
Үйге тапсырма ретінде берілген Сөзжұмбақтарын 2 топ алмастыру арқылы жұмбақтың жауабын шешеді.
7 - кезең. «Ойлай білу - өнер» дегенді қалай түсінесіңдер жалпы сол жайлы өз ойларын топ басшылары айтып өтеді.

Қорытынды: Бүгінгі сабағымызды қорытындылап өтсек, ойлай білу жер бетінде тек адам зат иесіне ғана тән нәрсе, сондықтан да жаратушы иеміз ойлана білуді тек бізге ғана берген. Ондай болса құрметті оқушылар өзімізге берілген таным процестерімізді, қабілетімізді тиімді пайдалана білейік.
15 560
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Білгір биологтар
Білгір биологтар
Ежелден қазақ халқы білім, ғылымды қуып «Қына тасқа, ақыл жастан шығады»деп ұрпағын ақылдылыққа, білімділікке баулыған. «Жас күнің – білім іздеу, нақты дер шағын, халқыңның ойлай берші оңар жағын» дей келе ақыл, білім ұшқырлықпен ойлылықты қажет
Білгір биологтар (сайыс сабақ)
Білгір биологтар (сайыс сабақ)
Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Малыбай жалпы орта білім беретін мектеп Биология пәні мұғалімі: Айгожин А.Б.
Биология әлеміне саяхат (интеллектуалды ойын)
Биология әлеміне саяхат (интеллектуалды ойын)
Қызылорда қаласы, № 172 орта мектептің биология пәні мұғалімі Ташпенова Ұлжан
Қазақ тілін терең білгіштер (сайыс)
Қазақ тілін терең білгіштер (сайыс)
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Кеңқияқ орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Айманова Жадра Жарасовна
Ана тілім – ардағым
Ана тілім – ардағым
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жәлімбетова Алмагүл Рзағалиқызы Тақырыбы: « Ана тілім – ардағым» Мақсаты: Ана тілде таза сөйлеуге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
Жігіт сұлтаны
Жігіт сұлтаны
Асқақтаған ән дайын Күмбірлеген күй дайын Ал, қанекей қырандар Босқа қарап тұрмаңдар Бастап жігіт өнерін Алыстарға самғаңдар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×