Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ тілін терең білгіштер (сайыс)

01 мам 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: «Қазақ тілін терең білгіштер» танымдық сайысы.
Мақсаты: Қазақ тілінен алған білімдерін пысықтау, ойлау қабілеттерін, сөйлеу тілдерін дамыту, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Кіріспе: «Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні ғәріп» демекші, бүгінгі 4 - кластар арасында өтетін
«Қазақ тілін терең білгіштер» танымдық сайысына қош келдіңіздер! Ойын алты кезеңнен тұрады.
1. Білгенге маржан 30 сек
2. Кім шапшаң? (Жалпыдан жалқыға көшу) 1 минут
3. Әріп сыры ( Етістік, зат есім, сын есімге С әрпінен басталатын сөздер жазу) 1 минут
4. «Жүйрік болсаң, шауып көр» 30секунд ішінде септіктердің сұрақтарын айту.
5. «Ойы жүйріктің – тілі жүйрік» (Оқушылар сөзінен бірнеше сөз жасау) 1 минут.
6. Ойтолғаныс. «Қазақ тілін терең білу мен үшін...» (Эссе жазу) 2минут.

Осы сайысқа қатысушылардың жауаптарын тыңдап, төрелік ететін бастауыш кластар кафедрасының жетекшісі Тлеулиева Гулайым Шингизовнаға қошемет көрсетейік.
Барысы: Қатысушыларымызға сәттілік тілеп, сайысымызды бастаймыз. Әр топ өз командаларын таныстырып өтсін.

1 - кезең. Білгенге маржан.
6 ұяшық беріледі. Әр топ ұяшық таңдап сондағы сұрақтарға 30 секунд ішінде жауап беруі тиіс. (білмесе, басқа топтан сұралады).
1 ұяшық. Сөз тіркесі дегеніміз не?
2 ұяшық. Қандай сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз?
3 ұяшық. Бірыңғай мүшелер дегеніміз не?
4 ұяшық. Қыстырма сөздер деп қандай сөздерді айтамыз?
5 ұяшық. Күрделі сөздер қандай сөздер?
6 ұяшық. Біріккен сөздер деп қандай сөздерді айтамыз?
Әр дұрыс жауапқа бір ұпайдан беріледі.

2 - кезең. «Кім шапшаң»
1 минут ішінде кесте толтыру.
Кино атаулары ------ Кітап атаулары ------ Қала атаулары ------ Өзен – су атаулары ------ Тау атаулары
3 - кезең. «Әріп сыры»
Барлық топқа ортақ С әрпін беріп, жеребе тастау арқылы 1 минут ішінде С әрпінен басталатын етістік, зат есім, сын есімдерге сөздер жазу.
4 - кезең. «Жүйрік болсаң, шауып көр»
30 секунд ішінде 7 септікті сұрақтарымен жазып шығу.
5 - кезең. «Ойы жүйріктің – тілі жүйрік»
«Оқушылар» сөзінен бірнеше сөз жасау 1 минут ішінде.
6 - кезең. Ойтолғаныс. «Қазақ тілін терең білу мен үшін...»
Эссе жазу.
Қорытынды: Төрешіге сөз беріп, жеңімпаздарды анықтау.
8 559
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ананың тілі – аяулы үні
Ананың тілі – аяулы үні
қазақ тілін құрметтеуге, оны шұбарламай таза сөйлеуге тәрбиелеу. Оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру.
XXI ғасыр көшбасшысы (танымдық ойын)
XXI ғасыр көшбасшысы (танымдық ойын)
Қазақ тілінен алған білімдерін байқау. Тіл мәртебесін көтеру. Оқушылардың ойлау, есте сақтау сөйлеу мәнерлерін қалыптастыру, дамыту. Өз ойларын, білімдерін жинақтап тұжырымдай білуге дағдылану.
Қазақшаңыз қалай?
Қазақшаңыз қалай?
Қарағанды облысы, «Балқаш қаласы жалпы білім беретін №24 орта мектебі»КММ Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Оспанова Жанат Нуроллаевна
Информатика және біз
Информатика және біз
Информатика пәні мұғалімі: Лаура Сарсенова Нұрадинқызы
Зерде (танымдық сайыс)
Зерде (танымдық сайыс)
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Кеңқияқ орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Айманова Жадра Жарасовна
Сөз таптары
Сөз таптары
Алимжанова Баян Қартабайқызы Қарағанды облыстық мамандандырылған дарында балаларға арналған музыка мектеп - интернаты
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×