Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жолың болсын, балақай!

30 сәуір 2015, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Жолың болсын, балақай! (слайдымен)
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Балалардың жол ережесі туралы білімдерін толықтыру, меңгерту, білген - дерін іске асыра білуге үйрету, жолда жүру ережесін білу
Тәрбиелік: Оқушыларды жол ережелерін бұлжытпай орындауға, сақтыққа тәрбиелеу
Дамытушылық: Жолда жүру ережесін есте сақтау арқылы білгендерін пайдалана білуге қалыптастыру, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, меңгерту, жағдаяттарды талдау.
Сабақ көрнекілігі: жол белгілері, суреттер, интерактивті тақта
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
ә) Тәрбие сағатының мақсатымен таныстыру
2. Қазақстан Республикасының Гимнін орындау.
Мұғалім: Көшелер мен жолда жүру ережелерін сақтауға сонау ат - арба, пәуеске кезінде - ақ талпыныс жасалған еді. 1683 жылы Ресейде патшалар Иоанн және Петр Алексеевичтердің жеке жарлығы басылып, онда атты божымен басқаруға тыйым салынды. Ат айдаушы жақсы көрінуі үшін салт мінуі керек болды.
1730 жылы жаңа указ басылып, аттар жүгенделіп, тәртіп бұзбай жүру керек болды. Указ 1742 жылы қайта шығып, онда «Кімде - кім тәртіп бұзатын болса, жазаланады» делінді.
1812 жылы жаңа ережеде оң жақты қозғалыс, жылдамдықты шектеу, нөмірлік белгілер қойылды.
1968 жылы Венада өткен жолда жүру туралы халықаралық конференцияда «Жолда жүру туралы конвенция» қабылданды. Осы құжат негізінде «Жолда жүру ережесі» жасалды. ол 1973 жылы күшіне енді.
Бағдаршамның пайда болуы.
Көлік әлі болған жоқ, оны шығару туралы да ой пайда болған жоқ. Бірақ Еуропада атарбалардың көптігінен жаяу жүргіншілерге
қиындық тудырды.
Міне, 1868 жылы Англияда алғашқы семафор пайда болды. Ол парламент үйінің алдында орнатылды. Дәл осындай семафорды теміржолдың бойында пайдалана бастады. Оны ағылшын инженері Найт ойлап тапты.
Семафордың ішінде газды фонарь орнатылды.
Өкінішке орай, 1869 жылы 2 қаңтарда газды фонарь жарылып, полиция қызметкері жараланды.
1914 жылы Америкада алғашқы бағдаршам ойлап табылды. Оның түсі екеу еді: қызыл және жасыл.
Сары түс 1918 жылы пайда болды.
Үш түсті бағдаршамды 1920 жылы Уильям Поттс пен Джон Харрис ойлап тапты.
Өмірде бізді қоршаған
Бағдаршам дос баршаға
1. Негізі қауіп - тұрған машина!
Тоқтап тұрған машина - қауіпті, өйткені ол - жоғары жылдамдықпен келе жатқан машинаны көрсетпейді. Жолды кесіп өтерде жан - жағыңа мұқият қарап ал.
2. Тоқтап тұрған автобустың алдынан да артынан да өтпе!
Тоқтап тұрған автобустың артындағы машинаны көрмей қалуың мүмкін. Жақын жердегі жаяу жұргіншілерге арналған жолмен жүрген дұрыс.
3. Байқалмайтын қауіптен сақтана біл
Машина төменгі жылдамдықпен жүрсе де, оны өткізіп жіберген дұрыс.

Төменгі жылдамдықпен келе жатқан машинаның артында жоғары жылдамдықпен келе жатқан машина болуы мүмкін.
5. Бағдаршамның қасында да қауіп кездесуі мүмкін.
Үлкен қалаларда жүргізушілердің өзі жол ережесін сақтамайды: жоғары жылдамдықпен жүру, бағдаршамға қарамау, кез - келген жерге тоқтай салу. Соның барлығы жаяу жүргіншілерге зардабын тигізеді.
6. Машина сирек жүретін көшелерде балалар үнемі жол ережесін сақтамайды.
Мұндай көшелерде балалар жол ережесін сақтамай, кез - келген жерде жолды кесіп өтеді.
7. Жол ортасы - қауіпсіз
Жолдан өтерде алдымен сол жаққа, сосын оң жаққа қарау керек.
8. Ауладан шығу жолы мен көше қиылыстары – қауіп ошағы.
Үлкен қалаларда ауладан шығу жолда және көше қиылыстарында машина жоғары жылдамдықпен жүруі мүмкін.
Жағдаяттарға талдау жасау
Жол белгілері сөйлесе...(Жол белгілерімен танысу)

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,
Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Бердіқожаева Меруерт

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 665
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Жол тәртібін білейік, аман – есен жүрейік!
Жол тәртібін білейік, аман – есен жүрейік!
Оқушыларға жолда жүру ережелерімен, жол белгілерімен таныстыру. Бағдаршам туралы түсінік беру.
Жолда жүру ережесін білесің бе?
Жолда жүру ережесін білесің бе?
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Ж. Қалдығараев атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Мыңжанова Далухан
Жолда жүру ережесі
Жолда жүру ережесі
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, Тоқмұхамедов атындағы №14 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Нұржаубаева Марина Сайлауқызы
Жолда жүру ережесін білесің бе?
Жолда жүру ережесін білесің бе?
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, "Абай атындағы №4 мектеп лицей" КММ - інде бастауыш сынып мұғалімі Агибаева Айман Тургановна
Жолда жүру ережесін сақтаймыз!
Жолда жүру ережесін сақтаймыз!
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №1 Алға мектеп - бақшада тәрбиешісі Калкаева Адеми Жоламановна
Жол ережесін білейік, аман - есен жүрейік!
Жол ережесін білейік, аман - есен жүрейік!
Астана қаласы, №63 «Әсем - Ай» балабақшасының «Алпамыс» шағын орталығының тәрбиешісі Нұрманова Гүлжан Орынбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×