Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кәсіпкерлік және бизнес

17 қараша 2019, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Кәсіпкерлік және бизнес»
Мақсаты: Білімділік - оқушыларға кәсіпкерлік туралы түсінік бере отырып бизнес жасау жолдарын үйрету, кәсіптік бағыт - бағдар беру.
Дамытушылық - оқушылардың бойында іскерлік, әдеп, ұйымдастырушылық қабілетін, ұжыммен жұмыс дағдыларын қалыптастыру, кәсіпкерлік туралы түсініктерін, ой - өрісін арттыру.
Тәрбиелік - кәсіпкерлік еңбекке баулу, маңызды шешім қабылдай алатын, жетістікке жететін белсенді азамат болуға тәрбиелеу.
Түрі: дөңгелек үстел
Әдісі: Баяндау, сұрақ – жауап, ой бөлісу.
Көрнекілігі: проектор, «кәсіпкерлік», «бизнестің жол картасы - 202» бағдарламасы

Барысы.
Қайырлы күн құрметті қонақтар. Бүгінгі біздің «Кәсіпкерлік және бизнес» атты дөңгелек үстелімізге келгендеріңізге қуаныштымын.
Осы тақырыпты талқыға салмас бұрын ортамызға қонақтарымызды қарсы алайық.
- «Бизнес жол қартасы - 2020» бағдарламасының жетекші маманы:
- «Бизнес жол картасы - 2020» бағдарламасының несиелеу маманы
- «Жылыжай» жобасымен
- «Ірімшік» жобасымен
- «Арнайы киімдер» жобасымен
- «Сиыр фермасы» жобасымен

Ой қозғау
- Кәсіпкер, кәсіпкерлік ұғымын қалай түсінесіңдер?...
- Кәсіпкерлік дегеніміз не?

Жоспары.
1. Кәсіпкер және кәсіпкерлік қызмет туралы түсінік.
2. Кәсіпкердің міндеттері мен құқықтары
3. Шағын және орта кәсіпкерлік
4. Жарнама
5. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы
6. Менің бизнес жоспарым

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік – шаруашылық қызметінің маңызды түрі. Кәсіпкер – өнеркәсіп, сауда, т. б. фирмалардың иесі, тиімді істерді ұйымдастыра білетін іскер адам. Ақылмен қорыта алатын, тәуекелге бара алатын адамдар басқара алады және қойған мақсатына жете алады. Бұларды кәсіпкер деп, ал іс - әрекетін кәсіпкерлік деп атайды.
Кәсіпкерлік – экономикалық іс - әрекет, мақсаты – пайда табу, табысқа ие болу. Кәсіпкерлік өз ынтасымен тәуекелге бел буа алатын, жеке табыс пен пайда табуға ұмтылған азаматтардың қызметтері болып табылады. Кәсіпкерлік кез келген адам айналысуға болатын әрекет түрі. Бірақ құқы бар барлық адам кәсіпкер болуы тиіс емес. Табысты кәсіпкер болу үшін білім, іскерлік, қабілеттілік, күш - жігер, жауапкершілік, табиғи дарын болуы керек.

Кәсіпкерлер әр түрлі іс - әрекетпен шұғылдана алады.
«Әрбір кішкене жұмыстан түпкі мақсатқа жетудің баспалдағын көре білу – адамның идеалы болуының ең жақсы көрсеткіші». (Б. М. Теплов).
Басқару саласындағы ірі маман Макс Вебер бизнесті ақыл - ойдың дәнін себуші ретінде бағалаған. Атақты ортағасырлық араб ғұламасы Ибн Халдун кәсіпкерлікті «Адамдардың өз мүмкіндігі мен адал еңбегі арқылы молшылыққа кенелу іс - әрекеті» деп бағалады.

Ой бөлісу
- Кәсіпкер қандай болу керек?
- Фирмалар қалай құрылады және қандай түрлері бар?
- Шағын және орта кәсіпкерліктің мәні мен маңыздылығы неде?
- Кәсіпкер кез - келген уақытта өз бетінше шешім қабылдайтын, жаңалықтарын белсенді түрде тез іске асыратын, барынша тапқыр, тәуекелшіл, жігерлі, жауапкершілікті адам.
Кәсіпкер оның білімін, біліктілігін, бизнестің мәнін және ерекшеліктерін түсінуін сипаттайтын кәсіби қасиеттерге де ие болуы керек.
1. Қолайлы жағдайды тиімді пайдалана білу.
2. Уақытты пайдалана білу. «Уақыт – ақша» деген сөзді бизнесмен өз мәнінде түсінуі керек. Уақытты жоғалтқанда өз мүмкіндігің мен дәрежеңді де жоғалтасың.
3. Еркі мықты болу. Мақсат қойсаң, оған жет.
4. Өз ісіңді таба білу қабілеті. Әр адамның қабілеті мен біліктілігі әр түрлі, сондықтан қолынан не келетінін өзі анықталған маңызды.
5. Іске бағыттала білу. Соңына дейін беріле істей білу – кәсіпкердің маңызды қасиеті.
6. Құрбандыққа даяр болу. Бизнесте жетістікке жетем десең, өз уақытың мен үйреншікті тұрмыс жағдайларын, ұйқыңды жиі қиюға тура келеді.

Фирма – дербес шешім қабылдай отырып жоғары пайда табуға ынталанатын жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің ұйымдық – құқықтық формасы. Мұнай, газ, металл барлығы 5 - 7 ғана пайыз адамдарға жұмыс береді. Барлық әлемде 90 пайыз халыққа жұмыс беретін – шағын, орта бизнес. Германияның шайқалмай дағдарыстан өткен себебі: бүкіл өнімнің 80 пайызын кіші және орта бизнес береді.

Шағын бизнестің нақты қызметі:
Жаңа жұмыс орындарын құрады:
Жаңа тауарлар мен қызметтерді ендіреді:
Ірі кәсіпорындардың қажеттіліктерін өтейді:
Арнайы тауарлар мен қызметтерді қамтамасыз етеді.
Бизнес - пайда алуға бағытталған экономикалық қызмет, кәсіпкерлік.

Бизнес - жоспар – идеясын іске асырып пайда алу үшін жасалатын кәсіпкер әрекетінің жоспары. Жарнама жасау болып табылады.

Жарнама – 7 сынып
Жарнама түрлерімен ой бөлісу.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу. Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленді. Дөңгелек үстеліміздің қонағы «Бизнес жол картасы - 2020» бағдарламасының жетекші маманы: Әбіш Мөлдірге сөз кезегін берейік.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы Мемлекеттік үдемелі индустриалды - инновациялық даму бағдарламасын іске асыру тетіктерінің бірі болып табылады.

Бағдарламада нақты төрт бағыт қамтылған.
1 - бағыты – жаңа бизнес - бастамаларды қолдау.
2 - бағыты – кәсіпкерлік секторды сауықтыру.
3 - бағыты – кәсіпкерлердің валюталық тәуекелділігін төмендету.
4 - бағыты - кәсіпкерлік мүмкіндікті арттыру.
Экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау.

Сұрақтарыңыз болса
«Бизнес жол картасы - 2020» бағдарламасының несиелендіру бөлімінің маманы Мамедова Фатима несиелендіру түрлерімен таныстырып өтсін.
Мемлекет «Даму» қоры арқылы 5 пайызына субсидия береді. Субсидия - бюджеттен берілетін қаражат түріндегі қайтарымсыз көмек. Айналып келгенде кәсіпкердің кредиттік ставкасы 7 пайыздан аспайтын болады.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдауға ие болған жергілікті кәсіпорын нысандары аз емес.
Менің бизнес жоспарым.
Қатысушыларымыздың бизнес жобасымен танысайық.
Марапаттау.
Қорытындылау: Мемлекет кәсіпкерлердің арқасында, ал кәсіпкерлер өз мемлекетінің қолдауының арқасында өркендейді. Бұл дөңгелек үстел сіздерге үлкен ой салды деген ойдамын, алдағы өмірде белгілі кәсіпкер болуларыңа тілектеспін.
Еліміз бен мемлекетіміздің дамуына үлкен үлес қосады деген сеніммен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Алматы облысы, Карасай ауданы,
М. Габдуллин орта мектебі - мектепке дейінгі шағын орталығымен
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
математика және информатика пәнінің мұғалімі Ж. Темиргалиева
23 720
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қайырымды табыскер
Қайырымды табыскер
Оқушыларға табыс, табыскер, бизнесмен деген сөздердің мағынасын түсіндіру, экономикалық түсініктерді қалыптастыру.
Конституция – мемлекеттің негізгі заңы
Конституция – мемлекеттің негізгі заңы
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Рамазан Елебаев атындағы Құдықағаш орта мектебінің тарих және құқық негіздері пәні мұғалімі Шаймерденов Сейтжан Даулетханұлы
Бизнес және мен: ақша – уақыт тынысы
Бизнес және мен: ақша – уақыт тынысы
Сыныбы: 8 Тақырыбы: Бизнес және мен: ақша – уақыт тынысы
Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу
Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің Экономика, бизнес және құқық колледжінің А.Ә.Д. пәнінің оқытушысы Жумабеков Бейбіт Кайыржанович
Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер
Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер
Атырау қаласы, Бизнес және құқық колледжі, математика пәні мұғалімі Мукашева Ажар Сабақтың тақырыбы: Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер (математика-ағылшын кіріктірілген сабағы) Сабақтың түрі: Жаңа сабақ, білім сайыс сабағы. Әдіс-тәсілі:
Іскерлік ойын:«Менің бизнес жоспарым»
Іскерлік ойын:«Менің бизнес жоспарым»
Білімділігі: экономикалық сауаттылық арқылы оқушылардың дүниетанымдылық көзқарасын кеңейту. Кәсіпкерлік туралы түсінік бере отырып, бизнес жоспарын жасау, түйіндеме жазу, жарнамалау жолдарын үйрету;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×