Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ерекше тұлғалық болмысы

01 желтоқсан 2012, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы,
«№34 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ,
Жоғары санатты математика пәнінің мұғалімі
Масакбаева Сайра Сабырхановна

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні Мемлекеттік мерекеге арналған тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ерекше тұлғалық болмысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметі жайлы білімдерін одан әрі толықтыру Оқушылардың бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату. Болашақта отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді, білікті адамдар керек екенін аңғарту.
Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, өз ойын ортаға салу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, жалпы адами қасиеттерге ие болатын тұлға қалыптастыру. Еліміздің болашағы жас өспірімдердің Отан алдындағы борышын өтеуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының түрі: таным сағаты

Сабақтың көрнекілігі: «Ел таңдаған Президент» және «Қазақстанның Тұңғыш Президентінің ерекше тұлғалық болмысы» атты стендтер, ғаламтордан бейне таспа, Президенттің маңызды дәйексөздері жазылған кітапшалар, сабақтың мазмұнын бейнелейтін слайдтар, таратпа материалдары. кітаптар көрмесі, Шарлар, ленталар.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Сынып бөлмесі мерекеге арналып безендіріледі. Н.Ә. Назарбаевтың «Елім менің» әні ойнап тұрады. Оқушылар, Тәрбие сағатына шақырылған қонақтарды қарсы алады, одан кейін үш топқа бөлініп отырады.
Арнайы шақырылған қонақтар:
Жас Отан Жастар Қанатының жоба үйлестірушісі
Қазақ Гуманитарлық Заң Университетінің , Жас Отан Жастар Қанатының жетекшісі «№34 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ , оқу ісінің меңгерушілері: Оразбеков Естай Ниязбекұлы, Аққожина Рыскул Маулетқызы. 9, 10 сынып оқушылары. Бастауыш сынып оқушысы Нұрым Сағымғали

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті, оқушылар! Қазақстан Республикасы Парламенті қабылдаған Заңға сәйкес 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні – Мемлекеттік мереке ретінде белгіленді. Былтыр Парламент 1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен Тұңғыш Президенттің сайлауына қатысты осындай шешім қабылдаған болатын. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің бірлігін, Конституциясын, адам мен адамзаттың құқықтарын және бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы болып табылады.

Осыған орай, қабылданған Заң мемлекетіміздің азаматтарының отаншылдық рухын арттыра түсетін болады. Осы мерекеге орай ұйымдастырылып отырған, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерекше тұлғалық болмысы» атты тәрбие сағатын қош келдіңіздер
1-оқушы:
Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер түркіні жалауынан таныған.
Өзі батыр, өзі әнші халыққа,
Жарасады жігер берер Әнұран.
Қазақстан Республикасының Ән ұраны орындалады.
Мұғалім: Тәуелсіз ел болу, тұңғыш президенттің сайлануы, осы тұлғаның арқасында Қазақстанның бүкіл әлемге танылуы, шашылып кеткен қандас бауырларымыздың тарихи Отанына шоғырлана бастауы, Астана қаласының сәулеттене түсуі – бәрі, тәуелсіздігіміздің әр күні емес, әр сағаты жаңалыққа, игі істерге ұласып жатқанының айқын дәлелі.

Қазақ елінің жарқын болашағы, халықтарының бірлігі және бейбіт өмірі президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолында. Тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі –халқымыз өз таңдауымен ел президентін сайлады. Сөйтіп оған үлкен сенім артты, міндет жүктеді. «Рухы күшті ел – алынбайтын қамал» дейді халық нақылы. Халық үшін қызмет етуді бақыт санайтын Елбасымыз тұрғанда Қазақстан келешекте дамыған, өркениетті ел боларына кәміл сенеміз. Біз, мен және менің шәкірттерім 10 «В» сынып оқушылары Президентіміздің әр бастаған ісін қолдаймыз, Отанымыздың өсіп өркендеуіне өз үлесімізді қосамыз деп нық сеніммен айта аламын. Бүгінгі біздің сабағымыз үш топтың сайысы түрінде өтпек. Қане балалар сендерде өз білімдеріңді сынап көріңдер.

Іске сәт!
І кезең: (Үй тапсырмасы) Бұл кезеңде, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерекше тұлғалық болмысын сипаттау бойынша сайысады
1- топ: Қазақстан Республикасының Президентінің – өмір баяны
2-топ: Қазақстан Республикасының Президентінің - Мемлекет басшысының қызметінің көлемі, БИЛІК РӘМІЗДЕРІ
3-топ: Қазақстан Республикасының Президентінің - ЕРЕКШЕ ТҰЛҒАЛЫҚ БОЛМЫСЫ
Кітап көрмесін жарнамалау
І бөлім. Егеменді елдің Елбасы
ІІ бөлім. Әлемді мойындатқан тарихи тұлға
Ұйымдастырған: кітапхана меңгерушісі, Масалимова Самал Сұлтановна
ІІ кезең: Бұл кезеңде, қоғамдық-саяси өмірдің, экономика мен мәдениеттің және халықтың салт-дәстүрінің маңызды бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мейлінше ең маңызды дәйексөздерін жатқа айтып сайысады
ІІІ кезең: Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметіне байланысты құрылған сөзжұмбақты шешіп сайысады.
Сөз жұмбақ

1. Н.Ә.Назарбаевтың авторлық әні
2. Астанада, Қазақстан Президентінің суреті мен сызбасы негізінде салынған кешен
3. Н.Ә.Назарбаевтың кітабы
4. Ел басының мамандығы
5. Н.Ә.Назарбаев жоғарғы оқу орнында оқыған қала
6. Қазақстан Президентінің сүйіп тыңдайтын әні
7. Қазақстан Президентінің билік рәмізі
8. Нұрсұлтан бітірген орта мектеп қайда орналасқан
9. Н.Ә.Назарбаев басқаратын Халықтық-демократиялық партия
ІV кезең: Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен байланысты әндерді айтып және өлең оқып сайысады.
Оразбеков Естай Ниязбекұлы, Аққожина Рыскул Маулетқызы Елбасының ұнататын әндерінің бірін орындады, халық әні «Сәулемай». Нұрым, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Елім менің» әнін орындады
V кезең: Қорытынды.
1. Ғаламтордан Н.Ә. Назарбаевтың сұхбатынан үзінді тамашалау Тәуелсідіктің 20 жылдығы қарсаңында, Хабар агенттігі.
2.Әр топ бүгінгі сабақ туралы ой түйеді.
3. Оқушылар пікірі, тілегі.

4.Мұғалімнің қорытынды сөзі: Міне біздің білім сайысы да мәресіне жетті, дегенмен бүгінгі сабаққа қатысқан топтардың үшеуін де жеңімпаз деп жариялағым келіп тұр, себебі осндай атаулы күнде, үлкен мерекені атап өтуге атсалысқан оқушылардың барлығы да жеңіске жетті. Қымбатты оқушылар! Бүгінгі мереке құтты болсын, осы сабақтан ескерткіш ретінде, Елбасымыздың құнды пікірлері мен дәйексөздері жинақталған мына кітапшаларды сендерге тарту етпекпін. Әр мерекенің өзіндік дәстүрлері біртіндеп қалыптасады ғой, мерекелерде кітап сыйлау дәстүрі жалғасын тапсын дегім келеді.
Сендерден болашақта елін сүйген, халқы үшін қызмет жасайтын азаматтар шығады деп үміттенемін.
17 706
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Елін сүйген, елі сүйген Елбасы
Елін сүйген, елі сүйген Елбасы
Білімділік: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметі жайлы білімдерін одан әрі толықтыру. Студенттердің бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату. Болашақта отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді,
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қарасай ауданының, Шамалған ауылында дүниеге келген. Ақылды, зерек бала болып өсті.
Елбасы - ел көсемі
Елбасы - ел көсемі
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмірі мен патриоттық сезімдерді ұялату. Болашақта отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді, білікті адамдар керек екенін аңғарту.
Елі сүйген, елін сүйген Елбасы
Елі сүйген, елін сүйген Елбасы
Атырау облысы, Индер ауданы, "Көктем" қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Нариманова Гауһар Нариманқызы
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Атырау қаласы жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахмеджанова Гүлжан Утеуовна
Елін сүйген, жерін сүйген – ер  аға
Елін сүйген, жерін сүйген – ер аға
Ақтөбе қаласы, № 30 қазақ орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Самбаева Турсынай Байдаулетовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×