Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Елдің асыл тірегі – Ата Заң

05 желтоқсан 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің – 25 жылдығына арналған
«Елдің асыл тірегі – Ата Заң» сынып сағаты
2 сынып
2016 - 2017 оқу жылы
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Конституциясы
Мақсаты: 1. Балаларға Ата Заңымыз, адам құқықтары туралы түсінік беру.
2. Оқушыларды өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету, өзіндік шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту.
3. Құқықтық сауаттылыққа және Отанын сүйетін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
І. Ұйымдастыру: Кіріспе әңгіме
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Қазақстан Республикасының Конституциясы» атты сынып сағатымызға қош келдіңіздер!
Еліне арналатын тілегі шын,
Ей, ұлым – Отанымның түлегісің!
Іргесін туған елдің тіреп тұрған
Қадірін Ата Заңның білемісің?!,- деп ақын жырлағандай бүгін оқушыларымызға Ата Заңымыз туралы терең түсінік беру үшін сынып сағатымызды тренинг түрінде өткізбекшіміз.
Сен шыр етіп дүниеге келдің. Сен сияқты қаншама адам дүниеге келуде. Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы – Конституциясы бар.
1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз ҚР тұңғыш конституциясының негізгі заңы қабылданды да, 1995 жылы 30 тамызда біздің қоғамымызда өзгерістерге, жаңа талаптарға сай толықтырылған жаңа Конституциясы өмірге келді.
Қазіргі Ата Заң 98 баптан, 9 бөлімнен тұрады. Конституция негізінен әлемдік тәжірибеде жиі қолданатын, халықаралық Адам құқығы туралы декларация (1948 ж 10 желтоқсан Нью - Йорк) және 1989 ж 20 қарашада қабылданған Балалар құқығы туралы конвенцияға сәйкестендіріліп жасалған.

Мемлекеттік әнұран орындалады.
Біз сабағымыз әнұраннан басталуы тегін емес. Мемлекетіміздің Қазақстан Тәуелсіздігіне орай 25 жыл толғалы отыр. Сондықтан 25 жұлдызды күніне орай «ҚР Конституциясы» туралы сөз қозғап отырмыз.
- Балалар, Конституция дегеніміз не?
(Конституция дегеніміз – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттік заң). Қазақстан Республикасының Конституциясы – Қазақстанның Ата (негізгі) заңы.
Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің қайнар көзі – өзінің егемендік құқығын баянды етті. Ата заң қабылданған күн 30 тамыз – мемлекеттік мереке – ҚР Конституциясының күні деп жарияланды.
Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртінші Ата заңы.
(1937, 1978, 1993, 1995)
Конституция – барлық заң салаларының негізі, ал оның нормалары – басқа заңдар үшін басты қағида болып есептеледі.

Қандай құқықтар мен бостандықтары туралы білесіңдер?
(Біздің конституцияның заңына сәйкес өмір сүруге, мамандықты таңдау құқықтары, демалысқа, баспана мен медициналық көмекке құқылымыз. Заң алдында барлық адамдар бірдей, әр адамды мемлекет, сот және милиция арқылы қорғайды.
Ендеше тексерейік (Презентация. Слайд3, 4.)
“ Тауып көр”. Ойынын ойнап көрейік
2 жұпқа бөлінейік. Әр топқа ертегі кейіпкерлері қандай құқықтарды көрсетіп тұрғанын тауып айтасыңдар. Егер жауап болмаса, немесе дұрыс болмаса басқа топқа жауап беру құқығы беріледі. (Слайды 5 – 10.)
Барлықтарыңыз белсенді, тапқыр болдыңыздар
2. Жаңа материал.
9 - бап Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері — Туы, Елтаңбасы және Әнұраны бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібi конституциялық заңмен белгiленедi.
Мен – мұғаліммін және ҚР азаматшасымын. Ал сендер Зеленогай орта мектебінің 2 «А»сынып оқушысыңдар, сонымен қатар ҚР азаматтарысыңдар. Біз барлығымыз ҚР рәміздерін біліп, құрметтеуіміз керек. Оларды атаңдаршы.

ГИМН 1992 жылы 4 - маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер:
Елтаңба, Ту, Әнұраны бекітілді.
Мұғалім:
Біздің сабағымыздың басында ҚР гимні орындалды. Гимн дегеніміз не, ол туралы не білеміз? Және гимн ай уақытта айтылды?
Салтанатты гимн ұлтты бірлікке жұмылдырады, Және өз Отанына деген мақтаныш пен құрмет сезіміне бөлейді.
Қазақтың біртуар Батыр ұлы - Бауыржан Момышұлы
1 – Мәтін
Бауыржан Момышұлы Ташкент қаласынан қайту үшін вокзалға келеді. Вокзал алды жолаушыларға толы. Бауыржан аталарыңның үстінде полковник шеніндегі әскери киім болатын. Сәл жүргеннен кейін аяқ астында жатқан бір тиынды көреді. Еңкейіп жерден алады да жеңімен әлгі тиынды сүртіп қалтасына салады. Мұны жанынан өтіп бара жатырған орыс әйелі көреді де, батыр бабаларың Бауыржанға « Өзіңіз қандай полковниксіз, ақшасыз адам сияқты жерден еңкейіп бір тиынды алуға арланбайсыз ба? Ұят емес пе, жұрт не ойлайды? – деп өз ренішін білдіреді. Бауыржан әлгі әйелге бұрылып қарап, тиынды ақша керек болғандықтан емес, сол тиын арқылы өзінің азаматтық борышын атқарғанын айтты. Ал әлгі орыс әйелі Бауыржан аталарыңнан қайта – қайта кешірім сұрап жөніне кетеді.
Сұрақ: Бауыржан жерден тиынды неге алды және қандай азаматтық борышын өтегені туралы айтты?
Жауабы: Елтаңба
ІІ – мәтін.
Ұрыс даласында жау қоршауында қалған бөлімнің, қоршаудан шығу мүмкіндігі жоқ. Ұрыс сәл саябырлап, айналада тыныштық орнаған сәтте, бөлім командирі сенімді жауынгерлерді іріктеп, оларға тапсырма берді. Жауынгерлер өздеріне тапсырылған матаны көйлек ішінен белге орап алып, жау қоршауынан шығып орталыққа жеткізді.
Сұрақ. Бөлім командирінің тапсырмасы
Жауабы: Мемлекеттік ту

Солтүстік Қазақстан облысы,
Тайынша ауданы, Зеленый Гай селосы
Зеленогай орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі
Ергалиева Асель Слямшовна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 350
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ата заңымыз – айбатты
Ата заңымыз – айбатты
Балаларға еліміздің рәміздерін қастерлеп, өз Отанын сүюге, халқымыздың әдет - ғұрпы, салт - дәстүрін сақтап, Ата заңымызды құрметтеп, ұлтжандылыққа, достыққа тәрбиелеу.
Елдің асыл тірегі Ата заң
Елдің асыл тірегі Ата заң
Ел тәуелсіздігіміздің жиырма жылдығына орай оқушыларға Конституцияның сипаты, маңызы туралы түсінік беру. Ата заңның қалыптасу тарихының кезеңдері және оның ерекшеліктері туралы білімдерін тереңдету.
Ата заң – алтын діңгегім!
Ата заң – алтын діңгегім!
Құқықтық сауаттылыққа және Отанын сүйетін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
Ардың шыңы - Ата Заң
Ардың шыңы - Ата Заң
Мақсаты: 1. Балаларға Ата Заңымыз, адам құқықтары туралы түсінік беру. 2. Оқушыларды өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету, өзіндік шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту.
Ата заңым-ардағым
Ата заңым-ардағым
Тақырыбы: «Ата заңым – ардағым» Мақсаты: Ата заң туралы оқушылардың түсініктерін кеңейту.
Мен және менің міндеттерім, құқықтарым
Мен және менің міндеттерім, құқықтарым
Семей қаласы, Қ.Рысқұлбеков атындағы 33 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ерменова Алмагул Мұқатаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×