Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаңа жыл мерекесіне арналған. Мұз патшалығына саяхат

05 қаңтар 2017, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Мұз патшалығына саяхат
Зал мерекеге сай безендірілген. Музыка әуенімен балалар залға кіреді. Балалар шыршаны шыр айналып жұп - жұбымен тұрып ән айтады.
Ән:
Жүргізуші:
Армысыздар құрметті көрермендер, ата - аналар, ұстаздар! Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын! Бүгінгі №9 «Қарақат» ересек тобының жаңа жылдық мерекелік ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Зейнеп: Жасыл шырша қош келіпсіз
Сені аңсап жүрдік біз
Өзіңменен жаңа жылды
Қарсы алуға келдік біз
Жасыл шырша жанында
Ойнап күліп қайтамыз
Жасыл шырша жанында
Өлеңді де айтамыз.

Илья: Что такое Новый год?
Этот день все наоборот
Елки в комнате растут
Белки шишек не грызут
Зайцы рядом с волком
На колючей елке
Дождик тоже не простой
В Новый год он золотой!

Нурсая: Кел Жаңа жыл,
Төрле, төрле жеріме
Құт береке боп келгейсің еліме
Үміт артып армандарға аяулы
Шаттығыңа бөлегейсің бізді де

Абдужамил: Кел төрлет, жаңа жылым, құтты жылым
Өзіңді бүкіл елім күтті бүгін
Қарсы алдық сені еңселі еңбекпенен
Жарқырап әне алдымнан шықты күнім

Ұлбосын: Жаңа жылға арналады жаңа жыр
Жаңа жылда шақырады бар өмір
Бақыт болып жаңа жылым келді ғой
Құтты болсын құтты болсын жаңа жыл.

Жалғас: Жаңа жыл мерекесі құтты болсын
Әрқашан мерекелік көңіл болсын
Кеудеміз күмбірлеген жырға толып
Қане достар, күлкімен орта толсын

Жанерке: Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге
Жаңа табыс тілейік ісімізге
Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін
Мына отырған барша жан бәрімізге

Мадина: Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағынған
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған
Кел балалар келіңдер
Тамашаны көріңдер.

Сауран: Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр
Ізгілік бірлік дәнін ортаға ысыр
Құт болып береке бер халқымызға
Мерейін мәртебесін биікке асыр

Топқа ертегі перизаты келеді. Қолында қолшатыры бар.
- Сәлеметсіңдер ме балалар!
- Мен сендерді ертегіні өте жақсы көреді деп естіген едім, сондықтан мен сендерге өте керемет бір ертегі ала келдім.
- Бұл дәл Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында болған оқиға. Бір кішкене қалашықта Кай мен Герда есімді достар өмір сүріпті. Олар өте тату болыпты. Бірге ойнағанды, гүл өсіргенді, терезенің алдына отырып қар жауғанын тамашалағанды өте жақсы көреді екен. Бір күні Герда кітаптан сонау алыс - алыс өңірде бір Қар ханшайымы өмір сүретінін, ол өзінің сиқырлы айнасынан әлемдегі барлық оқиғалардан хабардар болып отыратыны туралы естиді. Тіпті жер бетіндегі әр қар түйіршігі оның қалауымен жауатыны туралы естіп қатты қорқады.
- Бірақ шынымен де сонау солтүстік полюс жақта Қыс - Әке мен Көктем - Анадан туған Қар ханшайымы мұз сарайында өмір сүріп жатқан болатын.
(Қар ханшайымы тақта отырады, қызметкерлері шығады.)
Қар ханшайымы:
- Зерігіп кеттім мен мұнда,
Жалғыз өзім қашанда
Қар менен мұз борандар
Көңілсізбін мен мұнда.
Қызметкерлері:
- Ханшайымым біз бармыз
Қуантамыз сізді біз.
Би: «Аяз ата мен ақшақарлар»
Қар ханшайымы:
- Суықсыңдар сендер тым,
Керек емес бұл маған
Мен қалаймын жылулықты.
Кеше мен бір түс көрдім
Сүйкімді бала күтіп жүр мені.

(ортаға Кай шығады, оған Герда жүгіріп келеді)
Герда: - Кай, Кай сен Қар ханшайымы туралы естігенсің бе?
Кай: - Жоқ естігем жоқ Герда.
Герда:
- Білесің бе Кай, ол сонау алыс - алыс өңірде өмір сүретінін, ол өзінің сиқырлы айнасынан әлемдегі барлық оқиғалардан хабардар болып отырады екен. Тіпті жер бетіндегі әр қар түйіршігі оның қалауымен жауатын көрінеді. Мүмкін дәл қазір ол өзінің айнасынан бізге қарап отырған шығар. Мен қатты қорқам Кай.....
Кай:
- Герда сен қорықпа мен бармын ғой. Ол Қар ханшайымы келсе мен оны ұстап алып пешке отырғызып қоям, ол еріп быт - шыт болады.
(Герда мен Кайдың әңгімесін естіген Қар ханшайымы өте қатты ашуланады. )
Қар ханшайымы:
- Жапалақта аппақ қар,
Борандарым соғыңдар,
Аяз қаптап жан жақты,
Мұздарымды шашырат,
Мұзым тиген әр жүрек
Тас болып қатсын ертерек.
(Мұз түйіршігі келіп Кайдың да жүрегіне тиеді. Кай өте өзгеріп кетеді.)
Музыка әуенімен ортаға шанасын суретіп Кай шығады. Шыршаның шамы сөніп, боран мен желдің дауысы шығып, ортаға Қар ханшайымы шығады.
- Сәлеметсің бе Кай! Мен саған келдім, мен сені сонау алыстағы керемет жерге алып кетуге келдім. Ол жерде ешкім сені мазаламайды, тек екеуміз өмір сүретін боламыз. Жүр менімен Кай!
- Мееен, әлгі Гердааа....
- Ұмыт Герданы, жүр менімен Кай....
Қар ханшайымы Кайды алып кетеді,,, Герда шығып шыршаны айналып Кайды іздейді, сосын шыршадан сұрайды.
Герда: (шыршаға қарап)
- Сәулетті шырша сен Кайды көрмедің бе?
- Жасыл шырша сен ол туралы естімедің бе?
Шыршаның дауысы:
- Сен Кайды іздеме Герда
Қонақта болды зұлым ханшайым
Мұздар патшалығының иесі
Бұрқасын, боран, қарлардың
Сиқырлы зұлым күшімен
Сарайына алып кетті
Іздеме оны іздеме....
Герда:
- Ол сарай қайда, айтшы
Бар шындықты жайып салшы...
Шыршаның дауысы:
- Ол сарай тым алыста
Қара орман артында
Жол шығады солтүстікке
Қорқынышты бір өзіңе...
Герда;
- Барлық жолдар, бар сапар
Мен оны жүріп өтемін
Суық пен боран түк емес
Досыма әлбетте жетемін
Герда жолға шығады, жүре - жүре Герда Гүлдер ханшайымының сарайына келіп жетеді.
Гүлдер ханшайымы:
- Амансың ба сұлу қыз!
Сен мұнда не істеп жүрсің?
- Мен Кайды іздеп жүрмін,
Көрдіңіз бе, сіз оны?
- Байқамадым мен оны
Басынан бастап айтшы енді..
- Асығуым керек мен
Уақытым жоқ өкінем...
- Герда сен табасың Кайды
Алдыменен деміңді ал
Отырып алып демал
Гүлдер биін қабыл ал
Би; «Гүлдер»
Герда:
- Рахмет сізге ханшайым...
Кетуім керек менің шын...
Гүлдер:
- Сау бол, Герда аман бол..
Жолың болсын бара ғой
Герда шыршаны бір айналып қайта келеді.

Герда:
- Ой, как холодно в лесу
Ну, куда же я пойду?
Вот пенечек, отдохну
И немножко подремлю
Герда садится на пенек и засыпает. Из за елки выходит Ворон...
Ворон:
- Девочка, кто ты скажи
Да не плачь ине дрожи
Попляши со мною вместе
А потом все расскажи
(исполняется танец Герды и Вороны)

Шымкент қаласы,
№25 "Қарақат" бөбекжай - балабақшасының
ІІ санатты тәрбиешісі Шолатова Айжан Нуралиевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 673
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Жасыл шырша жанында
Жасыл шырша жанында
Қайырлы күн, құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін міне, 1 сынып оқушыларының жаңа жылды қарсы алуға арналған «Жасыл шырша жанында» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Жаңа жыл 2023
Жаңа жыл 2023
Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын. Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт - береке әкелсін.
Күлте қыздың сауық кешіне баруы (жаңа жылдық ертегі)
Күлте қыздың сауық кешіне баруы (жаңа жылдық ертегі)
Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар бүгінгі Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын!
Құтты болсын Жаңа жыл
Құтты болсын Жаңа жыл
Ақ көңілім айналды аппақ қарға, Көңілдене қосыл сен ән мен жырға Қыс қызығы басылмай ұласады, Қуанышы көп болсын Жаңа жылға
Сәлем, Жаңа жыл!
Сәлем, Жаңа жыл!
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №21 жалпы негізгі білім беретін мектептің мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі Иксангалиева Жұмабике Өтегенқызы
Жаңа Жыл - Жаңа Жыр
Жаңа Жыл - Жаңа Жыр
Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт-береке әкелсін.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×