Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош келдің, Әз Наурыз!

05 наурыз 2020, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қош келдің, Әз Наурыз!
Залда әсем әуен ойнап тұрады.
Мәдие жүгіріп кіреді. «Құтты болсын Наурыз!» деп шыр көбелек айналып, артынан бір топ балалар билеп кіреді әсем әуенмен.
Тәрбиеші: Армысыздар құрметті қонақтар. Ұлыстың ұлы, күні - Наурыз құтты болсын!
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!
Ата - аналарды мадақтау. Балабақша ішінде өтілген көрмеге қатысқандары үшін.
Наурыз мейрамы қарсаңында «Шабыт» сәндік қолданбалы көрмеге белсене қатысқаны үшін Исмагулов (Ильина Екатерина) отбасы марапатталады. (Мерекенің отбасы)
Тәрбиеші: Ендеше мектеппен сабақтастық болғандықтан, ортаға мектеп алды даярлық тобын шақырайық қонаққа, ұлыстың ұлы күнін бізбен бірге қарсы алыңыздар.
Тәрбиеші: шашу шашу. Сәлем бердік, біз сізге!
Тәрбиеші: Рақмет, Төрлетіңіздер. Наурыз жыл басы, наурыз қуаныш мерекесі.
Тәрбиеші: Ендеше «Тұлпарым», әні ұлдардың орындауында.
Тәрбиеші: жарайсыңдар! Рахмет.
Тәрбиеші: Қонақтар бізге де құр келмепті өздерімен өнерлерінде ала келіпті қарсы алайық "Көрініс»
Тәрбиеші: Рахмет сіздерге тамаша
Тәрбиеші: Келесі кезекті осынау қасиетті мерекеге арналған тақпақтарға береміз.
Баяу самал еседі,
Сиқырлы қобыз секілді,
Үлкендер де жастар да,
Наурызға асығып келеді.
Келіңіздер, келіңіздер!
Бәйге мен айтыс болады,
Осы мейрамда көрсетіңдер,
Бойдағы бар өнерді.
Мәди
Көктем келді, балақай,
Жасарды жер, алақай.
Наурыз тойын тойлайық,
Әсем әнге салайық.
Сәлімгерей
Кел балалар ойнайық,
Наурыз тойын тойлайық
Баянды боп мереке
Қыр гүліндей жайнайық
Аяри
Ұлыс оң болсын. Ақ мол болсын!
Қайда барсаң, жол болсын
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле – жала жерге енсін
Мирас
Бата беріп атамыз,
Бата беріп әжеміз
Тәтті болып жасаған
Көжеден дәм татамыз
Мереке
Тәрбиеші: бәрекелді балалар. Тақпақты сондай жақсы айтады екенсіңдер.
Тәрбиеші: Ал енді, күш сынасуға, әркімнің өз ептілігін сынауға уақыт келіп жетті.
Ойын: « Күш сынасу»
Тәрбиеші: келесі кезекті мың бұралған бишілерге де, кезек келіпті, ендеше
Би: «Көкпар»
Тәрбиеші: рахмет бәрекелді ендеше, кезекті қонақ балалардың тақпақтарын тамашалайық.
Тәрбиеші: өркендерің өссін жарайсыңдар!
Тәрбиеші: Ән: «Құлыншақ», Мектеп алды даярлық топ балаларының орындауында. Рахмет......
Тәрбиеші: рахмет жарайсыңдар! Ендеше, ойын: «Аса таяқ» ойынның шарты: балалар шаттық шеңбер құрып отырады. Ал тәрбиеші ән әуен басталғанда балаларды айланып жүріп, екі баланың арасына аса таяқты тастайды. Сол кезде, екі бала тең тұрып әуен басталғанда шеңбермен жүгіріп кім тез аса таяқты алса сол жеңімпаз аталады.
Тәрбиеші: Ой қандай керемет ойнайсыңдар рахмет.
Тәрбиеші: мың бұралған қыздардың орындауында би «Домбыра» қарсы алыңыздар.
Тәрбиеші. Бәрекелді балалар рахмет.
Тәрбиеші: келесі кезекті ұлыстың ұлы күніне арналған «Наурыз көктем» әнін қарсы алыңыздар балалардың орындауында.
Осымен мерекелік іс – шарамыз аяқталды, келгендеріңізге көптен - көп рахмет дей отырып дастарханға Наурыз көжеге шақырамыз. «Ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамы құтты болсын!

Ақмола облысы, Есіл ауданының Есіл қаласы
«Есіл ауданының білім беру бөлімі Есіл қалалық
№3 «Балбөбек» бөбек балабақшасы МКҚ
тәрбиешісі: Мұратхан Гүлбақша
4 831
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қош келдің, Наурыз!
Қош келдің, Наурыз!
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;
Нұр себеле – Әз Наурыз!
Нұр себеле – Әз Наурыз!
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы түсінік беру. Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт – дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу.
Наурыз келді алақай, Жер көгереді балақай!
Наурыз келді алақай, Жер көгереді балақай!
Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді. Ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ұлы мереке сіздерге бақыт, қуаныш, сыйласын!
Жыл басы Наурыз
Жыл басы Наурыз
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүріне дәріптеуге тәрбиелеу; Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Қош келдің Наурызым!
Қош келдің Наурызым!
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің мектепалды даярлық тәрбиешісі Қошимова Айгүл Сарсенбайқызы
Армысың, Әз Наурыз!
Армысың, Әз Наурыз!
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі - Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт - дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×