Білімділер поралы

Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш

Тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш.
Мақсаты: Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздермен жан - жақты таныстыру, ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау;
Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой өрісін кеңейту;
Отанды сүюге, рәміздерді құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ҚР рәміздері, нақыл сөздер, суреттер, Н. Назарбаевтың портреті, ҚР Конституциясы, баптар
Жүрісі.
Ұйымдастыру
Кіріспе
Мұғалім: Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып, 1992 жылы 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер Ту, Елтаңба, Әнұран бекітілді.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Жарлығымен 4 - маусым «ҚР Мемлекеттік рәміздер күні» болып белгіленді.
ҚР Конституциясы 1995 жылы 30 - тамызда референдумда қабылданды. 9 - бөлім, 98 - баптан тұрады.
9 - бабында ҚР мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы, Әнұранның сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі конституциялық заңмен бекітілген.
34 - бапта әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылады.
Мемлекеттік рәміздер белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман аңсарын, басқалармен байланыс мұраттарын білдіреді. Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір азамат терең түсініп, оны қастерлей білу керек.
Мақтансаң мақтан елім деп,
Тани біл елдік таңбаңды.
Елтаңба, Туын, Әнұран –
Тәуелсіздікке тән белгі –
Қасиетті осы рәміздер.
Еліме рух, мән берді,
Иесі оның мына біздер,- деп сынып сағатымызды ары қарай жалғастырамыз.

1 - оқушы:
Көк жүзінде көгілдір
Гүл жайнаған мөлдір нұр.
Қазақстан жалауы –
Азаттықтың алауы.
Желбірейді аспанда,
Отан орны асқарда.

2 - оқушы: Ту
Мөлдір, бұлтсыз ашық аспан күмбезің,
Бейнелеген алтын шапақ күн көзін.
Адалдық пен пәктік көңіл нышаны
Көріп жүрмін көк туымды күнде өзім.

Көгілдір түс мөлдір, таза пәктігім,
Ырымдады болса екен деп сәтті күн.
Бейбітшілік, тыныштықтың нышанын,
Көк туымыз білдіріп тұр тап бүгін.

Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адамдық диханшысы
  • Асель28
    Жазған: Асель28
  • Акниет Нурым
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Мейрамгали Акниет
  • ramuk_b
    Жазған: ramuk_b
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Эвфемизм мен дисфемизм
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 219
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 219
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика