Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Музыкалық – әдеби композиция «Тарих беттерінен...» әзірлемесі

26 желтоқсан 2017, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Музыкалық – әдеби композиция «Тарих беттерінен...» әзірлемесі
Мақсаты:
• Келешек ұрпақты отансүйгіштікке, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу;
• Оқушы бойына ұлттық рух, намыс, жігер сияқты асыл қасиеттерді терең сіңіру;

БАРЫСЫ:
1 - көрініс
Сахнаға 4 оқушы шығады формамен, қолдарында кітап шығып диалог жүргізеді.
- Мерейхан, алдында үлкен сын - ҰБТ - тұр. Осы сынықтан кейін қандай жоспарың бар?
- Мен үлкен дайындық үстіндемін. Бірақ ҰБТ нәтижесі қандай болса да, мен өз болашағымнан, елімнің ертеңінен қорықпаймын, керісінше қуанамын, өйткені келешегім нұрлы болмақ.
- Иә, мен сенің сөзіне толығымен келісемін. Оған себеп, бүгінгі «арыстандай», «қырандай» күшті жас ұрпақтың, біздің әдетіміз, ұтымды ұмтылысымыз.
- Мен Қазақ болып туылғаныма, осындай бай, байтақ өлкеде өмір сүріп жатқаныма бақыттымын. Мен Тәуелсізбін, тәуелсіз елдің ұрпағымын. Білектің күшімен, найзаның ұшымен, соңғы демі қалғанша туған жерімізді қорғап, бізге аманат етіп қалдырған ұлы даланың еңбегі жүрегімізде мәңгілікке жаңғыруы тиіс.
Футаж «Кері жүретін сағат» 1920 - 1930 жылдар

1 - көрініс
Сахнаға 4 оқушы шығады формамен, қолдарында кітап шығып диалог жүргізеді.
- Мерейхан, алдында үлкен сын - ҰБТ - тұр. Осы сынықтан кейін қандай жоспарың бар?
- Мен үлкен дайындық үстіндемін. Бірақ ҰБТ нәтижесі қандай болса да, мен өз болашағымнан, елімнің ертеңінен қорықпаймын, керісінше қуанамын, өйткені келешегім нұрлы болмақ.
- Иә, мен сенің сөзіне толығымен келісемін. Оған себеп, бүгінгі «арыстандай», «қырандай» күшті жас ұрпақтың, біздің әдетіміз, ұтымды ұмтылысымыз.
- Мен Қазақ болып туылғаныма, осындай бай, байтақ өлкеде өмір сүріп жатқаныма бақыттымын. Мен Тәуелсізбін, тәуелсіз елдің ұрпағымын. Білектің күшімен, найзаның ұшымен, соңғы демі қалғанша туған жерімізді қорғап, бізге аманат етіп қалдырған ұлы даланың еңбегі жүрегімізде мәңгілікке жаңғыруы тиіс.
Футаж «Кері жүретін сағат» 1920 - 1930 жылдар

2 – көрініс
«Елім - ай» әні. Көш келеді.
Көш ішінде баласынан айырылған ана жылауы, әкесінен айырылған ұл жылаулары көрсетіледі. Көш соңында әлсіз қария:
- Ей, Алаштың ерке баласы, азап пен қайғыға толы зобалаң ашаршылықтан қазақтың көбі қырылып қалды. Қазақтың кең сахарасында аштықтан қосып көшкен халық сенің ата - бабаң, бауырларың. Сен сол қасірет көштен аман қалған адамдардан тараған ұрпақ екенінді ұмытпағайсың.

Сахна жабылады

3 - көрініс
Футаж «1937 жыл»
(Гульбахрам, Сакен, кітап, үстел, майшам, жылаған бала дауысы,)
Гүльбахрам монологі
- 1937 жылдың күзі Гүлбахрамның өмірін екіге бөлді. Бірінші бөлігі куаныш пен шаттыққа толы, Сакеннің махаббаты, ұлдарының дүниеге келуі мен адал жандардың құрметі. Екіншісі қайғы мен үрейге толы. Қиын - қыстау заматтарда жанымызжың жұбанышы – кішкентай Аянымыз болатын.
Сакен қауіптің алдын сезді. Беймбет Майлин, Ілияс Жансүгіров тағы да басқа Сакеннің жолдастарына халық жауы деген жалған айып тағылды. Күнде таныстардың біреуін тұтқандады деген хабар естіп отырдық. Сакеннің де кезегі келетіндігін біз түсіндік. Әр күн телефон шырылы мен есік сықыры зәремізді алды. Әр сыбдырға құлақ түретін халге душар болдық.
Мен жолдасымның батыл адам екендігін білетінмін. Ол жүректілігін бірнеше рет дәлелдеген болатын. Ал қазір сол арыстандай айбатты жан басына түскен қайғымен мысы басылып отыр. Қолы қалтырап, дауысы қарылған да кездері болды. Қыркүйек айының соңы. Біздің үйге қарай беттеген екі бейтаныс адамдарды көріп қалдым. Сол мезетте жүрегім солқ етті. Дереу бөлмеге жүгіріп кірдім.

4 - көрініс
- Сәкен, бізге келе жатыр! – деп айғайладым.
Келгендердің біреуі Сәкенге бір парақты ұсынды.
- Бұл не?
- Бұл – қамауға алу ордері. Киініңіз!
- Қайда? Не үшін? – Сәкен барлық мән - жайды біліп тұрса да, еш ойсыз сұрақтар қоя бастады.
- Барған кезімізде барлығын түсіндіреді. Қане, жылдам. Тездетіңіз!
Сакен өз - өзіне ұқсамады. Өзін қоярға жер таппай, орындыққа бір отырып, бір тұрды. Өңі қашып, сұрланып кетті. Аянжан әкесінің мойынына жабыса құшақтап, бар дауысымен айқайлап, жібермеді. Көз алдымызда жылдар бойы жинақталған қолжазбалар мен еңбектері, жеке кітапханасы жалмаңдаған жалынға оранып, күлге айналды. Сол сәтте маздаған отпен менің өмірім де қара күйікке айналды. Менің аяғым қалтырады, жанарымдағы жасыма ерік бердім.
Жарты жыл көлемінде темір тордың табалдырығын торауылдаумен болдым. Бір сәтке Сакенімнің жүзін көрмек түгілі, апарған сәлемдемем қолына тигеніне шүкіршілік етумен қараңғы күндерім өтті. Төбемді қара бұлтпен торлаған азапты күндер көктемнің де келіп жеткенін аңғартпады.
Сол бір көктем халық арасындағы Алматы халық жауларының жұбайлары мен балаларынан тазартылады деген сыбыспен толды...
Күндердің бір күнінде милиционер келіп, бес күн ішінде қаладан қараңды батыр деген бұйрық берді. АЛЖИР лагеріне жолдама қағазын қолыма ұстатты.
Лық толы, лас вагонмен Аянжан екеуіміз амалсыздан Ақмолаға бет алдық. Бұл жол маған бұрыннан таныс тұғын. Кезінде Сакенмен қуана шеккен сапарларымыз дәл осы жолмен осыншама азапты болып айналып келетіндігін кім ойлаған?!... Бәлкім қыс бойы қара суық тұла бойын тоңдырғаннан ба, әлде тойып тамақтанбағаннан ба, Аянжанымның өңі бозарып, әлсірей бастады. Денесі күйіп, қызуы көтерілді. Бастапқыда қиналғаннан жылаған Аянжанымның әлі құрып, қозғалуға да мұршасы келмей қалды. Балапанымның шыбын жанын сақтап қалуға қолымнан еш шара келмегендіктен, бар үміт отым тек бір Алла Тағалаға жалбарынумен маздап тұрды. Қарғыс атқан ұзақ жолда Сәкеннен қалған жалғызымнан айырылып қаламын ба деген ойлар өзегімді өртеген сайын, Аянжанымды бауырыма қаттырақ қыса бердім.
Бірақ сұм тағдырға кім қарсы келмек?! Көкшетауға таяғанда қаршадай Аяным соңғы демін алып, қолымда қайтыс болды. Бұл жолғы ажал жүрегімді қақ айырып, жанымды сыздатты. Көзімнен көл болып аққан көз жасы өзімен бірге өмірімнің мәнін, сәнін шайып алып кетті.
Ендігі жалғыз міндетім сәбиімнің денесін қара жерге тапсыру. Көкшетауда менің кебімді киген жанымдағы жандар қолтықтап вагоннан шығарды. Талай рет дәл осы жерде Сәкенмен көпшілік қошеметіне бөлентіп қарсы алған перронмен күні бүгін күңгірт тартып, Сәкенсіз қолымдағы өлі баламмен қайта қауыштым.
Осы перрон Сакеннің жалғасы, қамшы ұстар жалғыз тұяғын өзіне қабылдап артта қала берді. Тағдырдың тауқыметі мен сұрапыл заманның айдауында Атбасарға қарай бет алып, Есіл бойындағы әйелдер колониясына кете бердім.

5 - көрініс
Футаж «1941 жыл 22 маусым»
Сахнада мектеп түлектерінің қоштасу кешінен үзінді. Түлектер вальс билейді. Левитан дауысы. Ұлы Отан соғысының басталуывн хабарлайды.

6 - көрініс
Футаж «1945 жыл 9 мамыр» Сахнада Жеңісті қарсы алған халық куанышы. «День Победы» әні ойналады.

7 - көрініс Футаж «1954 жыл»
Тың игеру «Едут новоселы» әні. Тың игерушілердің қолдарында чемодан, «Здравствуй, целина» лозунгі. Қыздар бен жігіттер орыс халқының биін билейді.

8 - көрініс Футаж «1986 жыл»
Екі НКВД адамдары Қайратты сүйретіп сахнаға алып шығады. Сахна ортасына лақтырып жіберіп, біреуі:
- Совет үкіметіне қарсы шыққаныңды көрсетейін – деп, іштен бір - екі рет теуіп жібереді.
Қайрат тізеден көтеріліп.
Қайрат сөзі:
Абай туған жерінде
Бомбасын атом жармасын.
Құлыптасты қиратып,
Өлігіңді қазбасын.
Өз ұлтыңның басшысын
Орнынан сүйреп алмасын.
Осы айтылған ақтық сөз
Туың болсын әрдайым
Мойныма алып жаланы,
Мен болайын құрбаның.
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең, алыңдар!
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
Ағайын, туған азамат!
Артымда қалған ата - анам,
Ел - жұртым, саған аманат!

« Қайрат тағдыры»
9 - көрініс Футаж «16 желтоқсан 2017 жыл» Елбасы, Астана, Рухани жаңғыру эмблемасы слайд арқылы көрсетіледі. Барлық қатысушылар сахнаға шығып
1 - оқушы
Тәуелсіздік, еркіндік – ежелден ел тілегі.
2 – оқушы
Тәуелсіздік халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күресі, тарихтың нәтижесі.
3 - оқушы
Тәуелсіздік – бұл менің Парасатым,
Күншілмен де тіл тауып жарасатын.
Қорғайтын Елдігіңді ерлігімен,
Қазақтың шығаратын Алаш атын.
Тәуелсіздік – Арымдай аңсар әнім,
Тау – тасындай аңсаған жан самалы.
Қазақтың жанына жат пиғылдарға,
Қамығып қара судай қарсы аламын.
4 - оқушы
Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Финал «Қазақстан» әнін орындайды. («Асыл» тобының әні)
4 209
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Эссе. Ел ертеңі - есірткісіз болашақ
Эссе. Ел ертеңі - есірткісіз болашақ
Бүгінгі ХХІ ғасыр біздің ұрпаққа яғни болашақ жастарға бұйырған бақыт. Еліміз егемендік алып, көк туымыз көк аспаның астында желбіреп ашық аспан аясында желбіреп тұр.
Ұлт рухының, ұлы жолы
Ұлт рухының, ұлы жолы
Бүкіл қазақ батырларының басын біріктіріп, білектің күшімен, найзаның ұшымен ұланғайыр жерін дұшпанның тырнағынан қорғап, ұрпақтарына тастап кеткен бабаларымыздың рухына тағзым етіп, тарихын келешек ұрпақтарымызға жеткізу біздің міндетіміз.
Мектеп жасына дейінгі балаларға музыкалық тәрбие берудің жалпы мәселелері
Мектеп жасына дейінгі балаларға музыкалық тәрбие берудің жалпы мәселелері
Оқыту мен тәрбие егіз - деп бекер айтылмаған. Сондықтан біз өскелең ұрпақты Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеп, халқымыздың ұлттық музыкасы арқылы олардың бойына өз елінің жетістіктері мен табыстарына, музыкалық мәдениетіне деген үлкен
Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым (әдеби кеш)
Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым (әдеби кеш)
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Бисенбай Ақмарал Жексенбайқызы
Тәуелсіз елдің патриотымын!
Тәуелсіз елдің патриотымын!
«Пай, пай, пай! Киелі неткен жер! Батырлар дүрілдеп өткен жер, Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер! Ғашықтар бір - бірін өпкен жер, Сарылып сал – сері кеткен жер.
Тәуелсіздік - адамзаттың бақыты
Тәуелсіздік - адамзаттың бақыты
Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарақобда ауылы Қарақобда орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Раимкулова Анаргүл Есенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×