Білімділер поралы

Біз – Тәуелсіз елдің болашағы!

Біз – Тәуелсіз елдің болашағы!

Мақсаты: Еліміздің өткеніне, бүгініне, ертеңіне көз жіберіп шолу жасау. Өз еліміздің тілін, тарихын, салт – дәстүрін, әдебиетін қадір тұтып, құрметтеу. Қазақ елімізді әлем - дік деңгейге жеткізу – біздің қолымызда екенін айтып түсіндіру. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Мұғалім: Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген...
Жұбан Молдағалиевтің осы өлең жолдары қазақ деген дана халықтың бүкіл болмысы мен өмір жолын айғақтап бергендей: ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама, 30 - жылдардағы ашаршылық, 37 - жылдардағы нәубет, 1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысы, желтоқсан көтерілісі: Тәуелсіздіктің құны міне осындай........
Биыл 2017 жылы дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан көтерілісіне 31 жыл болды.
Ал, егеменді еліміздің Тәуелсіздігін алғанына 26 жыл толған мерейлі тойына арналған «Біз – Тәуелсіз елдің болашағы» атты тәрбиелік шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.

1 - жүргізуші: Шарықта, шарла көкті көк байрағым,
Арманым, Азаттығым, көпке айғағым.
Мен сенің салтанатты сағатыңа
Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.
Ал самға, әлем кезіп, Әнұраным
Қалықта Елтаңбасы - шаңырағым.
(Әнұран орындалады)

2 - жүргізуші. Бүгінгі аса - құрметті С. Датов атындағы № 26 орта мектебіміздің мұғалімдері мен ата аналарымызды таныстыруға рұқсат етіңіздер!?
_____________________________________________________________________

1 - жүргізуші. Құрметті оқушылар 16 желтоқсан қандай күн екенің білесіздерме? (Тәуелсіздік алған күн)
Ия..... Қайран, қазақ елі.... Жас ұрпаққа айта алмаған, жеткізе алмаған, жан дүниеңді дір еткізетін сырға, мұңға толы тарихи - әлі. Оған куә мына жатқан кең сары дала, заңғар таулар, өзен - көлдер, құм - шөлдер, тарихи ескерткіштер: мазарлар, қираған ежелгі қалалардың орны. Ғасырлар бойы ата - бабамыздың қаны тамған топырақ исі мүңкіп тұр. Бұны сөзбен жеткізу мүмкін емес шығар, ендеше бейнебаянымызды қабыл алыныздар! (Бейнебаян қосылады интерактивті тақтадан)

2 - жүргізуші.
1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болғаны бәрімізге мәлім. Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шыққан болатын. Желтоқсан желі дауылға айналды. Өрттей қаулаған жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті. Туған елдің азаматтығы мен тәуелсіздігі жолында Қайрат Рұсқылбеков, Ләззат Асанова, Ербол Спатаев сияқты көптеген қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп, құрбан болған. Келесі алдарыныздағы көрініске назар аударайық.
Көрініс «Шындыққа саяхат»
Сомдайтын: 6 «а» сынып оқушылары
/Балалар / 23 - оқушы сахнаға шығады, әр - қайсысы өзінің еліне қосар улесін яғни армандарын, болашақ мамандықтарын айтады.

- Біз - Тәуелсіз Қазақстанның болашағымыз!
Мен де! Сен де! Ол да!
- Біз бәріміз бақытты балалармыз!
Мен де! Сен де! Ол да!
- Болашақта Қазақ елінің даңқын көтереміз!
- Мен де! Сен де! Ол да!
- Тәуелсіздік тұғырын берік ұстаймыз!
- Елін!
- Жерін!
- Рәміздерін!
- Әрқашан да пір тұтамыз!

2 - жүргізуші. Келесі хор «Менің елім, Қазақстан»
Мұғалім:
Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,
Көк туымды қалайша құлатармын.
Тып - тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Елімізде бақ - береке, ырыс болсын,
Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс болсын.
Еліміз әрқашанда тыныш болсын! – дей отырып, ашық тәрбие сабағымызды
қорытындылаймыз!

1 - жүргізуші: Құрметті көрермен қауым, еліміз тыныш, жұртымыз аман, көңілдеріңіз көтеріңкі болсын деген игі тілектер жолдай отырып біз өздеріңізбен қоштасамыз. Әрқашан да Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы болып, егемен елдің ұрпағының еңсесі биік болсын!
2 - жүргізуші: Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар!
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
Өз пікіріңді білдір
5 күндік оқу кестесі дұрыс па?
Ия керемет
Бұрыннан күткем
Еш өзгеріс келтірмеді
Маған бәрібір
Жоқ бұрынғысы дұрыс еді
Сайтта кім бар
Барлығы: 333
Қолданушылар: 3
Қонақтар: 330
Роботтар: 2
Ақгүл Гульсана Dinashka
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика