Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Астана – әсем қала

05 маусым 2018, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Астана – әсем қала
Мақсаты: Астана қаласының көрікті жерлерін таныстыру және оқушылар бойында ұлтжандылық қасиеттерді қалыптастыру.
Дамытушылық: Астана жылнамасын құру, жаттау арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту, Астана тарихын насихаттау арқылы тіл байлығын, сөз саптауын, ойын жеткізе білу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: Астананың мәдени жетістіктерінің, оқушыларды Отансүйгіштікке, әсемдікке, салауаттылыққа баулу.
Түрі: сыныптан тыс іс - шара
Көрнекілігі: Плакаттар, оқушылар шығармашылығынан суретте, макеттер.
Сабақтың әдісі: Саяхат сабағы
Барысы:
Кіріспе.
Сарыарқа төсіндегі бұрынғы Ақмола, қазіргі Астана қаласы 1997 жылдан бері астана мәртебесіне ие. Осы күндері Астанада 1 миллионға жуық адам тұрады. 1998 жылы 10 - шілдеде Астананың халықаралық тұсаукесері болды. Сол жылы ЮНЕСКО - ның шешімі бойынша, Астанаға «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы берілді.
Ерке Есілдің жағасында болашақ мыңжылдықтарға батыл қадам басқан жаңа Астананың бой көтергеніне уақыт шешімімен алғанда аз уақыт өтсе де, жас қала күннен күнге құлпырып, қанатын кең жайып келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуекелшіл бастамасымен өмірге келген тәуелсіз еліміздің бас қаласы Астана бүгінде төрткүл дүниеге танымал әлем астаналарының қатарынан ойып орын алды. Тәуелсіз еліміздің тірегі мен жүрегіне айналған. Астана қаласы дүние жүзіне өзінің қайталанбас архитектуралық құрылыстарымен таңданыс тудырған мемлекетіміздің бас қаласы. Ал енді осы ғимараттармен таныс болыңыздар.

Бәйтерек – Астанадағы архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі.
Металлдан, әйнек пен бетоннан жасалған бұл «терек» сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей: биіктігі 105 метрлік металл құрамасынан, салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұрады. Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген зәулім «Бәйтеректің» биіктігі 97 м (Астана қаласының елорда статусына ие болған жылға байланысты таңдалған), диаметрі 27 м; негізгі есікке бастайтын әшекейлі темірбетон саты жер бетінен 4, 8 м жоғары орналасқан. Әлемде бірінші рет диаметрі 22 метрлік және салмағы 300 тоннадан тұратын күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа (әлемдегі ең үлкен шардың ең биікке көтерілуі бойынша) ие болды. «Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады; жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен. Одан әрі қосымша түріндегі композиция өз негізінен бөлініп, жер бетіне қалықтап тұрғандай әсерге бөлейді.

Ақ Орда резиденциясы — Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы.
Астана қаласы Есілдің сол жағалауындағы жаңа әкімшілік орталығының аумағында 2001 ж. қыркүйек айында салына бастады. Ғимараттың жалпы көлемі 36 720 m2. Қазақстан Республикасы Президентінің Ақ ордасының ресми тұсаукесері 2004 ж. желтоқсанның 24 күні өтті.
Ғимарат қазіргі заманғы құрылыстың ең таңдаулы әдістерін қолдана отырып, монолит құйматастан салынған. Шатырсүмбіні қоса есептегендегі ғимараттың биіктігі 80 м. Қасбеттің қаптамасы қалыңдығы 20 — 40 см. болатын итальян мәрмәрынан жасалған. Ғимарат жер бетінде 5 және жер астындағы 2 қабаттан тұрады, оның ішінде жер бетіндегі 1 - қабаттың биіктігі 10 м., қалған қабаттардың биіктігі 5 м.
Жертөле қабаттарында техникалық қызмет, ас үй, асхана және гараж орналасқан.
Бірінші қабатта жалпы ауданы 1800 м2 құрайтын, еденіне гранит төселген салтанатты хол орналасқан.
Екінші қабатта қызметтік орын жайлар орналасқан.
Үшінші қабатта:
• киіз үйге ұқсатып жасалған, мәрмәр және гранит таспен өңделген Шығыс залы;
• сыйлықтар мен сенім грамоталарын тапсыру залы;
• екіжақты кездесулерге арналған «Алтын» зал;
• камин залы;
• қызметтік орын жайлар мен мәжіліс залдары орналасқан.
Төртінші қабатта:
• қызметтік орын жайлар мен мәжіліс залдары;
• Саммиттің Үлкен залы;
• кітапхана;
• кіші Шығыс залы орналасқан.
Барлық залдар ерекше мәнермен әрленген, люстралар мен жиһаз бар. Едендерге түрлі сортты мәрмәр, гранит тастары және көркем паркет төселген.
Резиденцияны салу барысында әлемдік ірі өндірушілердің озық инженерлік құрал - жабдықтары пайдаланылған.

Бейбітшілік пен келісім сарайы – архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Ол Астана қаласының қолдан жасалған жота үстінде орналасқан.
Пирамида іспетті етіп тұрғызылған сарай 2006 жылы 2 қыркүйекте салтанатты түрде ашылды. Оның табан қабырғасының ұзындығы 62 м; ауданы 25, 5 мың м². Ғимарат ағылшын архитекторы Н. Фостердің жобасымен салынған. Болат пен тастан тұрғызылған сарай өзара рухани түсінушіліктің жаһандық орталығына айналды. Ғимарат экстерьері пирамида түрінде болса, сарайдың орталық күмбезді залы Нью - Йорк қаласындағы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің холлы тәрізді етіп салынған.
Бейбітшілік пен келісім сарайы сарайында Қазақстан халықтары ассамблеясы, ұлтаралық және дінаралық келісім орталығы, мұражай, университет, 1, 5 мың орынды опера залы, кең орталық атриум мен қысқы бақ орналасқан. Сарай ғимаратының құрылысы құбылмалы ауа райын ескере отырып салынған; оның кіре берісі жер астында орналасқан.

Тәуелсіздік Сарайы - мемлекеттік ресми іс - шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді, съездерді өткізу орны болып табылады. Ғимараттың сыйымдылығы, техникалық жабдықталуы, жайлылығы іс - шараларды жоғары халықаралық деңгейде өткізуге және көрсетуге мүмкіндік береді. Ресми іс - шаралармен қатар концерттерді, көрмелерді, мерекелік жиындарды өткізуге барлық мүмкіндік бар.
Ішкі құрылымы қатаң шешімдер мен жайлылық эстетикасының үйлесімділігі болып табылады. Тәуелсіздік Сарайының құрылымы:
• Конгресс зал;
• Рәсімдеу залы;
• Пресс - орталық;
• Қол өнер және этнография, археология және антропология галереясы
• Қазіргі заман галереясы;
• Астана тарихы мұражайы;
• 4D кинотеатры;
• 360 град. кинотеатры
• Электронды кітапхана;
Тәуелсіздік Сарайы 3 қабаттан тұрады. Бірінші қабат - ұлттық және қазіргі заман стильдерінің біртума үйлесімділігі. Осында 3082 адамға жасалған Конгресс - зал, 268 орны бар Рәсімдеу залы, 220 орны бар Пресс - орталық, сыйымдылығы 678 адамға арналған және сахна мен дыбыс аппаратурасымен жабдықталған кең мейрамхана орналасқан.
Екінші қабатта қол өнер және этнография, археология және антропология галереясы орналасқан. Композициялық үйлестірілген археология залы Алтын адам, Сармат батыры, Берел аттары, құпия жазулары бар тастар сияқты сирек кездесетін ежелгі экспонаттарымен толыққан. Адам киімі, аттардың әшекейлері, аң стилінде жасалған скиф - сақ әлемінің бұйымдары да осында орын тепкен. Этнография мен қол өнері әйел әшекей - бұйымдары, қазақ даласының түрлі аймақтарының ұлттық киімдері, батырлардың қару - жарақтары, ән аспаптары, қолдан тігілген кілемдер, аңға шығу композициясы, әсерлі қыз ұзату көрінісі ретінде ұсынылған. 18 - 19 ғғ. экспонаттарымен қатар қазіргі заман шеберлерінің жұмыстары да орын тапты. Көшпенді цивилизациясының ұлы жетістігі - бұл қазақ киіз үйі, қазіргі заман шеберімен жасалған көрермендер назарына ұсынылады.
Антропология залы неолит дәуірінен бастап бүгінгі күнге дейінгі бұрынғы қалпына келтірілген адам бейнесінің көрінісі келтірілген.
Үшінші қабатта Астана қаласы тарихының мұражайы орналасқан.
«Астана 2030» макет залы астананың 2030 жылға дейінгі даму көріністерін көрсетеді.

«Келісемін» директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: _____________ О. Салыбеков

Астана – әсем қала. жүктеу
1 933
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Астана өлеңі Ермек Өтетілеуұлы
Астана өлеңі Ермек Өтетілеуұлы
Астана қаласы туралы түсініктерін кеңейту, Астана өлеңнің мазмұнын түсініп тыңдау үйрету.
Астана - Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі
Астана - Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі
Астана туралы мағлұмат беру, елордамыз Астананың көрікті орындарымен таныстыру; отансүйгіштікке, Отанын қадірлеуге үйрету; ұлттық патриотизм рухында тәрбиелеу.
Астана – әсем қала
Астана – әсем қала
Астананың мәдени жетістіктерінің, оқушыларды Отансүйгіштікке, әсемдікке, салауаттылыққа баулу.
Арқа төсіндегі ару қала – Астана!
Арқа төсіндегі ару қала – Астана!
«Қазақстанның тарихында Астана ерекше орын алады. Тарихи деректер мен құжаттар қазіргі Астананың аумағын адамдар өте ерте кезден - ақ мекендеп келе жатқандығын аңғартады.
Астана – әсем қала!
Астана – әсем қала!
Астана қаласының көрікті ғимараттарымен таныстыру және оқушылар бойында ұлтжандылық қасиеттерді қалыптастыру.
Астана
Астана
Қызылорда облысы, Арал қаласы № 220 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Зекенова Рима
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×