Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Астана – арман қала

13 шілде 2018, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сайыстың тақырыбы: Астана – арман қала.
Сайыстың мақсаты: Астана туралы мағлұмат беру, елордамыз Астананың көрікті орындарымен таныстыру.
Көрнекіліктер: Астана суреттері, слайдтар, буклеттер.
1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі біздің сайысымыздың тақырыбы: Астана - арман қала. Астана қаласы Қазақстанның жахандық брендіне айналып, дүние жүзіндегі әсем де жас қала ретінде танылуда.
2 - жүргізуші: Тәуелсіздік алған жылдар ішінде Елбасымыз Қазақстанды бүкіл әлемге танытты. Басқа мемлекет сияқты біздің де Астанамыздың бар екенін, керемет екенін таныта білді. Әнұранымыз бүкіл әлемде шырқалады.
Ән: Әнұран
1 - жүргізуші: Астана - еліміздің бас қаласы. Әр елдің баласы өз отаны, туған жері туралы біліп, оны көркейтіп, қадірлей білу керек. Біз - осы елдің болашақ патриоттарымыз. Үлкендеріміз жасап берген жолды алдағы уақытта жалғастырушылар - біз. Ендеше Астана туралы, бүгін жырлап, әңгімелеп, мақтан етейік!

1 - оқушы: Астанам – бағы биік асқарымсың,
Астанам - мәңгі жарық аспанымсың,
Астанам - періштелер мекенісің
Астанам махаббаттың тұрағындай.

2 - оқушы: Астана атың қандай нақ та әсем,
Аңызақтан айналыпсың баққа сен
Таң ұзаққа таңдайымда түнеткен
Жырларымды айтарымсың жатқа сен!
Ән: Аманжолова Назира «Туған жер»

2 - жүргізуші: Елбасы 1992 жылы Қазақстанның Президенттігіне сайланғаннан кейін сол жылы Ақмолаға келді. Есілде көлденең тартылған ескі көпірдің ортасында тұрып өзенге қарайды. Елбасына қашанда қаланың ортасынан ағып жататын өзен ұнайтын. Өзен қалаға ерекше көрік береді, мәртебесін көтереді. Елімізде көптеген қалалар өзеннің бойында орналасқан.
Би: Жарылғапова Ұлдай «Бабочка» биі.
Ән: Айгерім Мухаммедова «Жаса Қазақстан»

3 - оқушы: Сән берген Сарыарқадай гүл өңірге
Жайнаған Отанымның жүрегінде.
Астанам - бақ ошағым, түп, қазығым,
Айналған бар қазақтың тірегіне.

4 - оқушы: Ғұмыр ойы күресіп қайран бабам,
Осы күнді аңсаған, армандаған.
Сарыарқаның төсінде бой көтерді
Қазақтың Астанасы - арман қалам!
Ән: Абдулла Раушан «Анашым»

1 - жүргізуші: Сананы түйіткілдерден тазартайық,
Айтпаған шындық сөзді тартар айып
Авторы сәулетшісі Астананың -
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев!
Би: Қожамбергенова динара, Қожамбергенова Эленора - «Флешмом»

2 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Біздің «Астана - арман қала» тақырыбындағы сайысымыз аяқталды. Назарларыңызға рахмет. Алдарыңызда:
Ән: Мизамеидинов Бекет «Астана»

«№15 орта мектебі» ММ
«Балдәурен» жазғы демалыс лагері
Дайындаған: Садуақасова С.
2 681
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Астана - Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі
Астана - Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі
Астана туралы мағлұмат беру, елордамыз Астананың көрікті орындарымен таныстыру; отансүйгіштікке, Отанын қадірлеуге үйрету; ұлттық патриотизм рухында тәрбиелеу.
Арқа төсіндегі ару қала – Астана!
Арқа төсіндегі ару қала – Астана!
«Қазақстанның тарихында Астана ерекше орын алады. Тарихи деректер мен құжаттар қазіргі Астананың аумағын адамдар өте ерте кезден - ақ мекендеп келе жатқандығын аңғартады.
Астана – әсем қала!
Астана – әсем қала!
Астана қаласының көрікті ғимараттарымен таныстыру және оқушылар бойында ұлтжандылық қасиеттерді қалыптастыру.
Астана - сұлу қала
Астана - сұлу қала
Астана - сұлу қала «Астана дегеніміз - Астана. Қазақша әдемі естіледі. Қомақты ауыз толады, қысқа да нұсқа, әуезді. Орысша да, ағылшынша да солай естіледі. бұл атауда батылдық, мығымдық және айқындық рең бар» - деп жазды Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев.
Астана
Астана
Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің 1 класс оқушысы Әділханова Дильназ Алмазқызы
Астана -  бас қала
Астана - бас қала
Бұл бумадан сіздер әсем қала - Астана қаласының ең танымал жерлерінің суреттерін таба аласыздар. Сәттілік тілеймін!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×