Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің Қазақстаным - менің болашағым

12 қаңтар 2013, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Менің Қазақстаным - менің болашағым»
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Өнерге деген қабілеттерін дамытып, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту. Ел рәміздерін, тарихын білу.
2. Дамытушылық: Белсенді ой-өрісін, сөздік қорын, тілін, өмірге деген көзқарасын дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды достыққа, адамгершілікке, ұқыптылыққа, саналылыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: География, әдебиет, Қазақстан тарихи, ән күй.
Сабақтың әдісі: әдеби музыкалық монтаж.
Көрнекілігі: Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, рәміздер, суреттер, интерактивті тақтада слайд жұмыстары, шарлар.

Іс шараның барысы
Қанатты сөз:
1. Туған жер – алтын бесік.
2. Отан! Отан! Бәрінен биік екен.
Мен сені мәңгілікке сүйіп өтем.
М. Мақатаев
Әнұран орындалады.

1-Жүргізуші: Армысыздар құрметті студенттер!Бүгінгі «Менің Қазақстаным-менің болашағым» тақырыбындағы жиынды ашық деп жариялаймын. «Отан оттан да ыстық», - дейді халқымыз. Егер сол Отан бөтенге бодан болса, оның оты перзентінің өзегін өртейді, ешкімге тәуелсіз болса,мақтаныш алауын маздатады.

2-Жүргізуші: Менің туған өлкем – кең байтақ Қазақстан! Оның асқар таулары мен айдын көлдері, жайқалған орманы мен жасыл жайлауы – менің ақ бесігім. Сондықтан да, мен оны ардақтаймын. Шексіз сүйемін! Әрқашан аялап, қорғап жүремін.

1-Жүргізуші: Ата-бабамыздың өткен жолына біраз шолу жасап қарасақ, «Не деген дархан ел, не деген төзімді де қайратты ел, не деген батыр да батыл менің елім!» деп көңілің көкке көтеріледі.
(Музыка ойнап, аяғын ақырын басып Ата шығады. Орындыққа келіп, демалып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі шығады).

Немересі: Ата, не ойлап отырсыз?
Атасы: Ә, балам, атаң не ойламайды дейсің! Сенің болашағыңды ойлаймын. Еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын, қуанамын!

Немересі: Ата, «өткен өмір» деген не?
Атасы: Ә, балам, «өткен өмір» деген сонау ежелгі бабаларымыздан бергі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?

Немересі: Ол қандай болған?
Атасы: Ендеше тыңда, балам, атаң бір сөйлесін:
Болмаса да оқыған тарихшы атын,
Жинадым ескілерден тарих хатын.
Мақсатым – кейінгі ұрпақ ұмытпаса,
Айтылған аталардың аманатын.
Есімі еш адамның өшпейді екен,
Артында ұрпақ жүрсе өздерінде,
Ұмыттырмас «Жеті атасын» парыз екен,
Бұрынғылар ұрпақтың қамын жеген.
«Білмеген жеті атасын жетесіз» деп,
Өткендерін қалай да білесін деген.
Сондықтан, балам, сен де өз тарихыңды, жеті атанды білуге тиіссің. Сонау ерте кезде біздің ата - бабаларымыз 29 қазақ руының басын қосып, халық болып қалыптасуының негізгі болғаннан басталмай ма бұл тарих?
Автор: Ата ұзақ ойланып, өткен тарихты әңгімелейді.

2-Жүргізуші: Сонымен қатар қазақ халқы тағыда бір қайғылы оқиғаны бастан өткізген болатын.18-желтоқсан күні болып өткен Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің кезектен тыс Пленумы Республиканы ширек ғасырға жуық уақыт басқарған Д.А.Қонаевты қызметіне босатып, оның сол уақытқа дейінгі Ресей Федерациясында Ульянов облыстық партия ұйымын басқарған Г.В.Колбинің сайлануы.

1-Жүргізуші: 1986 жылғы желтоқсанда алаңға шыққан жастар, жаппай қуғын-сүргін саясатын көрмеген, тоталитарлық жүйенің идеологиялық илеуіне әлі де болса жаншылмаған, ұлттық мәдениеттің озық үлгілерінен сусындаған жас ұрпақ еді. Сондықтан да, шеруге қатысқан мыңдаған жастар Қайрат Рысқұлбеков, Құрманғазы Рахметов сияқты өкілдері ерліктің және отаншылдық рухтың биік үлгісін танытты.(видео ролик)

2-Жүргізуші: Желтоқсан оқиғасының құрбандары үшін 1 минут үнсіздік жариялаймын.
1-жүргізуші: Осы қиыншылықтарды бастан өткізіп, жеңіп келе жатқан еліміздің нәтижесін көрейік:
(Слайд)
1991-93 жыл:
1995-97 жыл:
1993-95 жыл:
2-жүргізуші: Күй.
1997-99 жыл:
1999-01 жыл:
2001-03 жыл:
1-жүргізуші: Қыздардың орындауында «қазақ би»
2003-05 жыл:
2005-07 жыл:
2007-09 жыл:
2009-11 жыл:
Осы уақыт аралығында еліміздегі барлық болған жаңа бастамалар слайд арқылы баяндалады.
2-Жүргізуші: Хордың орындауында «Қазақ елі» әні.

1-Жүргізуші: Менің елім – Қазақстан. Бұл әрбір дала перзентінің (кәрісі бар, жасы бар) көкірегінде мақтанышпен айтатын сөзі. Бұл тақырып төңірегінде сан ойландым, көп толғандым. Елім жайлы, алтын бесігім туған жерім жайлы азаматтық жүрегіммен толғана сыр шерте алар ма екем?!
1-жүргізуші: Құс ұясыз,
Жыртқыш інсіз болмайды.

2-жүргізуші: Отансыз жан өмірінде оңбайды,
Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды.
Тірі адамға сол қайғы,-
деп ақын ағамыз Мұқағали жырлағандай, Отаны жоқ адамдар нағыз бақытсыз жан екен. Ал біз қазақ халқы нағыз бақ қонған халықпыз деп шаттана айта аламыз. Өзіміздің мемлекетіміз, тарихымыз, тіліміз, тәуелсіз еліміз бар.

1-жүргізуші: Қазақстан туған өлкем.
Жер көп пе сендей көркем?
Көрсін деп күллі әлемге,
Жалауыңды желге желпем.

2-жүргізуші: «Ата – қоныс жер қымбат,
Туып - өскен ел қымбат», - демекші, балалар, бүгінгі жиында айтылғандарды өнеге етіп, елді, жерді сүюді, қадірлеуді өмірлік мақсат етейік.

1-жүргізуші: Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең ететін біздерміз. Ол үшін терең әрі жан – жақты білімді болу – міндетіміз.
10 331
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің Қазақстаным
Менің Қазақстаным
Жаңа сөздермен таныстыру, оларды оқушылардың белсенді сөздік қосуға жаттықтыру. Оқушылардың сөйлеу әрекетін (оқу, тыңдау) қазақша ойлауын, есте сақтауын дамыту.
Менің Қазақстаным
Менің Қазақстаным
Отан туралы білімдерін назарға ала отырып, Отанымыз – Қазақстан Республикасы туралы не білетіндігін саралау, алған мәліметтер бойынша білімдерін бекіту.
Қ.Ыдырысовтың «Менің өлкем» өлеңін жаттау
Қ.Ыдырысовтың «Менің өлкем» өлеңін жаттау
Өлеңді мәнерлеп айтуға машықтандыру. Отанына деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімдерін, қоршаған ортаға қызығушылықтарын тәрбиелеу. Қ. Ыдырысовтың «Менің өлкем» өлеңін оқу, мағынасын түсіндіру. Өз ойларын айта білу дағдыларын дамыту.
Мен қазақша сөйлеймін
Мен қазақша сөйлеймін
Өскемен қаласы, "№26 орта мектебі" КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Рахимова Арайлым Сабикановна
Қазақстаным
Қазақстаным
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Жалау Мыңбаев орта мектебінің 11 - сынып оқушысы Балибаева Шынар
«Туған жерім – Қазақстан»
«Туған жерім – Қазақстан»
«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі» КММ Мектепалды даярлық тобы Тәрбиеші: Естекова Ж.С
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×