Білімділер поралы

Жаңа жыл мерекесіне арналған сценарий 11 сынып

Жаңа жыл мерекесіне арналған сценарий 11 сынып

Армысыздар ардақты ағайын, ұлағатты ұстаздар!
Бармысыздар замандас бауырлар, шабытты шәкірттер.
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмеген де арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.

Құрметті халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысады деген үміттеміз! Олай болса көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлап, мерекелік кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!
Сөз кезегі мектеп директоры Жұмайбеков Берік мырзаға беріледі.
Келесі сөз кезегі оқу тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Сейташимова Шеризат апайға беріледі.
Бұл кешімізді жұптасып әсем әнге билеуден бастасақ деймін. Сонымен әркім өз жұбымен шығып билеулеріңізді сұраймын. Ең жақсы билеген жұпқа керемет сыйлығымыз бар. Сонымен жұптар тізімдері.
Бекжан - Жанель, Сырым - Айша, Ернұр - Фатима, Нұрлы - Мөлдір, Ерсұлтан - Теңге, Еламан - Змухамбетова Жансая, Әлішер - Көркем, Талант - Гауһар, Ернат - Жұлдыз, Ерсін - Үміт, Адил - Зарина, Ілес - Айым, Мадияр - Дана, Ердос - Айжан, Әділет - Жанабаева Жансая.
Сонымен ерекше көзге түсіп билеген жұп
Келіп сыйлықтарыңды алыңдар.
Сонымен кешімізді ары қарай жалғастырамыз.
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып арайын.
Жанға шуақ бойға қуат әкелген,
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
Келесі кезекті бинго ұтысына берейік. Өз билеттеріңіздің номеріне қарап отырыңыздар. Сонымен ұтыс билеттері:
1, 3, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 15, 17, 19, 20, 23, 25, 26, 27, 29, 31, 36, 38, 40, 43, 45, 47, 51, 52, 55, 58, 60, 63, 66, 69, 72, 75, 77, 79, 82, 86, 88, 90, 93, 96, 99, 100, 102, 105, 107, 110, 112, 115, 119, 122, 125, 129, 130, 132, 137, 140, 142, 144, 147, 150.
Сыйлықтарыңыз құтты болсын! Кешімізді әрі қарай жалғастырамыз.

Уа халайық, жарандар,
Айналаға қараңдар.
Қызық көріп, шат болып,
Шалқып, күліп тараңдар.
Уа халайық құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр.
Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті - деп қыстың әнін шырқауға шақырамын. Кәне достар шырша айнала шырша әнін орындайық.
(Осы кезде ертегі әлеміне бастар өлең қосылып, күтпеген жерден қара шайтан жүгіріп шығады)
Шайтан: Мен шайтанмын, шайтанмын,
Көрінбейтін сайтанмын.
Ұнап қалған жандарды,
Өзіммен алып қайтармын.

Жүргізуші: Ой, мынау кім! Құдай сақтасын, түрі қандай жаман еді. Аулақ, аулақ сәнімізді бұзба!
Шайтан:- Бұзбақ түгілі бұзамын. Мен жолда келе жатқан Аяз ата мен ақшақарды алдап қамап қойдым. Қазір сендердің достарыңды да алып кетем. Ешқандай мереке өткіздірмеймін, болмайды маған мереке ұнамайды.
Жүргізуші: Тоқта шайтан, анықтап қарап көрсем, сенің қорқынышты түгің де жоқ екен, сен сондай әдемісің. Сондай қап - қарасың. Мені әкетпей - ақ қойсаң қайтеді. Сен мені әкетпеу үшін балалар не істеуі керек?
Шайтан: Маған бір көңілді ән салып, би билеп берсеңдер, онда ойланып көрермін.

Жүргізуші:- Қой балалар, ондай болса шайтекеңнің көңілін табуға тырысып көрейік. Сонымен сахна төріне 11 сынып оқушысы Сырым есімді досымызды шақырайық, оның жаңа жылға дайындаған көңілді әні бар сияқты. Қарсы алыңдар достар!(Айтып болған соң)
Бәрекелді, достар қол соғып қояйық!
Келесі өздерінің керемет әнімен келген 8 сынып оқушыларының өнерін тамашалайық.
Шайтан: Керемет! Әндерің де билерің де ұнады. Бірақ та бәрібір мерекелеріңді бұзғым келіп тұрғаны - ай! Өткіздірмеймін дедім өткіздірмеймін!

Жүргізуші:- Тоқтай тұр шайтан, келісіп көрсек қайтеді. Біздің балалар саған біраз жұмбақ жасырсын. Егер сен шешімін таппасаң, бізге бөгет болмай, өз жөніңмен жүре бер.
Кәне достар кешімізді бұздырмау үшін әр сыныптан бір-бір баладан шығып 1 жұмбақтан жасырайық. Мені алып кетпесін десеңдер қиын жұмбақ жасыруға тырысыңдар.
(Балалар жұмбақ айтып болған соң шайтан шыңғырып)
Шайтан:- Ойбай анау келе жатқан Алдар ғой. Тыға көріңдер балалар, құтқара көріңдер мені.

Алдар: Мен Алдармын, Алдармын!
Балқанға да барғанмын,
Орхонға да барғанмын.
АҚШ қа да барғанмын
Жапонға да барғанмын
Шаршаңқырап қалған соң,
Шайтанға мініп алғанмын.

- Ассалаумағалейкум балалар! Менің шайтанымды көрмедіңдер ме? Бұхараның базарына кіріп шыққанымша қашып жөнелгенін айтсаңшы.(көрдік)
Алдар:- Өй мынау менің шайтаным ғой, жарықтық
(Балалар қашып жүрген шайтанды ұстап алып келеді)

Шайтан: Мен талайдың басын шармап едім, талайдың асын ұрлап едім. Алдар, маған жазаң ауыр болды. Балалардың алдында ант етейін! Енді өйтпеймін Алдар! Босата көрші Алдареке!
Алдар: Шайтанның сөзіне сенеміз бе балалар?(жоқ болмайды)
Шайтан: Сене көріңдер балалар, сене көріңдер.
Жүргізуші: Жаңа жылды жақсылыққа ырымдайық балалар!

Шайтан екеш шайтан да той қонағы саналар.
Көре жатармыз ар жағын,
Босатсақ болар Алдарым.
Алдар: Өз күнәңді өтеу үшін мына жиылған қауымға бір қызықты ойын өткізіп немесе бір би билеп бер. Егер балаларға ұнаса мен сені босатамын.

Шайтан: Жарайды кәне достар, онда біз бір қызықты ойын өткізейік. Ол үшін маған әр сыныптан бір бір оқушы және бір мұғалім қажет. Маған көмектесесіңдер ғои солай ма! Мен қазір әр ұлттың әнін қосамын кім керемет билесе оған берер сыйлығым бар. Қане онда бастайық.
Алдар: Бәрекелді шайтан, балалардың көңілін бір көтеріп тастадық! Солай ма достарым. Кешірейік пе шайтанды.

Жүргізуші: Ия, көңілді ойын болды. Енді сен бұл кешіміздің қонағы бол.
Ақ киімді денелі, ақ сақалды,
Тоңдырады қасындағы тірі жанды.
Үсті басы ақ қырау, демі суық,
Жетіп те қалған шығар, ертіп алып ақшақарды.
- Балалар бұл кім туралы айтылған деп ойлайсыңдар. Ендеше ортаға Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
Жаңа жыл мерекесіне арналған сценарий 11 сынып жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Мейрамгали Акниет
  • ramuk_b
    Жазған: ramuk_b
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Эвфемизм мен дисфемизм
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адам және табиғат
  • Қамқа
    Жазған: Қамқа
    Мына жаңалықта: Менің Елбасым
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қыс қызығы
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 186
Қолданушылар: 2
Қонақтар: 184
Роботтар: 3
sholpan Жанша
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика