Білімділер поралы

Менің мамандығым

Менің мамандығым
Мақсаты: Студенттік өмірдің қиындығы мен қызығын таныстыру, олардың туған елге деген сағыныш сезімін көтеру. Оқушыларға мамандық таңдау, оның адам өмірінде алатын орны, маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру; әр мамандық иесіне тән қасиеттер мен ерекшеліктер, оны дамыту, жетістікке жету жолдары туралы білімдерін кеңейту; бұрынғы бітіріп кеткен және қазіргі таңда студент болып жүрген түлектердің жақсы қасиеттерін, озық қабілеттерін кейінгіге үлгі ету; мамандықтардың түрлері, әр түрлі оқу орындары туралы жарнамалар жасау;
Көрнекілігі: Кештің тақырыбы
Кешке қатысушылар: - әр түрлі саладағы болашақ мамандық иелері, яғни студенттер, 8 - 11 - сынып оқушылары, ұстаздар, ата - аналар.

Жүру барысы:
І жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, мектеп оқушылары, бүгінгі кеш қонақтары - мектебіміздің түлектері.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан
Сен де бір - кірпіш дүниеге,
Кетігін тапта бар қалан
– дей отырып, бүгінгі мектеп оқушыларының студенттермен кездесу кешін ашық деп жариялаймыз.

ІІ жүргізуші:
Ұшырдым жүрегімнен жыр кептерін,
Мерекең, құтты болсын, түлектерім.
Қол соғып ортамызға шақырайық,
Бүгінгі кешіміздің кейіпкерін
- деп кешегі мектебіміздің түлектері, бүгінгі студент болашақ маман иелерін ортаға шақырамыз.
(Музыка ойнайды. Студенттер ортаға шығады).
Олар:
1.
2. ...

16. Әділжан Қайсар
І жүргізуші:
Адамның өміріндегі алтын әріппен жазылар кезең - мектеп - ана құшағында өткен оқушылық күндер және қиындығы мен қызығы мол студенттік кезең екені сөзсіз. Ол басыңда мәңгі тұрақталып қалар дәуренің емес, ол сенің патшаның алтын тағына да айырбастамас балалық, жастық шағың, көзді ашып жұмғанша өте шығар сиқырлы күндерің.

ІІ жүргізуші: Мектеп түлектерін «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны анық. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт - бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін ұстаздармен, кешегі түлектер, бүгінгі студент, болашақ маман иелерімен, кездестіріп ой бөлісу, пікір алмасудың маңызы өте зор.
Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге - әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т. б. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз - өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем.

І жүргізуші: Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат.
Абай атамыз айтқандай: «Неге арналсаң, соны істе» деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн.
Осыған орай өткелі тұрған студенттермен мектеп оқушыларының арасындағы дәстүрлі кездесу кешіне арналған «Студенттік өмірдің қыры мен сыры туралы» атты салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер!

Ән: «Жаса Қазақстан» орындайтындар Шойбек Ақылбек, Ерболат Лашын.

ІІ жүргізуші:
Қош келдің тәуелсіз ел қырандары,
Жақсы атың шартарапқа шығар әлі.
Өнеге үлгі болған кішілерге,
Ұстаздар шын пейілмен жыр арнады,
деп кешіміздің алғашқы сөз кезегін мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі Чалимбекова нуршат Кемербековнаға береміз.

І жүргізуші:
Ұрпағы ұландары текті жердің,
Қашанда болмысыңа сүйінемін
Кешегі ғалымдар да, мамандар да,
Шығады өздеріңнен деп білемін - деп келесі сөз кезегін
Мектебіміздің психологы Аульбекова Алия Алимтаевнаға беремізст
Келесі сөз кезегін қазақ тілі пәнінің мұғалімі Әмырғалиева Лязат Серікқызына береміз.

ІІ жүргізуші:
Студент ертеңіне жол ашады,
Асқақта нұрлы болар болашағы.
Дәл осы мектебімде білім алып,
Арманға аласармас қыр асады,
деп бүгінгі студент, ертеңгі маман иелері сіздерге сөз кезегін берсек. Өздеріңіздің оқып жатқан оқу орындарыңыз, мамандықтарыңыз жөнінде айтып берсеңіздер.
(студенттерге сөз кезегі барлығына)

І жүргізуші: Бүгінгі кешіміздің себепшісі болып отырған қымбатты студенттер сіздерге арнаған жеңіл сұрақтарымыз бар. Әрқайсыларыңыз өз ойларыңызды білдірсеңіздер.

3. Психологиялық сәт: "Психогеометрия"- өзін - өзі тану: Қатысушылар өзіне ұнаған геометриялық фигуралардың кез келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.

Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады, бірақ саған өзіннің кәсіптік мамандығынды менеджментпен байланыстырмауға ұсыныс айтамын.

Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай - ақ шығармашылық қабілетін, ой - өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.

Алматы облысы, Кербұлақ ауданы,
Беріктас орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Өткізген: Физика пәнінің мұғалімі А. Кунафина
Менің мамандығым жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Мейрамгали Акниет
  • ramuk_b
    Жазған: ramuk_b
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Эвфемизм мен дисфемизм
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адам және табиғат
  • Қамқа
    Жазған: Қамқа
    Мына жаңалықта: Менің Елбасым
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қыс қызығы
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 143
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 143
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика