Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жалпы колледжішілік 1 қыркүйек білім күніне орай «саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты салтанатты кештің сценарийі

09 қыркүйек 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты

1 - жүргізуші: Елбасы Жолдауында Қазақстанның әлемнің озық дамыған 30 елінің қатарына енуі үшін жұмысшы кадрларды дайындау сапасын көтеру және олардың еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды игеруі қажет екенін баса айтты.
2 - жүргізуші: Кезінде «ғарышкер болам», «ұшқыш болам» деп армандайтындар көп еді. Қарап отырсақ, қазір, қоғамға қажетті мамандықты меңгерген жастардың қарасында қисап жоқ. Бұл, әрине, көңіл қуантпай қоймайды. Қандай кәсіптің болсын, өз пайдасы, қызығы мен қиыншылығы бар. Дегенмен, жұмысшы мамандықтары бүгінгі еңбек нарығының орасан сұранысын тудырып отыр. Қай колледжді алсақ та, заман талабына жауап беруге ынталы.
1 - жүргізуші: 
Ардақты асыл мекен колледжіме,
Аяулы асыл жандар көп келеді.
Құрметпен қонақтарға сөз берейік,
Жақсы сөз жанға ыстық нәр береді.
2 - жүргізуші: Бүгін біздің колледжімізге осы колледжді тамамдаған, өз ісінің мамандары келіп отыр. Сахна төріне Шәкім Арай, Бейсенғалиев Қорған, Айдарханов Медеу және Марат Ерсінді шақырамыз!
1 - жүргізуші: Бүгінгі күні барлық Қазақстан аумағында «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» форумдары өтуде. Осының негізінде көптеген колледждерде «адалдық асханасы», «адалдық дүкендері» жұмыс істеуде. Бұл дегеніміз, жастарды бала күнінен бастап отанға деген патриоттық сезім мен адалдық қасиеттерді ұялатуға тәрбиелейді.
2 - жүргізуші: Жемқорлықпен күрес науқандық шара емес. Ол тек құзырлы мекемелердің ғана міндетіне жатпайды. Онымен үнемі бүкіл халық болып күресуіміз керек. Оның тамырына түбегейлі балта шаппайынша, мемлекетте тұрақты өсу - өркендеу болмайды. Қазақта "Ауруын жасырған өледі" дейтін мәтел бар. Жемқорлыққа қарсы күрес жан - жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз. Колледждегі «Саналы ұрпақ» жасағының жетекшісінің көмекшісі Адишева Мақпал Бауыржановнаны «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» баяндамасымен шақырамыз!
1 - жүргізуші: Көңілге ұнар, шықса ән сыңғырлаған,
Көңілге шаттық сезім қондырар ән.
Шымырлап шыққан кезде шырқау көкке,
Елітіп тұла бойың балбыраған,- дегендей бүгінгі студенттердің құрметіне ІІ курс студенті Бақтыбаева Дананың орындауындағы тамаша әнді қабыл алыңыздар.
2 - жүргізуші: Колледж табалдырығын аттағалы тұрған І курс студенттері!
Қадамдарыңыз құтты болсын! Сабақтарыңызды жақсы оқып,
үлкен үлкен жетістіктеріңізге жетулеріңе тілектеспіз!
1 - жүргізуші: Келесі сөз кезегі І курс ата - аналар атынан cөз беріледі
2 - жүргізуші: Топтарды үлестіру және топ жетекшілер мен өндірістік оқыту шеберлерін тағайындау үшін директордың өндірістік оқыту ісі жөніндегі орынбасары Байназаров Бауыржан Оралұлын шақырамыз!
1 - жүргізуші: Осымен Білім күніне арналған салтанатты жиынды жабық деп жариялаймыз!
2 - жүргізуші: Келесі кездескенше аман сау болайық!

1 864
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1 қыркүйек білім күніне арналған сценарий
1 қыркүйек білім күніне арналған сценарий
Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата - аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз құтты болсын!
1 қыркүйек – білім күні
1 қыркүйек – білім күні
1 қыркүйек – білім күні. Тәуелсіз еліміз - Қазақстан Республикасының тарихындағы, сондай - ақ Қазақстанның әрбір азаматының, мектеп жасындағы баланың өміріндегі елеулі күн. Өйткені Білім күні – өз мектебін сүйетін және ұмытпаған адамдардың дәстүрлі
Алғашқы қоңырау мерекесінің салтанатты жиыны
Алғашқы қоңырау мерекесінің салтанатты жиыны
Армысыздар, құрметті қонақтар! Аяулы ұстаздар! Қадірменді ата - аналар! Сыңғырлай соққан қоңырау үніне келген жас бүлдіршіндер мен оқушылар! Сіздерді 1 - қыркүйек білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
"Көңілашар"
"Көңілашар"
Тақырыбы: «Асыл жанды, ардақты ұстазым мен қарттарым» Мақсаты: Оқушыларды ұстаздар қауымен қарттарды құрметтеуге, сыйлауға үйрету. Ұстаз еңбегінің ұшан теңіз екенін ұғындыру.
Мектеп бітірушілер кеші
Мектеп бітірушілер кеші
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Алтынсарин орта мектебінің педагог – ұйымдастырушысы Шәудірбаева Гүлшат Иманғалиқызы
Алғашқы қоңырау 2023 жыл
Алғашқы қоңырау 2023 жыл
2023-2024 оқу жылындағы «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиының сценарийі Жоспары: 1. Сапқа тұрғызу 2. Қонақтармен таныстыру 3. ҚР мемлекеттік туын енгізу 4. ҚР әнұраны 5. Қала әкімінің құттықтауы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×