Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ана тілің - арың бұл.тәрбие сағаты

24 наурыз 2020, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: Ана тілің - арың бұл.
Сабақтың мақсаты: Ана тілдің қадір қасиетін оқушыларға
ұғындыру. Тілге деген сүйіспеншілігін, құрметін арттыру. Өз Отанын туған жерін, туған тілін құрметтеуге, аялауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Қабырға газеті, нақыл сөздер, шарлар, суреттер.
Сабақтың барысы:
Kipicпe бөлім.
- Балалар, біздің Отанымыз Отан анамыз Қазақстан Республикасы.
Қазақстан Республикасының Гимні
Heгізгi бөлім.
Балалар, біздің тіліміз - ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл қазынамыз. Өз атамекенімізде жүргендіктен, өз тілімізде сөйлеу - басты парызымыз. Қазақ тілінің құдіреттілігі - оның орындылығында, орасан зор байлығында.
«Қазақ, болып туғаннан соң бөбегім, Қазақ болып өлген жақсы түбінде», - деген ақын сөзінен қуат ала отырып, бабаларымыздан жол тартқан асыл мұраны сақтап өркендете берейік.
Ана тілі - асыл нәрі бабамның,
Қуатымсың ақ сүтіндей анамның.
Сәби шақтан бесігімде жыр тыңдап,
Туған тілді туып өскен баламын.
Ән. «Ананың тілі - аяулы үні» хор.
Балалар, біз бүгінгі сабақта өзіміздің оқып үйренгендерімізді ортаға саламыз. Сендерді орталықтарға бөліп тапсырмалар берген болатынмын. Әр топ өздерінің дайындаған тапсырмаларын ортаға салады.
1. Әдебиет орталығы.
1 - оқушы: Қуан далам! Қуанатын күн бүгін!
Cepпiп таста, Мұңды жүрек түндігін
Tiл туралы заңым енді күшіне
Паш еткендей, Кескен жаңа кіндігін.
2 - оқушы: Қуан бабам! Қуанатын жөнің бар.
Деген едің, Тіл бар жерде өмір бар.
Халық жауы атандың - ау сол үшін.
Ғұмырыңда, Құрбан eтіп жолыңда ар.
3 - оқушы: Қуан анам! Ұзағынан сүйініп.
Сәтің де көп, Кеткен кейде түңіліп.
Ақ, сүтіңнен, Бойға біткен тіліңді
Піp тұтамын, Мен алдыңда иіліп.
Барлығы бастарын иеді.
4 - оқушы: Мейлі шарлап теңіз өттім, тау бастым,
Мейлі көктің ақ бұлтына жармастым.
Сонда - дағы сені қалмассың көкейден,
Сонда - дағы ceнi ұмыта алмаспын.
Бар қазақтың орман, көлі, өзені,
Тау қиясы, жалпақ жазық, кезеңі.
Сайрап сөйлеп тұрған жоқ па қазақша,
Қалай тозар сендік асыл сөз енді.
5 - оқушы: Туған тілім тірлігімнің айғағы,
Тілің барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім мен де бipгe өсемін,
Өшсе тілім мен де бipre өшемін.
Тілсіз хайуан бишара,
Бишараға не шара.
6 - оқушы: Сарыарқадай даласы бар, Астанадай қаласы бар.
Жайнап тұрған бip - Гүлстан, Туған жерім - Қазақстан!
Үйінен қонақ арылмайтын, Жоқ, нәрсеге тарылмайтын.
Дарқан мінез кең пейілді, Туған елім - Қазақ елі.
Бабалардан бұрынғы өткен, Аманат боп бізгe жеткен,
Ұмытылмас ешқашанда, Туған тілім - Қазақ тілі.
Бақыттымын бар әлемде, Yш туған бар бip өзімде.
Мақтанамын, шаттанамын, Жар саламын бар әлемге.
2. Шығармашылық орталығы.
Қане, балалар үйде жазып келген шығармаларыңды ортаға салыңдар.
3. Өнер орталығы.
1. «Отаным» өлеңін айтқызу.
4. Ғылым орталығы.
Ана тілін білу, үйренудің қажеттілігі, маңызы жайлы ұлы адамдардың нақыл сөздеріне тоқталайық.
1. Өзіңе сенбе, жас ойшыл, Тіл өнepi дертпен тең. (Абай Құнанбаев)
2. Әр халықтың ана тілі - білімнің кілті.
3. Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді мәдениетті болсын.
(Ахмет Жұбанов)
Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата - бабамызды, тарихымызды ұмыту. (Бауыржан Момышұлы)
5. Әдебиет орталығы.
Балалар ана тілі туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?
Жақсы байқап сөйлер, Жаман шайқап сөйлер,
2. Біреудің көзі әдемі, Біреудің cөзi әдемі.
Білгеніңді сөйлеп қал, Білгендерден ғибрат ал.
4. Үлгілі сөз білмеген, Надандықтың белгісі
Жүзден бipey шешен, Мыңнан бipey көсем.
6. Қызыл тілдің қадірін, Тоқтағанда білесің.
Өтipiк сөз өрге баспас,
8. Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле
9. Өнер алды – қызыл тіл.
10. Шебердің қолы ортақ, Шешеннің тілі ортақ.
6. «Өнер» орталығы.
Kөpiніc. «Ана – тілің арың бұл»
7. Шығармашылық орталығы.
Оқушылар өздерінің шығарған өлеңдерін оқып береді
7 - оқушы: Бесікте жатқанымнан, Ана тілін үйрендім.
Сол арқылы бой жазып, Азамат боп өсіппін.
8 - оқушы: Ана тілім менің, Асыл қазынам менің.
Ана тілім менің, Шырқар әнім менің.
Құрметтеймін ceнi, Анамдай сыйлап.
Аялаймын сені, Өcipген гүлімдей.
9 - оқушы: Ана тілін үйреніп, Оқып білiм аламын.
Ана тілім айбыным, Ана тілім ай күнім.
10 - оқушы: Ана тілім дана тілім, Қазақ тілім бал тілім.
Құрмет тұтып ceнi мен, Аялаймын әрқашан.
8. Өнер орталығы.
Ән «Түркістан».
Би «Шаттық» биі.
9. Ғылым орталығы.
Ал, балалар, ғылым орталығына қорытынды сөзді берейік.
Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Сондықтан қазақ тілін құрметтейік.
Өзге тілдің - бәрін білсең де, Өз тіліңді құрметте.
Бiз, оқушылар, өз ана тілімізді байытып, оны өзге ұлт өкілдеріне үлгі етуіміз керек.
Қазақ тілі – ұлттың жаны, Қаны деп ойлаймын!
Балалар, ана тіліміз үшін күрес - болашақ ұрпақ үшін, халық үшін күрес дегім келеді
Ерлік пен елдікті мұра тұтқандар саған қол көтермек емес.
Жылдар, ғасырлар мен замандардың ұйытқып соққан желі сенің іргетасыңды ешқашан шайқалтпайды.
Жасай бер, бостандық, махаббат пен достық тілі - қазақ тілі.
Хор: «Менің Қазақстаным».
149
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Жаңалықтар
Ана тілім — дана тілім, бақ тілім!
Ана тілім — дана тілім, бақ тілім!
22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Ең алдымен, бұл барша елге ортақ жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.
Туған тілім – тірлігімнің айғағы
Туған тілім – тірлігімнің айғағы
Туған тілім – тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сыр ойдағы. Өссе тілім, мен де бірге өсемін, Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте
балаларды туған тілін сүюге, оны қорғауға және қамқорлық жасауға тәрбиелеу; оқушыларды тіл мәдениетін сақтай білуге, тіл тазалығы үшін күресуге, сөз өнеріне баулу;
Білімді бала қыр асар, Құтты болсын, тілашар!
Білімді бала қыр асар, Құтты болсын, тілашар!
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №9 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Басенова Ақмарал Камаловна
Ана тілім – қанатым
Ана тілім – қанатым
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қазтұрғанова Мейрамгүл
Ана тілім - ардақтым (ертеңгілік)
Ана тілім - ардақтым (ертеңгілік)
Л. Қылышев атындағы Шилі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бахтыгереева А. К.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.