Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қыз сыны

02 қараша 2013, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қыз сыны сайысы.
Тақырыбы: «Қыз сыны» сайысы.
Мақсаты: Оқушылардың адамгершiлiк қасиеттерін қалыптастыру мақсатында бiлiмге деген қызығушылығын арттыру. Мәнерлеп оқу, сөйлеу, мақал - мәтелдер, сұрақ - жауап, ән, би арқылы ой - өрiсiн дамыту. Мемлекеттік тіл - қазақ тiлiн құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу, эстетикалық тәрбие беру.
Қатысушылар: 5 - 8 сынып оқушылары.
Өткізілу түрі: сайыс.

Жүргізілу барысы.
Жүргізуші I.
Мен қазақ қыздарына қайран қалам
Жайнаған, жалындаған, жайраңдаған
Сол менің жүрегімнің ханшасы
Жыр шоғын ұсынамын Айдан да оған.

Жүргізуші II.
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі «Қыз сыны» сайысына қош келдіңіздер.
Қызың жақсы болса:
Бірінші – иманың
Екінші – жиғаның
Үшінші – ырысыңның тұрағы.
Қыз баланы қазақ халқы өте қадірлеген. Қызды қонақ, гүл сияқты нәзік деп, оған қатты сөйлемеген, көңілін қалдырмай өсірген.
Қыз бала өзін - өзі жақсы күтіп, әдемі көрінуге тиіс.

Жүргізуші I.
Бұрынғы кезде әдемі болған нәрсеге «Қыздың жиған жүгіндей» деп қыздың жасағаны, айтқан сөзі, жүрген жүрісі өте әдемі деп құрметтеген. Қыздың жүріс тұрысына бүкіл ел баға беріп отырған. Сол себептен шыққан мақалдар.
1. Қыз баланың қыдырымпаз болғаны жараспайды.
2. Қыздың аңқауынан сақта,
Ұлдың жалқауынан сақта.

Жүргізуші II.
Той басталды, той басталды.
Қолға сырнай алайық.
Кел шырқайық «Тойбастарды».
Қоштап кетсін халайық! деп кезекті «Көгершін» ән шашуымен ортаға Кульзия Серікқызын шақырайық.
Жүргізуші I.
Құрметті қонақтар бүгінгі «Қыз сыны» байқауына қатысқалы отырған қыздарымызды ортаға шақырайық, қарсы алыңыздар.

№ 1 «Әнші балапан» сайысының бас жүлдегері 8А сынып оқушысы Қисықова Асем.
Жүргізуші II.
№ 2 Келесі әсем, әдемі қызымыз 7А сынып оқушысы Жолдыбаева Самал.
Жүргізуші I.
№ 3. Орта буынға алғаш аттаған 5А сыныптың озат оқушысы Жакина Жансая.
Жүргізуші II.
№ 4. Көркем де келбетті мемлекеттік тілді құрметтейтін, анасының көмекшісі 6Б сынып оқушысы Исмаилова Зинеп.
Жүргізуші I.
№ 5. Келесі келе жатқан сұлу қызымыз 5А сынып оқушысы Балғабаева Динара.
Жүргізуші II.
№ 6. Қазақ тілін өз тіліндей жақсы көретін 7Б сынып оқушысы Лещук Ангелина
Жүргізуші I.
№ 7. Мемлекеттік тілді жақсы меңгеруге асыққан Горбачева Екатеринаны қарсы алайық.
Байқауымызды бастамас бұрын, бүгінгі сайысты бағалайтын әділ да, адал әділқазылар алқасымен танысайық.
1. Мектеп директорының орынбасары: Абилова Әсия Қасымбекқызы.
2. Ата - аналар комитетінің төрағасы: Гурина Алла Васильевна.
3. Первомайский селосының әкімі Туребаев Асылхан Шергалиевич.
4. Зейнеткер әжеміз Кудебаева Сапаргүл
Жүргізуші II.
Әнбісің әлде?
Неткен үн сені шырқады?
Әлде сен, қалқам, Бозарып атқан қыр таңы?
Сезіп тұр санам, Сен өзің, сірә болғайсың.
Жалғандағы осы жақсының ғана ұрпағы.
Бірінші сайысымыз «Таныстыру» сайысы.
Қыздар өздерін көреремендер алдында таныстырады.
№1 - ші Қисықова Әсем.
№2 - ші Жолдыбаева Самал
№3 - ші Жакина Жансая
№4 - ші Исмаилова Зинеп
№5 - ші Балгабаева Динара
№6 - ші Лещук Ангелина
№7 - ші Горбачева Екатерина
Жүргізуші I.
Екінші сайысымыз «Мақал - мәтелдер» сайысы.
Мақал сөздің атасы, сөз мәйегі деп - мен мақалдың бастапқы жартысын оқимын, ал сіздер екінші жартысын табыңыздар.
1. (Қызға - қырық үйден тыю.)
Ұлға отыз үйден тыю.
Жүргізуші II.
2. (Қызым - саған айтам)
Келінім - сен тыңда.
Жүргізуші I.
3. (Қыз ауыр ма), тұз ауыр ма.
Жүргізуші II.
4. ( Қыздың көзі) - қызылда.
Жүргізуші I.
5. Қыз өссе елдің көркі.
( Гүл өссе жердің көркі).
Жүргізуші II.
6. (Қыз жоқ жерде) – қызық жоқ.
Жүргізуші I.
7. (Ұлың үйленсе)- ырысың
Қызың орын тапса - өрісің
Жүргізуші II.
8. (Қыз кетсе - қуаныш)
Тұрақтаса жұбаныш.
Жүргізуші I.
9. (Бір жақсы қыз)- екі жаман ұлға татиды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 061
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен қазақтың қызымын (қыз сыны байқауының сценарийі)
Мен қазақтың қызымын (қыз сыны байқауының сценарийі)
Еліміздің ертеңі мына ұрпақтың қолында. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, бүгінгі қыз ертеңгі ана.
Қыз өссе елдің көркі атты қыз сыны сайысы
Қыз өссе елдің көркі атты қыз сыны сайысы
Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
Қыз сыны байқауы
Қыз сыны байқауы
Қызылорда қаласы, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжі оқытушысы Айтпенбетова Гулжахан
Қыз сыны
Қыз сыны
Жүргізуші: Армысыздар қадірменді қонақтар Армысыздар ақ жаулықты аналар Бүгінгі кеш арулардың сайысы Сіздердікі тамашалау, бағалау.
Бұрымды қыз
Бұрымды қыз
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент ауылы, Түймекент орта мектебінің технология пәні мұғалімі: Джумадилова Зура Адилхановна
Қызғалдақ қыз, Наурыз - ана!
Қызғалдақ қыз, Наурыз - ана!
ШҚО, Үржар ауданы, Үржар ауылы «Жансүгіров ОМ» КММ физика және информатика пәнінің мұғалімі Аскербаева Рысхан Сагимбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×