Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақтың көрнекті ғалымы - Шоқан Уалиханов

17 ақпан 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Тарих
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың көрнекті ғалымы - Шоқан Уалиханов (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
1. Қазақтың тұңғыш ғалымы туралы білімдерін кеңейту.

Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылық - ғылыми еңбектері, саяхаттары, зерттеу жұмыстары туралы ұғымдарының деңгейін толықтыру.
2. Өлмейтұгын артына сөзі мен ісін қалдырған Шоқан өмірін үлгі ете отырып, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Білім алудың маңызды екендігін ұғындыра отырып ғылыми ізденіске баулу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың типі: іздену, білімдерін жинақтау.
Әдіс - тәсілдері: топпен жұмыс, тапсырмалар.
Көрнекіліктер: Шоқан Уәлихановтың портреті, Қазақстан картасы, интер -
активті тақта, презентация.
Пәнаралық байланыс: тарих, география, бейнелеу өнері, әдебиет.
Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ Тақырыпты анықтау кезеңі. Ой қозғау.
Гүлдер солып, жұлдыздар сөніп, адамдар өліп жатады.
Бірақ, адамзаттың бір ерекшелігі сол – одан із қалады, іс қалады, сөз қалады. (Ы. Жақаев)

Сұрақ: Қандай адамдардан із, іс, сөз қалады?
Артына ұмытылмас із қалдырған қандай ұлы тұлғаларды білесіңдер?
Артына өшпес із, мол ғылыми мұра қалдырған ұлы тұлғалардың бірі –
қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уалиханов
Жаңа сабақ жоспары: 1. Бала Шоқан
2. Шоқан кадет корпусында
3. Ғалым Шоқан
4. Географ - саяхатшы Шоқан
5. Ұлы достық - Шығысты зерттеуші ғалымдармен.
6. Шоқан туралы естелік

Бүгінгі сабақта біз Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылық жолына, ғылыми еңбектеріне, жасаған саяхаттарына, зерттеу жұмыстарына шолу жасаймыз.
Қазір осы тақырыпқа байланысты әр топтың өздерінің дайындап келген мәліметтерін тыңдайық:
І. топ - ғалым - тарихшылар
ІІ. топ - географ - саяхатшылар
ІІІ. топ - суретшілер
IV. топ - ғалым әдебиетшілер

І. топ Ғалым - тарихшылар: Бала Шоқан
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов 1835жылдың қараша айында Қостанай облысы Құсмұрын бекінісінде дүниеге келген. Шоқанның азан шақырып қойған аты Мұхаммедханафия. Шоқанның балалық шағы табиғаты көркем Құсмұрын, кейін Сырымбет тауының бауырында Көкшетауда өтті. Арғы атасы – Абылай хан. Шоқанның әкесі – Құсмұрын бекетінің атақты аға сұлтаны Шыңғыс Уәлиханов. Анасы - әйгілі Шорман бидің қызы Зейнеп. «Шоқан» деген ат – әке - шешесінің еркелетіп қойған аты. «Шоқыдай биік, таудай асқақ» деген мағынаны білдіреді. Ақылды, парасатты Шоқан Айғаным әжесінің бауырында өсті. Жастайынан тарихи өлең - жырларды, аңыз - әңгімелерді қызыға тыңдап, ерте хат таныды. Ол сурет салуды да үйренді. Сөйтіп, ол өз заманына Шоқан есімімен танылды. Білім алған ордасы. 1847 жылдың күзінде әкесі он екі жастағы Шоқанды Омбыдағы кадет корпусына оқуға берді Кадет корпусында білім алып, оны 1853ж бітіреді. «Атты әскер корнеті» деген атақ алып шығады, өз мамандығы бойынша қызметке орналасады. Онда әскери сабақтарға қоса жалпы және Ресей географиясы мен тарихы, батыс философиясы, физика, математика, шетел тілдері оқытылған. Әуелі орысша бір ауыз сөз білмеген. Бірақ ол өз зеректігімен араб, парсы, ұйғыр тілдерін үйренген.«Осы әскери білім беретін оқу орнында Шоқан жетілді, орыс жолдастарын басып озды. Екі - үш жылдан соң Шоқан өзінен екі жас үлкендерді де идея жағынан басып озды» деп жазды бірге оқыған досы Г. Н. Потанин.
Шоқанның зерттеушілік қабілеті оқып жүргенде дами бастады. Жазғы демалыс кезінде ол ел ішіндегі аңыз - әңгімелерді, жырларды жинақтады, сурет салумен
шұғылданды. Енді Шоқан саяхатшы болуды армандады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 682
0
  • 100
9 дауыс


Жаңалықтар
Шоқан Уәлиханов – қазақтың ұлы ғалымы
Шоқан Уәлиханов – қазақтың ұлы ғалымы
Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметін таныстыра отырып, ғалым, этнограф, суретші, зерттеуші әрі жан – жақты шығармашыл тұлға болғандығын көрсету.
Шоқан Уалханов - қазақтың аса көрнекті ғалымы әрі ағартушысы
Шоқан Уалханов - қазақтың аса көрнекті ғалымы әрі ағартушысы
Шоқан Уалханов - қазақтың аса көрнекті ғалымы әрі ағартушысы
Қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уәлиханов
Қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уәлиханов
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы Ақжар қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Қалитова Гаухар Кентайқызы
Шоқан – халық ауыз әдебиетін зерттеуші
Шоқан – халық ауыз әдебиетін зерттеуші
Ақтөбе Мемлекеттік Педагогикалық Институты оқытушысы: Бекниязова Динара Достановна
Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов
Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов
Пәні: Қазақстан тарихы Сыныбы: 8 Сабақтың тақырыбы: Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов Сабақтың мақсаты: ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ мәдениетінің көрінісі, орыс демократиялық мәдениетінің әсері, орыс – қазақ
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×