Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуекел хан

04 ақпан 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Тарих
Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Тәуекел хан (1582 - 1598 ж. ж.)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Отан тарихынан сүбелі орын алар тарихи тұлғалардың бірі – Тәуекел ханның 16 жыл ел тізгінін ұстаған уақытындағы Қазақ ордасының ішкі - сыртқы саясатындағы ролін түсіндіру;
Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру, өз ойларын айтуға жетелеу, ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Тәуекел ханның тағлымы мол тарихи тұлғасы арқылы ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: ауызша баяндау, сұрақ - жауап, әр түрлі зияткерлік тапсырмалар, картамен жұмыс
Көрнекілігі: интербелсенді тақтаны пайдалану, электронды оқулық, карта

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
Оқу құралын тексеріп түгендеу
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Қазақ хандығы қашан және қай жерде құрылды?
2. Қазақ хандығын кімдер құрды?
3. Қазақ хандығының құрылуы жайлы тарихи деректі кімнің еңбегінен оқып білеміз?
4. Қазақ хандарынан кімдерді білеміз?
5. Қасым ханның билігі туралы тарихшылар қандай мәліметтерді келтірді?
6. Хақназар хан қай жылдары билік етті?
7. Хақназар хан ішкі саясатын қалай жүргізді?
8. Сыртқы саясаты туралы не білесіңдер?
9. Хақназар хан билік еткен тұста тарих сахнасында қандай айтулы оқиға болды?
10. Хақназар хан кіммен «дос болып, өзара көмектесу» жөнінде «ант беріскен» шарт жасасты?

Семантикалық карта

ІІІ. Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Тәуекел хан (1582 - 1598 ж. ж.).
Сабағымыздың мақсаты: Отан тарихынан сүбелі орын алар тарихи тұлғалардың бірі – Тәуекел ханның 16 жыл ел тізгінін ұстаған уақытындағы Қазақ ордасының ішкі - сыртқы саясатындағы ролін түсіну.
Сабағымыздың мақсатына жету үшін мынадай мәселелерді қарастырамыз.
Жоспар:
1. Тәуекелге дейінгі Қазақ хандығының жағдайы. Шығай хан. Баба сұлтанмен күрес.
2. Қазақ - өзбек қатынастары.
3. Орыс мемлекетімен қарым - қатынас.

Өткен сабақта Хақназар ханның билігімен танысқан болатынбыз. Хақназар хан Бұқара ханы Абдаллахпен және өзбек сұлтаны Баба сұлтанмен екі жақты саясат ұстанды. Бұны сезіп қалған Баба сұлтан өзінің жансыздарын жіберіп, Хақназарды, оның ұлдарын, және ханның жақын сұлтаны Жалымды өлтіреді.

Ендігі Қазақ хандығының тағы Жәнібек ханның немере інісі Шығайға бұйырды. Шығай хан тағына отырғанда 80 жастағы шал болатын. Ол билікке келе салысымен Хақназар хан мен Жалым сұлтанның кектерін алуға кірісті. Сондықтан Абдаллах ханмен одақ құрып, Баба сұлтанға қарсы жорыққа шықты. 1582 жылы Түркістан қаласының түбіндегі шайқаста Шығай хан және оның ұлы Тәуекел сұлтан Бұқара ханы Абдаллахпен бірлесіп жеңіске жетті. Бұған риза болған Бұқара ханы Абдаллах қазақ хандығына Ходжент қаласын тарту етті. Алайда осы жорықта Шығай ханның өзі де қаза тапты. Енді хандық билікті Шығайдың баласы, мұрагері Тәуекел сұлтан өз қолына алды. Тәуекел ханның билігі, ішкі - сыртқы саясаты турал мәліметті бейне материалдан көрейік. Электронды оқулықта 3 мин уақытта Тәуекел ханың билігі туралы айтылады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 909
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тәуекел хан (1582 - 1598)
Тәуекел хан (1582 - 1598)
Тәуекел хан (1582 - 1598) Конспект 1580 - 1582 жылдары хан тағына Жәнібек ханның немере інісі 80 жастағы Шығай отырды. Ол Баба сұлтанның Хақназар мен Жалым сұлтанды өлтіргеніне өшігіп, қарсы шықты. Баласы Тәуекел сұлтан екеуі Абдаллах ханмен
XVI - XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы
XVI - XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы
Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы, тарихы жайлы білімдерін жаңғыртады, бекітеді.
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
Тәуке ханның қазақ хандығындағы ішкі талас - тартыс пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құру жолында тың өзгерістер енгізгенін және «Жеті жарғы» заңының мазмұнына түсініктер беру.
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
Тәуке ханның тұлғасын, оның ел басқару жүйесін жетілдіруі, “Жеті жарғы” заңын таныстыру, білгірлікпен жүргізген сыртқы саясатының нәтижесін көрсету.
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
Білімділік: Тәуке хан тұсындағы елдің ішкі - сыртқы жағдайы, Тәуке ханның ел үшін жасаған еңбегін, қазақтың құқықтық жүйесін қалыптастыруға қосқан үлесін әңгімелеу.
ХҮІ-ХҮІІ ғасырдағы Қазақ хандығының дамуы
ХҮІ-ХҮІІ ғасырдағы Қазақ хандығының дамуы
Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, №7 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Султанова Зухра Садыковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×