Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлттық код: ұлттық мәдениет, салт - дәстүріміз

22 желтоқсан 2017, Жұма
Категориясы: Тарих
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық код: ұлттық мәдениет, салт - дәстүріміз
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қазақ халқының салт - дәстүрі туралы білімдерін терендету. Қазақ халқының адамгершілік қасиеттерінің халықтың салт - дәстүрімен сабақтастығын түсіндіру, еліміздің кейбір салты мен ырымдарын үйрету. Ұлттық мәдениетке, халқымыздың тарихына қызығушылық, өз халқының салт - дәстүрін сақтауға, дамытуға дайын азаматты қалыптастыру. Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру. Адамгершілікке, елін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу
Дамытушылық: Материалдық мәдениет туралы түсініктерін кеңейту,
мәдениетті жан - жақты қырынан тани білуге көмектесу, қазақ халқының материалдық мұражайына саяхат жасата отырып, білімдерін еске түсіру арқылы дамыту.
Тәрбиелік: Қазақ халқының бай мәдениетіне деген қызығушылықтарын одан әрі дамыту, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, презентация, флипчарт, кітап көрмесі, буклеттер.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, пікір алмасу, білім алушылардың шығармашылық жұмысы, т. б
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс әдебиет, қазақ тілі, тарих, өнер.

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, балалар! Біз қазір сіздермен салт - дәстүріміз туралы әңгіме қозғаймыз. Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері болатыны белгілі. Біздің тәрбиеміз ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халқымыздың әдет - ғұрпын, дәстүрін, тарихын білу, оны қастерлеу – әрқайсымыздың борышымыз. Бүгін біз осы халқымыздың аса қадірлі салт - дәстүрлеріне, тарихына, бізге қалдырған мұраларына арналады. Ата - бабамыздың қастерлеп келген, біз білмейтін әлде де көп тарихи маңыздылығы зор мұралары көп, бізге айтатын өсиеттері, бізге қалдырған тарихи байлықтары көп.

І. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, түгендеу, сергіту, топқа бөлу
«Салт - дәстүрін білген - елін сүйген азамат» (Әр топ өздеріне берілген дәстүрді түсіндіріп беруі керек, дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі).
«Мәдениет» тобының сұрақтары:
1. Байғазы - балалардың, жастардың жаңа киімі, қуанышты сәттерге берілетін сый
2. Тәбәрік - біреу ойын тойда жүлде алса немесе құдалық салт - дәстүрде кәде болса, одан жанындағыларға үлес беруі.
3. Кәде - айтта, ойын тойда мейрамдарда берілетін сый. Той кәделері тойбастар, айттық, көрімдік, тәбәрік, жыртыс, сарқыт.
4. Жеті ата - Бала, Әке, Ата, Арғы ата, Баба, Түп ата, Тек ата.
5. Қазан шегелеу - әзіл - қалжыңы жарасқан адамдар бірінің үйіне бас қосып барып «осы үйдің қазанын шегелей келдік», - дейді. Үй иесі қонақ жайлылық танытып, оларға қонақасы береді. Демек «қазан шегелеу» қонақ бола келдік деген ұғымды білдіреді.
6. Қорықтық құю - әлденеден қорыққан, шошынған адамға қорықтық құйып ем жасайды
7. Ұшықтау - тамақтан, иістен ұшынған адамды ұшықтау

«Тұлпар» тобының сұрақтары:
1. Тұсаукесер тойы - сәби жүре бастаған кезде ата – анасы «балам тез жүріп кетсін»деген оймен жасалады. Арнайы жіп дайындап, жылдам жүретін адамға қидырады.
2. Тілашар тойы - бүлдіршіннің тілі жеке – жеке сөздерді айтуға икемделе бастаған кезде, тілі тез шығуы үшін дәстүрлі «тілашар»тойы ырымын жасайды.
3. Атқа мінгізу тойы - баланың буыны бекіп, ат үстінде өзін - өзі ұстап отыра алатындай жағдайға жеткенде ашамай ерге мінгізіп үйретеді.
4. Сүндет тойы - ер балаларды 5 - 7 не 9 жасында сүндетке отырғызады.
5. Тоқымқағар - бала бірінші рет үйінен алысқа жолаушылағанда өткізіледі.
6. Қымызмұрындық - жаз тойы болып, мамыр айынан бастап маусым айына созылатын үлкен той. Осы кезде мал отығып, биелер желіге байланып, қымыз жиналып, ағайын - жекжаттар бірін - бірі қымызға шақырады. Құран оқып, мал сойылып, түрлі ойын - сауықтар, жарыстар ұйымдастырылады. Осы кезде түрлі той - томалақтар да өткізіледі.
7. Мизам (Сабан той) - күз айында диқандар мен бағбандардың құрметіне арналған той. Бұл тойда түрлі жарыстар мен ойын - сауықтар өткізілді.

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы,
Б. Момышұлы ауылы № 29 Александр Герцен орта мектебі
Мадибекова Б. А.

Ұлттық код: ұлттық мәдениет, салт-дәстүріміз. жүктеу
Ұлттық код: ұлттық мәдениет, салт-дәстүріміз. слайдын жүктеу
5 992
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көшпелілердің салт - дәстүрі мен діни нанымдары
Көшпелілердің салт - дәстүрі мен діни нанымдары
Көшпелілердің салт - дәстүрі, діни нанымдары туралы біледі. Көшпелі тайпалардың өзіндік ерекшеліктеріне талдау жасай алады.
Қазақ халқының материалдық мәдениеті
Қазақ халқының материалдық мәдениеті
Қазақ халқының материалдық мәдениеті туралы білімдерін кеңейту. Ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын оята отырып, оқушыларды ізденгіштік, шығармашылық, танымдық қабілетін дамыта отырып оқушыларды өз бетінше қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
Қазақ халқының материалдық мәдениеті
Қазақ халқының материалдық мәдениеті
Оқушыларды халқымыздың материалдық мәдениетінің түрлерімен таныстыру, жалпы материалдық мәдениет туралы мәлімет бере отырып Қазақ халқының мәдениетінің өшпес құндылық екеніне көздерін жеткізу.
Қазақ халқының әдет - ғұрыптары. Материалдық ерекшеліктері
Қазақ халқының әдет - ғұрыптары. Материалдық ерекшеліктері
Есік гуманитарлық – экономикалық колледжі. Оқытушы: Айтбекова Алия
Киіз үй
Киіз үй
Батыс Қазахстан облысы, Тасқала ауданы. Орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Утешева Роза Айсиевна
Қазақ халқының материалдық мәдениеті
Қазақ халқының материалдық мәдениеті
Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларды халқымыздың материалдық мәдениетінің түрлерімен таныстыру, жалпы материалдық мәдениет туралы мәлімет бере отырып Қазақ халқының мәдениетінің өшпес құндылық екеніне көздерін жеткізу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×