Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс

15 мам 2018, Сейсенбі
Категориясы: Тарих
1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
Конспект
19 ғасырдың 20 жылдары Ұлы жүздің бір бөлігі мен Кіші жүздің оңтүстігі Қоқан билігінде болып, қазақтардан салық жинады. 19 ғасырдың 20 - 30 жылдары Хиуа хандығы шекті, төртқара, табын, байұлына қысым көрсетіп, Сыр өзенінің төменгі ағысында бекіністер тұрғызды, сауда керуендерін тонады. 1822 жылғы Жарғы бойынша жаңа округтерді ұйымдастыру қазақтардың шаруашылығын құлдыратты. Отаршылдыққа қарсы күресті Абылай ханның немерелерінің бірі – Кенесарының ағасы сұлтан Саржан Қасымұлы басқарды. Көкше және Ұлытаудың маңындағы шаруалар патша үкіметінің жазалау қысымына төтеп бере алмай, Орта жүздің оңтүстігіне көшіп кетті. 1836 жылы Саржанды Қоқан ханы өлтіртті.
Кенесарының саяси көзқарасының қалыптасуына əсер еткен əкесі – Қасым. Сұлтан Қасымның 40 шаңырақты ертіп Көкшетау бойынан Қоқан шекарасына көшуінің басты себебі – патша үкіметінің округтік приказдарды құруына қарсылығы. 1836 жылы Қасым сұлтан және балалары Ташкент билеушісінің қолынан қаза тапты.
1837 - 1847 жылдардағы көтеріліс басшысы – Қасым төренің баласы, сұлтан Кенесары (1802 - 1847 ж. ж.). Көтерілістің басты мақсаты: Қазақ елінің патшалы Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтау, қазақ жерлерін бекіністер мен округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату, Қоқандықтардың тепкісіндегі қазақтарды азат ету. Көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтып, ұлт - азаттық сипат алды.
Көтерілістің басты қозғаушы күші қазақ шаруалары болды. 80 - нен астам би, старшын, сұлтандар көтеріліске қатысты. Ақсүйектер мақсаты – көтерілісті пайдаланып, бұрынғы артықшылықтарын қайтарып алу және көшпелі феодалдық дербес мемлекеттің бостандығын қалпына келтіру. Көтеріліске əртүрлі ұлттардың өкілдері қатысты – орыс, өзбек, қырғыз. Кейде көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. 1838 жылғы мамырда Кенесары сарбаздары Ақмола бекінісіне шабуыл жасап, өртеп жіберді. Бұл көтерілісшілерге рух берген ірі жеңіс болды. 1838 жылдың күзінде қозғалыс Кіші жүзді шарпып, оған би Жоламан Тіленшіұлы тобы қосылды. 1841 жылы көтерілісшілердің қоқандық əскерлер орналасқан Созақ, Жаңақорған, Жүлек, Ақмешіт бекіністерін қоршауы жəне бірнеше қоқан бекіністерін алуы сарбаздарды рухтандырды. Қоқан ханы Кенесарыға одақ жасауды ұсынып, бірақ батыр оны қабылдамады.
1844 жылғы шілденің 20 - нан 21 - не қараған түнінде көтерілісшілер сұлтан Жантөреұлы тобын қоршап, 44 сұлтанды мерт қылды. Сарбаздардың рухы көтеріліп, қазақ ауылдарының жаңадан Кенесары маңына жиналуына түрткі болды. Орынбор əкімшілігін Кенесарымен келіссөз жүргізуді бастауға мəжбүр етті.
1845 жылғы сəуірде Кенесары ауылына орыс елшілері Долгов пен Герн келіп, патша əкімшілігінің талаптарын жеткізді. Кенесарыға басқа елдермен дипломатиялық байланыс жасауына тыйым салынды. Көтеріліске қатысқан қазақ руларына үкімет межелеген жерлерде ғана көшіп - қонуға рұқсат берілді. Кенесарының Орынбор қазақтарының иелігін Ресей империясының бір бөлігі ретінде мойындағанда ғана көтерілісшілерге кешірім берілетіндігі басты шарт ретінде қойылды. Екі ай бойы Кенесары ауылында болған елшілер талаптарын орындата алмай Орынборға қайта оралды.
Кенесары Ресейдің билігін мойындауы үшін өзінің талаптарын қойды. Қазақ жеріндегі барлық патша бекіністерін жою, жазалаушы топтардың бассыздығын тыю, салық жинауды тоқтату. Екі жақ бір - біріне талаптарын мойындата алмағандықтан, келіссөздер тоқтатылды. Кенесары тобы Сарыарқадан оңтүстік аудандарға ығысуға шешім қабылдады. Сарыарқадан Ұлы жүзге қарай бет алуының себебі – Қоқан езгісіндегі қазақтардың дербестік алуына көмектесіп, өзіне тірек жасау болды. Кенесары əскерін Жетісу қазақтарының бəрі бірдей қабылдамады. Абылайдың баласы сұлтан Сүйік Ресей билігін мойындаса, үйсін, жалайыр, дулат руларының көпшілігі көтерілісшілерді жақтады. Кенесарының соңынан ермеген ауылдарды ойрандауы Жетісудағы белді руларды Ресейден көмек сұрауға мəжбүр етті.
1847 жылғы сəуірде Кенесары 10 мың əскерімен қырғыз жеріне басып кірді. Көтерілістің бастапқы сипаты өзгерді. Кенесары əскерлерінің қырғыз ауылдарын шабуылдауы Кенесарыға қарсы өшпенділікті туғызды. Кенесарының өзін қолдамаған ауылдарға озбырлық көрсетуі көтерілісшілер қатарын сиретті. Қазақ рулары көтерілісті өз жерінде қолдап, Қоқан жəне қырғыздармен күресуден өздерін алшақ ұстады. Ресей империясынан жеңілдіктер алған ақсүйектер орталықтанған феодалдық мемлекетті қалпына келтіруге мүдделі болмады. Ақырында 1847 жылы Тоқмаққа жақын Майтөбе түбіндегі шайқаста (Кекілік сеңгір) Кенесары қырғыз манаптарынан жеңіліс тапты.
1841 жылы тамызда Кенесары хандық билікті қалпына келтірді. Билер сотын жойып, хандық сотты енгізді. Билік тізгіні Кенесарының өз қолында болды. Хандық кеңестің құрамы Кенесарының жақын туыстарынан, би, батыр, сұлтандардан тұрды. Хандық кеңеске негізінен ұрыста ерлік көрсеткен немесе дипломатиялық қасиеттерін көрсете білген өкілдер кірді. Кенесары жер шаруашылығын дамытуды қолдап отырды. Барымтаға, жиі қайталанып тұратын тартыстарға қатаң шек қойды. Алайда Кенесары сарбаздары сауда керуендерін шабуылдап, экономикалық байланыстарға нұсқан келтірді.
Бұл көтеріліс үш жүзді қамтыған, отаршылдық езгіге қарсы бағытталған
19 ғасырдағы ең ірі көтеріліс болды.
Конспект сұрақтар
1. Кенесарының ағасы Саржанды өлтіруге кім бұйрық берді?
2. Жоламан Тіленшіұлы көтерілісінің басталу себебі:
3. Кенесарының саяси көзқарасының қалыптасуына əсер еткен кім?
4. Кенесары Қасымұлы көтерілісі қамтыған аймақ:
5. Кенесары көтерілісіне қатысқан би, сұлтан, старшындар саны:
6. Көтеріліске қатысқан ұлт өкілдері:
7. 1838 жылы мамырдағы Кенесары сарбаздарының әрекеті:
8. Жоламан Тіленшіұлы тобының көтерілісшілерге қосылған уақыты:
9. 1841 жылы тамызда Кенесары сарбаздары қайда аттанды?
10. Старшина Лебедевтің қызметінен алынып, сотқа берілу себебі:
11. Орыс әкімшілігіне Кенесары алғашқы елшілігін жіберді:
12. Кенесары ауылына келген орыс елшілері:
13. Кенесары мен патша үкіметі арасындағы келіссөздің тоқтау себебі:
14. Ырғыз, Торғай өзендері, Ұлытау маңына бекіністер қай жылы салынды?
15. Кенесарының Сарыарқадан көшкен бағыты:
16. Кенесарыға қарсы кімдер өзара одақ құрды?
17. Жетісудағы руларды Ресейден көмек сұрауға не мəжбүр етті?
18. Кенесарыны қолдаған Ұлы жүз батырлары:
19. Кенесары қырғыз жеріне қанша әскермен басып кірді?
20. Кенесары бастаған қазақ жасағының қырғыз манаптарынан жеңілісіне не әсер етті?
21. Кенесарының қырғыз манаптарынан жеңілген жері:
22. Кенесары хандық билікті қай жылы қалпына келтірді?
23. Кенесары хандығының өзіндік ерекшелігі неде?
24. Хан Кенесары неге қатаң шек қойды?
25. Көтерілісшілердің әскери күшін кім басқарды?
26. XІX ғасырдың 20 жылдары Ұлы жүздің бір бөлігі мен Кіші жүздің оңтүстігін билеген хандық:
27. Кенесары Қасымұлы қай жылы туылған?
28. Қай жылы Долгов пен поручик Герн Кенесары ауылына келді:
Тақырыптың тест
4 163
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстан – Ресей империясының отары (19 ғасырдың ІІ жартысы). Ұлы жүздің Ресейге қосылуы
Қазақстан – Ресей империясының отары (19 ғасырдың ІІ жартысы). Ұлы жүздің Ресейге қосылуы
Конспект. 18 ғасырдың cоңы мен 19 ғасырдың басында Кіші жəне Орта жүз аймағының Ресей құрамына өтуі аяқталғанымен, бірқатар қазақ жерлері Орта Азия хандықтарына тəуелді болды.
1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліс
1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліс
Отаршылдыққа қарсы ең ірі көтерілістің мақсатын, барысын, негізгі кезеңдерін, тарихи маңызын аша отырып, оны Ресей халықтарының азаттық үшін күресінің бір бөлігі екенін, ол қазақ қоғамы мен патша үкіметі арасындағы қайшылықтардың салдары екенін
Ұлт-азаттық қозғалыстар
Ұлт-азаттық қозғалыстар
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай селосы, №3 жалпы орта білім беретін мектептің тарих пәні мұғалімі Шолпан Унгарбаева Ботайқызы
1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
Маңғыстау облысы, "Бейнеу ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі"ММ - нің тарих пәнінің мұғалімі Нурманова Жапырак
Кенесары Қасымұлы бастаған 1837 - 1847 жылғы ұлт - азаттық көтеріліс
Кенесары Қасымұлы бастаған 1837 - 1847 жылғы ұлт - азаттық көтеріліс
Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, №19 ОМ тарих және география пәні мұғалімі Тохан Манаргуль
Кенесары Қасымұлы басқарған  ұлт-азаттық қозғалыс
Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалыс
«Қостанай қала әкімдігі білім бөлімінің №5 орта мектебі» ММ Тарих мұғалімі Кокеева Амангүл Сабыржанқызы Тақырыбы:1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалыс.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×