Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ежелгі көшпелілердің материалдық мәдениеті

23 қаңтар 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Тарих
Сабақтың тақырыбы: Ежелгі көшпелілердің материалдық мәдениеті (1 - сабақ)
Зерттеу сұрағы: Көшпелілер баспанасының ерекшелігі неде?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес) 5. 2. 2. 3 – ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау;
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: Көшпелілер баспанасының ерекшелігін түсінеді.
Оқушылардың басым бөлігі: Көшпенділердің қолданбалы өнерінің ерекшеліктерін сипаттайды.
Кейбір оқушылар: Көшпенділердің өркениетке қосқан үлесін анықтайды:
Оқу дағдыларының деңгейі: Білу, түсіну, қолдану
Бағалау критерийі: - Көшпенділер баспанасының ерекшелігін біледі.
- Көшпенділердің қолданбалы өнерінің ерекшелігін түсінеді;
- Көшпенділердің өркениетке қосқан үлесін анықтайды.
Тілдік мақсаттар: Негізгі сөздер мен тіркестер: Киіз үй, сықырлауық, маңдайша, шаңырақ.
Оқушылардың тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдыларын қамтамасыз етуде мәтінмен жұмыс кезінде тірек сөздерді анықтайды, дәптерге жазады.
Құндылықтарға баулу: Тарихтың мәдениет пен тілдің біртұтастығы. Тарихи жәдігерлерге құрметпен қарау.
Пән аралық байланыс: Дүниежүзі тарихы, қазақ әдебиеті
Алдыңғы білім: Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы туралы біледі.

Сабақтың басы
Қызығушылығын ояту: Сәлемдесу. түгендеу.
Тренинг: «Мен саған тілеймін...» әдісі. Оқушылар жақсы тілектерін айтып, бір - біріне сәттілік тілейді.
Топқа бөлу: «Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы оқушыларды топқа бөлу.
І топ: Киіз үй
ІІ топ: Текемет

Үй тапсырмасы
«Х - О» әдісі өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.
1. Көшпелілер қандай шаруашылықпен айналысты?
2. Қандай төрт түліктерді қолға үйретті?
3. Көшпелі мал шаруашылығы несімен тиімді болды?
4. Төрт түліктен қандай өнімдер алынды?
5. Жылдың мезгілдеріне байланысты көшу түрлерін ата
6.«Мәдениет» сөзіне қандай анықтама бере аламыз?
7. Мәдениет түрлері
8. Мәдениет түрлері
9. Жұмбақ: Ұқсайды шеңберге
Қабырғасы жиылып, керіледі.
Жиһазы мол, кең бөлме
Төбесінен жұлдыздар көрінеді (Киіз үй)
Бағалау: үш шапалақ

Сабақтың ортасы
Жаңа сабақ:
Сабақ тақырыбын атағаннан кейін «Ежелгі көшпелілердің материалдық мәдениеті» жайлы видеоролик көрсету. Төмендегі сұрақтарды бейнематериалдың алдында беріңіз.
1. Киіз үй туралы не білесіңдер?
2. Киіз үй неден жасалады?
3. Киіз үйдің бөліктерін атаңдар
«ДЖИГСО»
Топ мүшелері өз пікірін жеке жазып, ортада талқылап, ортақ пікір қалыптастырады. Жауаптарымен танысып ортақ пікірді қағаз ортасына жазып, ойларын қорғайды.
Оқушылар мәтінмен жұмыс
1 - топ: Киіз үй
Тапсырма: Мәтінмен танысады
Киіз үйдің құрылымын, түрлерін, бөліктерін сипаттаңдар
Дескриптор:
1. Көшпелiлердiң негiзгi баспана түрi киiз үйдің құрылымын, түрлерін, бөліктерін талдайды.
2 - топ. Қолөнер бұйымдары
Қазақтар өмірі мен тұрмысына қажетті құрал - жабдықтар мен қол өнер бұйымдарын атап көрсетіңдер
Дескриптор:
1. Қазақтар өмірі мен тұрмысына қажетті құрал - жабдықтар мен қол өнер бұйымдарын өз қолдарымен жасағандығын дәлелдейді;
«Бағдаршам» арқылы бағалау
Психологиялық дайындық
Дөңгелене тұрайық
Керегені құрайық
Уық болып иіліп,
Шаңырақ болып киіліп
Достық үйін құрайық
1 - топ: «Сәйкестендіру» әдісі

Атырау облысы, Индер ауданы,
Қалам Есқалиев атындағы орта мектебінің
тарих пәнінің мұғалімі Оразбай Сағыныш Маратқызы

Ежелгі көшпелілердің материалдық мәдениеті жүктеу
8 775
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үйсіндер мен қаңлылардың материалдық және рухани мәдениеті
Үйсіндер мен қаңлылардың материалдық және рухани мәдениеті
Үйсін тайпаларының шығыс Жетісуда орын алған ескерткіштері: Қалқан - 1, Бесшатыр - 4, Ақтасты - 5 және т. б., ал қаңлы тайпаларының Қауыншы, Отырар - Қаратау, Жетіасар мәдениеттеріне жататын зираттардан табылған әшекей заттар
Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы
Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы
Көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуын түсіндіру. Көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін білу.
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар. Сыныптар: 8, 9, 10, 11
4 саны мен цифры
4 саны мен цифры
Санау барысында натурал сандардың реттік нөмірі анықталатындығын түсінеді, он көлеміндегі тура және кері санау, олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды.
Ежелгі рим қоғамы римдік мәдениеттен қалай көрініс табады?
Ежелгі рим қоғамы римдік мәдениеттен қалай көрініс табады?
Ежелгі Рим мәдениетінің ерекшеліктері меноның әлемдік мәдениетке әсерін анықтау Плебейлер мен патрициялар арасындағы күрестің себептерін дұрыс анықтайды
Отырықшылар және көшпелілер мәдениеті (қысқа мерзімді жоспарлар)
Отырықшылар және көшпелілер мәдениеті (қысқа мерзімді жоспарлар)
Сабақ тақырыптары: 1. Отырықшылар және көшпелілер мәдениеті 2. Көшпелілердің материалдық мəдениеті 3. Сəулет жəне өнер (VI – IX ғғ.) 4. Халық ауыз əдебиеті, жазу жəне дін 5. VІ – ІХ ғасырлардағы Қазақстан халықтарының отырықшы және көшпелі мәдениеті
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×