Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үйсіндер мен қаңлылардың материалдық және рухани мәдениеті

10 наурыз 2019, Жексенбі
Категориясы: Тарих
Сабақтың тақырыбы: Үйсіндер мен қаңлылардың материалдық және рухани мәдениеті
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: – ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау;
– көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін түсіну.
Бағалау критерийі: 1. Үйсіндер мен қаңлы тайпаларының материалдық мәдениетіндегі қолөнерін сипаттай алады.
2.. Ежелгі тайпалардың материалдық мәдениетінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтай алады..
Тілдік мақсаттар:
Оқушылар: Ежелгі тайпалардың қолөнерін суреттейді, мысалдар келтіреді,(айтылым, тыңдалым)…
Ресурстар: Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Кубизм, Рефлексия.
Құндылықтарға баулу: Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауға баулу
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері, еңбек

Басталуы
4 минут
Сәлемдесу.
Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.
Сынып реттілігін қадағалау.
Бір - бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!
Ұйымшыл боламыз десек 2 рет
Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!

Психологиялық ахуал қалыптастыру:
«Крокодил Генаның әні» би
Топқа бөлемін: «Билеттер арқылы» топқа бөлінеді. Оқушыларды кассадан билеттер алып, 1, 2, 3, 4 вагондарға бөлініп отырады.
Билеттерде үй тапсырмасына байланысты сұрақтар болады, сол сұрақтарға жауап бере отырып вагондарға отырғызылады.
Мақсаты: оқушылардың тақырыптық сөздік қорын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Ф:/ «Басбармақ» әдісі: Өте жақсы, орташа, қанағаттанарлық

Жаңа білім
Білу және түсіну
Оқушыларға электронды оқулықтан Үйсін тайпаларының шығыс Жетісуда орын алған ескерткіштері: Қалқан - 1, Бесшатыр - 4, Ақтасты - 5 және т. б., ал қаңлы тайпаларының Қауыншы, Отырар - Қаратау, Жетіасар мәдениеттеріне жататын зираттардан табылған әшекей заттар, су, тамақ құйылған қыш - керамика ыдыстар, алтын тәті, шөккен түйе бейнелі жүзік, моншақтар және т. б көрсете отырып, оқушылар осыншама күрделі де әсем туындыны темір дәуіріндегі зергерлер жасағандығына көз жеткізеді.
«Диктоглосс» әдісін қолдану арқылы жаңа сабақты меңгерту, яғни мәтінмен жұмыс жасау. Диктоглосс шарты: мұғалім мәтінді екі рет мәнерлеп оқиды, оқушылар тірек сөздер мен идеяларды жазып отырады. Содан топтар бірігіп, мәтін құрайды.
Тапсырма: Интербелсенді тақтадан суреттердегі үйсіндер мен қаңлылардың қолданбалы өнер туындыларын сипаттаңыз.

Алтынтөбе қорымынан табылған қаңлылардың қыш ыдыстары (сурет көресетіледі)

Қарғалыдан табылған үйсіндердің зергерлік бұйымы «Алтын тәті»(сурет көресетіледі)

Күлтөбе қорымынан табылған қаңлы жазуы(сурет көресетіледі)

Қарғалыдан табылған үйсіндердің зергерлік бұйымы «алтын екі жүзік» (сурет көресетіледі)

Д:/ - үйсіндердің зергерлік өнерін сипаттайды;
- үйсіндердің зергерлік бұйымдарының қандай металдардан жасалғанын атайды;
- қаңлылардың қолөнерін сипаттайды;
- қаңлы қолөнер бұйымдарының жасалған материалдарын атайды;

Мұғалімнің аты - жөні: Ильясова Г. С.
Үйсіндер мен қаңлылардың материалдық және рухани мәдениеті жүктеу
19 253
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Екі таңбалы сандардың разрядтық құрамы
Екі таңбалы сандардың разрядтық құрамы
Екі таңбалы сандардың разрядтық құрамын анықтау, разрядтық қосылғыштарға жіктеу.
Біз өсіп жатқан өлке
Біз өсіп жатқан өлке
Алған білім дағдыларын, өмірде қажетінше қолданады.
Қасым Қайсеновтің «Жау тылындағы бала» повесі
Қасым Қайсеновтің «Жау тылындағы бала» повесі
Қасым Қайсеновтің «Жау тылындағы бала» повесі
Ежелгі көшпелілердің материалдық мәдениеті
Ежелгі көшпелілердің материалдық мәдениеті
Ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау;
Сөйлеу мәдениеті
Сөйлеу мәдениеті
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату
Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы
Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы
Көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуын түсіндіру. Көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін білу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×