Білімділер поралы

Абылай хандығы

Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Абылай хандығы
Сабақтың түрі: Теория
Сабақтың уақыты: 80 минут

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Абылай ханның қолбасшылық, саяси қайраткерлігі, қазақ жерлерін біріктіру жолындағы күресі және тарихта алатын орны туралы түсінік қалыптастыру арқылы толық мәлімет беру.
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, Абылай ханның өмірінен үлгі алуға, алған білімдерінен қорытынды шығарып, өмірде пайдалана алатын жан - жақты тұлғаның дамуына әсер ету.
Тәрбиелік: Оқушылардың өз жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке баулу, оның қадір - қасиетің ұғынуға, қорғауға, елдің дамуына үлес қосуларына тәрбиелеуге ықпал ету.

Сабақтың жоспары
1. Ұйымдастыру кезеңі: 2 мин.
2. Үй тапсырмасын тексеру, қорытындылау: 25 мин.
3. Жаңа сабақ: 30 мин.
4. Бекіту: 10мин.
5. Қорытындылау: 5мин.
6. Бағалау: 5мин.
7. Үйге тапсырма беру: 3 мин.

Пәнаралық байланыс: Құқық негіздері, саясаттану және әлеуметтану негіздері, мәдениеттану.
Сабақтың жабдықтары: слайдтар, карта, оқулық, тест, суреттер.
Пайдаланатын оқулықтар:
1. Мусин Чапай «Қазақстан тарихы» Алматы - 2008ж.
2. Г. В. Кан, Н. У. Шаяхметов « Қазақстан тарихы» Алматы - 2007ж.
3. Л. Гумилев « Көне түркілер» Алматы - 1994ж.
4. Назарбаев Н. Ә. «Ғасырлар тоғысында» Алматы - 1996ж.
5. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Очерктер. Алматы, «Дәуір» 1994ж.

Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру сәті: Сәлемдесу. Журнал бойынша тексеру.
Үй жұмысын тексеру:
1. Жекелей сұрау
2. Жылдар сөйлейді
3. Картамен жұмыс
1. 1 Қазақстанның Ресейге қосылуының себептері Кіші жүздің империя құрамына енуі.
1. 2 Ресей империясының қазақ жерін отарлау саясаты.
1. 3 Орта жүз және Ұлы жүздердің Ресейге бірігуі.
2. Жылдар сөйлейді (слайд оқушыларға жылдар сөйлейді кестесі көрсетіледі, жылдарға байланысты дұрыс мәлімет айтылуы қажет, дұрыс жауап берілгеннен кейін жауаптар ретімен ңұсқау белгі көмегімен ашылады ).
Жылдар. Болған оқиға
1583 ж. Қазақ хандығына Третяк Чебуков бастаған орыс елшілері келген болатын.
1686 - 1693ж. ж Тәуке хан Ресейге бес елшілік жіберді
1718 ж. Семей бекінісі орнады
1731 ж. 19 ақпанда орыс патшасы Әбілхайыр ханға қол астына келуі туралы грамота жіберді
1734 ж. 10 тамызда Ресей патшасы Ұлы жүзді өз құрамына алғаны жөнінде құжатқа қол қойды.
1742 ж. Жайық бойына қазақтардың көшіп қонуына тиым салғаны жөнінде Патша жарлығы шықты
1744 ж. Орынбор қаласы салынды

3. Картамен жұмыс. Топ оқушылар үшін жалпы тапсырма.
Қорытынды:
Сонымен, ХҮІІІ - ғасырдың орта шеніндегі Қазақстанның саяси – экономикалық дамуына бірқатар жаңа өзгерістер қалыптасты. Патша үкіметінің отарлау саясатына қарамастан, қазақ - орыс сауда байланыстары, қазақстанның шет елдермен қатынастары өзара тиімді жағжайда дамыды.
Алайда патша үкіметінің қазақтардың өз жерін пайдалануына шек қоюы, орыс - қазақ шаруаларын қоныстандыра бастауы олардың жерін басып алу шараларының бастамасы болатын.
Жаңа сабақ: Абылай хандығы (слайд)

«Қазақтың дербес ел болуына, әрі - беріден соң қазақтың қазақ болуына, басы қосылып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруына ерен еңбек сіңірген Абылайдан артық адам болмас»
М. Әуезов

Абылай (Әбілмансұр) хан ( 1711 – 1781ж. ж) Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізің салған Әз - Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе - жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр ( кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш – жалаңашықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Ш. Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13жасар кезі болса керек.

Төле бидің тәлім – тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатын, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды. Бұқар, Үмбетей жыраулардың, т. б. ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, Абылай жиырма жасында қан майданда ерлігімен танылған. Бұқардың Абылайға «Сен жиырма жасқа жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай түледің» деуі осының дәлелі. Қай жылы тусу да, 1730 - 33 жылдар аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансұр жекпе – жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің жақын туысы (кейбір деректерде күйеу баласы) Шарышты өлтірді.
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • nurislam0
    Жазған: nurislam0
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • raya94
    Жазған: raya94
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • jupar
    Жазған: jupar
  • Dulat90
    Жазған: Dulat90
    Мына жаңалықта: Биологиядан тест
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Orken agay
    Жазған: Orken agay
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Гүзал
    Жазған: Гүзал
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Ана әлемді тербейді
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 51
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 50
Роботтар: 2
Жұмабек Талғат
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика