Қазақстанның
білім беру порталы.

Алашорданың батыс бөлімінің тарихы - өлке тарихының құрамдас бөлігі

22 шілде 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Тарих
Алашорданың батыс бөлімінің тарихы - өлке тарихының құрамдас бөлігі

“Алаш”туы астында
Куә болсын арымыз!
Көркейтуге Алашты
Құрбандық біздің жанымыз!
Жасасын, Алаш, жасасын!!!
С. Торайғыров.

1917 жылы 5 - 13 желтоқсан Орынборда ІІ - Жалпықазақ съезі өткізілді. Съезде Б. Құлманов және орынбасарлары Ә. Бөкейханов, А. Кенесарин, Х. Досмұхамедов, О. Қарашевтың төрағалық етуімен
“Алашорда” үкіметі құрылды. Алашорданың орталығы - Семей қаласы, халық Кеңесін (үкіметін)- Ә. Бөкейханов басқарды.
Съезден кейін “Алашорда” автономиясының Батыс бөлімі – Жаһанша және Халел Досмұхамедовтар басқарған “Ойыл уалаяты” құрылды.

1913 жыл 23 мамыр - «Қазақ» газетінде Х. Досмұхамедұлының «Алаш» не сөз?» атты мақаласы жарияланды.
1916 жыл - «Қазақ» газетінде Ә. Бөкейхановтың, А. Байтұрсынұлының, М. Дулатовтың «Алаштың азаматтарына» атты үндеуі жарық көрді.
1917 жыл 21 - 26 шілде - Орынбор қаласында Бірінші жалпықазақ съезі өтті. Съезде мемлекеттік кұрылыс, қазақ автономиясы, жер, оқу, дін, қазақ саяси партиясы, әйел, құрылтай жиналысына, мұсылмандар кеңесіне депутаттар сайлау, партия бағдарламасын дайындау мәселелері көтерілді.
1917 жыл 21 караша - «Сарыарқа» газетінде С. Торайғыровтың «Алаш ұраны» өлеңі жарияланды
1917 жыл 5 - 13 желтоқсан - Екінші жалпықазақ съезі болды. Съезде Алашорда үкіметі, Алаш автономиясы жарияланды. Алашорданың төрағасы болып - Ә. Бөкейханов сайланды.
1917 жыл 23 желтоқсан - «Қазақ» газетінде «Жалпы қазақ съезінің қаулысы» атты Алаш Орда үкіметін жариялаған жиынның құжаты шықты.
1918 жыл 15 қаңтар - «Қазақ» газетінде Алаштың елдік рәмізін сипаттаған «Орда гербі (таңбасы)» атты мақала басылды.
1918 жыл 5 мамыр - Омбы қаласында Алаш жастарының I съезі өтті.
1918 жыл 30 шілде - Петропавл каласында Алаш жастарының тұңғыш газеті - «Жас Азамат» басылымының 1 - саны жарық көрді.
1918 жыл 29 - 30 шілде, 2 - 3 тамыз - Алашорда үкіметі Сібірдің Уақытша үкіметімен келісім жасады.
1918 жыл 11 қыркүйек - Батыс Алашорда үкіметі құрылды. Оның төрағалығына Ж. Досмұхамедұлы сайланды.

Досмұхамедов Жанша (Жаһанша) — Алаш қозғалысының аса көрнекті қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, Алашорданың Батыс бөлімшесінің төрағасы, заңгер.
1887 жылы Орал облысы, Орал уезі, Жымпиты болысының, № 1 ауылында дүниеге келген.
1899 жылы тамыз айында Орал әскери реалдық училищесіне түсіп, онда 1905 жылы 31 мамырға дейін толық курсын оқып бітіріп, сол жылғы 27 қарашада және 1906 жылы тамыз айында, Орал облысының стипендиаты ретінде Мәскеу университетінің заң факультетіне түсіп, оны 1910 жылы 4 наурызда бітіріп шыққан.
1917 жылғы Ақпан төңкерісіне дейін округтық соттың прокурорының орынбасары міндетін атқарған. 1917 жылы 1 - 11 мамыр аралығында Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылман съезіне басқа да қазақ делегаттарымен бірге қатысып, мұсылман істерін басқаратын «Шуро - и - Ислам» комитеті төрағасының орынбасарлығына сайланады. Сол жылы 21 - 26 шілдеде Орынборда өткен Жалпықазақ съезінде Орал облысынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылады.
1918 жылы 6 мамырда Жымпитыда өткен Орал облысының 4 - қазақ съезінде, құрамына Сырым батырдың ұрпағы Салық және Сейіт ишан кірген 7 адамнан тұратын «Ойыл уәлаяты» құрылып, Жанша оның Уақытша үкіметінің төрағасы болып сайланады.
Азамат соғысы жылдарында Батыс Алашорда жетекшілерінің саясаты: қазақ жұртшылығын қорғау, аумалы - төкпелі замана ағымына орынсыз килікпеу және артын бағамдау ұстанымы болды.
1918 жылы қыркүйекте Уфада өткен Алашорданың шұғыл мәжілісінде өзге де мәселелермен қатар «соғыс жағдайы мен жол қатынастарының нашарлығынан» Алаш автономиясының батыс өлкелерін басқару үшін «Ойыл уәлаятының» орнына Алашорданың бөлімшесі құрылады. Бөлімшенің құрамына Б. Құлманов, Х. Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов және Е. Тұрмұха­медовтер кіреді. Төрағасы болып Ж. Досмұхамедов сайланады.
Батыс Алашорда бөлімшесі таратылып, оның жетекшілері біраз уақыт қазақ даласынан аластатылғанда, Жанша 1920 жылы жаз айларын Мәскеуде Бас тоқыма өнеркәсібі басқармасында инспектор болып, қыркүйек айында аталған мекеменің жолдамасымен Ташкентке жіберіліп, Түркістан Республикасы Халық шаруашылығы Орталық кеңесінің жүн - жұрқа бөлімінің меңгерушісі болады және ТР ОАК қазақ бөлімінің хатшысы қызметін қоса атқарады. Ташкентте қазақ зиялылары құрған мәдени - ағарту «Талап» қауымдастығына мүше болып, оның тапсыруымен қазақ тілінде алғашқы қылмыстық кодекс жобасын әзірледі. Онан кейін ол қазақ астаналары Қызылорда, Алматы қалаларында әр түрлі қызметтер атқарып, 1930 жылы Мәскеуге қызметке ауысады. Сол жылы қазан айында тұтқындалып, 1932 жылы Воронежге 5 жыл мерзімге жер аударылады. 1938 жылы қайта тұтқындалып, үштіктің шешімімен ату жазасына кесіледі.
Алашорданың батыс бөлімінің тарихы - өлке тарихының құрамдас бөлігі. жүктеу
106
0
  • 0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары
Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары
Алаш партиясының тарихы, ел тәуелсіздігін аңсаған, ұлт болашағы үшін жанын пида еткен Алаш қайраткерлерінің өмірі, қоғамдық - саяси қызметі туралы ақпараттандыру
Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары
Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары
Оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы зұлмат жылдары елінің азаттығын аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу, өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу.
Алаштың арысы, қазақтың намысы Әлихан Бөкейханов
Алаштың арысы, қазақтың намысы Әлихан Бөкейханов
Қазақ халқының өз мемлекеттігін құру жолындағы қозғалысын ұлттық интелегенция басқарды. Ол топтың басында ұлт зиялысы, публицист әрі саясаткер, патшалық Ресей Мемлекеттік Думасының мүшесі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов тұрған еді. Әлихан
Ахмет Бірімжановтың өмірдерегі
Ахмет Бірімжановтың өмірдерегі
Бірімжанов Ахмет Қорғанбекұлы 1871 - 1927 жылдары өмір сүрген алашорда үкіметінің мүшесі, Шақшақ Жәнібектің ұрпағы. Алашорда қозғалысына белсене қатысқан екі Ахметтің болғаны тарихтан белгілі.
Алаштану курсы
Алаштану курсы
Пән мұғалімі: Н. Б. Кульджина «Алаштану» таңдау курсы бойынша оқу бағдарламасы. 10 - 11 сынып (қоғамдық – гуманитарлық бағыт)
Алаштың бес арысы
Алаштың бес арысы
Алаштың бес арысын таныстыра отырып, адамгершілік, рухани тәрбиеге тәрбиелеу. Қазақ автономиясының құрылуын насихатау. Тәуелсіздігімізді айқындау.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.