Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құқықтық тәрбие оқушы тұлғасын қалыптастыру негізі

05 тамыз 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Тарих
Құқықтық тәрбие оқушы тұлғасын қалыптастыру негізі
Бала – біздің болашағымыз, балаға жақсы тәрбие беру, дамуына мүмкіндік беру, оларға қуаныш сыйлау және толық құқылы еркін тұлға етіп жетілдіру біздің міндетіміз.

Тәрбие – қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана - сезімін, жағымды мінез - құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдық тарихи өмірде жинақталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.

Мақсат дегеніміз - бір нәрсеге ұмтылу, іске асыру.
Бұл тұрғыдан алғанда тәрбие мақсаты — жастарды өмірге әзірлеу мақсатымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының нәтижесін ерте болжау.

Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді. Тәрбие мен қоғам бір мезгілде пайда болды. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамымайды.
Әрбір мемлекетте балаларға білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудың нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырылады. Мұғалім қандай адамды қалыптастыратынын дәл білуі керек.

К. Д. Ушинский өз қызметінің айқын мақсатын көрмейтін тәрбиешіні құрылыс материалдарын бір жерге үйіп тастап, одан не алғысы келетінін білмейтін архитектормен салыстырады. Тәрбиеші жас ұрпаққа берілетін білім, іскерлік, дағдыны, тәрбиелейтін сезімді біліп, жоспарлы, мақсатты тәрбие жұмысын жүргізеді.

Я. А. Коменский "Тәрбие мақсаты және міндеттері, маңызы, жүзеге асыру жолдары адамның қоғамда алатын орнымен анықталу керек", "Келесі ғасырдың қандай болатындығы сол ғасыр үшін тәрбиеленген азаматтарға байланысты. Дүние – даналардың көптігімен бақытты" - деген ойлар айтты. Осы ойларын "Ана мектебінің" кіріспесінде өрбітеді.

"Тәрбие - адамды қалыптастыратын және жетілдіретін үйлесімді процесс", - деп Коменский тәрбие мақсатын төмендегідей негізгі элементтерге бөлді:
• адамға барлық заттарды білгізу - "ғылыми білім";
• заттардың және өзінің қожасы ету - "адамгершілік";
• құдайға, заттарға құлшылық ету - "діни тәрбие";
• тән саулығы - дене тәрбиесі.

Жалпы білім беру мазмұнындағы тәрбие – бұл баланың өзіндік санасы мен сезімнің және адамгершілік көзқарасының қалыптасып дамуына, ол қасиеттердің оның мінез - құлқына сіңуіне бағытталып арнайы мақсатта ұйымдастырылған іс - әрекеттер. Тәрбие қазіргі өзгермелі, сан - салалы, көпмәдениетті, көп этникалық үлкен өмірге енуге дайын қабілетті, тұлғаның дамуына бағытталған және рухани құндылықтардың негізінде құрылады.

Ұрпақ тәрбиесіндегі басты мақсат – жан - жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу.
Негізгі тұлғаның өз өміріндегі орнын, атқаратын міндетін, қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін, дүниесінің күрделі құрылымын түсіну және өзін - өзі тану арқылы дара тұлға ретінде өзін еріксіз бірқалыпты қалыптастыруға баулу.

Шығыс Қазақстан облысы,
Үржар ауданы, Қарақол ауылы,
«Қарақол орта мектеп - бақшасы» КММ - сінің
әдіскері, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Искакова Шынар Болатовна
Құқықтық тәрбие оқушы тұлғасын қалыптастыру негізі. жүктеу
1 584
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мдт сыныбының күнделікті өмірі мен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың циклограммасы
Мдт сыныбының күнделікті өмірі мен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың циклограммасы
Мдт сыныбының күнделікті өмірі мен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың циклограммасы
Қазіргі педагогикадағы тәрбие әдістері, құралдары
Қазіргі педагогикадағы тәрбие әдістері, құралдары
Тәрбие - күрделі әрі ұзақ процесс. Оған белгілі бір дәрежеде білім, тәжірибе, шеберлік қажет. Ондай болмаған жағдайда тәрбие саласында белгілі бір нәтижеге қол жеткізу қиындыққа түседі. Сондықтан да біз тәрбиені шығармашылық жұмыстарының жемісі деп
Тәрбие жоспары
Тәрбие жоспары
2019 - 2020 оқу жылына арналған 8 сыныптың тәрбие жоспары
8 - сыныбының жылдық тәрбие жоспары
8 - сыныбының жылдық тәрбие жоспары
Тәрбие тұжырымдамасының бағыттарын басшылыққа ала отырып жасалған 2019 - 2020 оқу жылының 8 - сыныбының жылдық тәрбие жоспары
Көркем - сурет балалар мектебіндегі «Өнерлі жас» тобының 2019 - 2020 оқу жылының тәрбие жоспары
Көркем - сурет балалар мектебіндегі «Өнерлі жас» тобының 2019 - 2020 оқу жылының тәрбие жоспары
Көркем - сурет балалар мектебіндегі «Өнерлі жас» тобының 2019 - 2020 оқу жылының тәрбие жоспары
Тәрбие теориясы
Тәрбие теориясы
Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана - сезімін, жағымды мінез - құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамды тарихи өмірде
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×