Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


XIX ғасырдың I жартысындағы Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті

13 ақпан 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Тарих
Сабақтың тақырыбы: XIX ғасырдың I жартысындағы Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті 2 сағат
Сабақтың мақсаты:
1) білімділік: қазақ халқының музыка өнері мен мәдениеті туралы білімдерін тереңдету;
2) дамытушылық: ізденушілік, салыстыру, жинақтау,
талдау;
3) тәрбиелік: халқын тарихын білуге, пәнге
қызығушылығын ояту, салт - дәстүрді қастерлеуге,
эстетикалық талғамға тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас
Сабақ түрі: дәстүрлі
Сабақ көрнекілігі: карта, суреттер, музыка.
ТСО: эпипроектор, слайд шоу көрсету үшін қолданылатын проектор, компьютер
Сабақ әдістері: түсіндірмелі көрнекілік, сұрақ - жауап, ішінара ізденушілік,
шығармашылық әдістер, ой қозғау.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, бейнелеу, музыка пәндері.

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сөзіңе – сөнбес жұлдыз тең,
Жалыныңда айбын бар
Керек емес даңқыңа
Белгі темір, кеспек қыш.
От жырларын халқына -
Өшпес мәңгі ескерткіш!- дегендей XIX ғасырдың I жартысындағы өмір сүріп, өз жырларымен сол заман шындығын жырлаған қазақ әдебиетінің өкілдерінің шығармаларын оқып, жаттап, келуге берілді.

II. Үй тапсырмасын сұрау
1. Махамбет Өтемісұлы
2. Шернияз Жарылғасұлы
3. Шөже Қаржаубайұлы
4. Сүйінбай Аронұлы
5. Махамбет пен Шернияз шығармаларында бейнеленген 1836 - 1838 жылы ұлт азаттық көтеріліс туралы.

III. Үй тапсырмасын қорыту
«Зымыран» сұрақтары
1. Махамбет Өтемісұлы көтеріліске арнап қандай өлеңдер жазды?
«Соғыс», «Мен едім», «Егеулі найза қолға алмай»
2. Шернияздың қазақ әдебиетіне қосқан жаңалығы – суырып салмалық өнер
3. Шөженің ерекшелігі – екі көзінен ерте соқыр болса да өнер жолына түскен.
4. Ш. Уәлиханов қандай жыр жазып алған? (Қозы Көрпеш – Баян сұлу) Орыстың қандай ақыны? (Пушкин поэма жазған)
5. Сүйінбай – кімнің ұстазы? (Жамбылдың)
6. XIX ғ. ірі айтыс ақыны қандай елге тараған? (Қырғыз еліне)
7. XIX ғ. ақындарына тән белгі? (Ел өмірін шындықпен жырлауы)

IV. Жаңа сабақ. Қазақ халқының музыка өнерімен материалдық мәдениеті.
Өнер – Саз өнері
- Сәулет өнері
- Музыка өнері
- Сурет өнері
- Мүсін өнері
- Қол өнері
Музыка қазақ халқының өмірінде ерекше орын алды. Ұлы Абайдың
«Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең» – деуі тегін емес. Әсіресе, домбыра тарту, күйшілік өнері – ертеден келе жатқан, ұлтымыздың бет - бейнесін танытатын ұлттық өнер. Әр қазақтың үйінде, төрінде домбырасы болған. Күй тарту қобызбен де, домбырамен, сыбызғымен де орындалатын болған. Қазақ халқының музыкалық қабілеті ерекше, талантты әнші, дарынды Асан қайғы жырау, Бұқар жырау, Махамбетте күй шығарған («Жорық», «Ақтабан», «Жұмыр қылыш»)
Ықылас....., Құрманғазы....., Дина т. б.
Домбыра – халық ішінде ең көп тараған аспап түрі. XIX ғ. I ж. Қазақ музыка өнерінің дамуына 1836 - 1838 жылғы Бөкей ордасындағы шаруалар көтерілісі үлкен әсер етті.
Әншілер де, күйшілер де өздерінің шеберліктерін ойын - тойларда көрсетіп, ел құрметіне бөленген. Сондай өнерлі жандарды құрметтеп, ел оларды сал, серілер деп атаған. (Сал, серілерден кімдерді білесіңдер?) Дұрыс олардан басқа Сегіз сері, Байжан сал дегендер болған.
Салдар – әнші, ақын, сазгерлігімен қоса, атбегі де, құсбегі, аңға тазы салатын саятшы да болған. Олардың жаны таза, талантты, өнерді ерекше қастерлеген адамдар болған. Халық та оларды ерекше құрметтеген. Жыршы, жыраулар батырлықты, ерлікті жырлаған. Жыршы, жыраулар әндік және аспаптық орындауды қатар пайдаланып отырған. Исатай, Махамбет көтерілісіне байланысты көптеген жырлар шықты.
Махамбеттің «Жұмыр қылыш» күйін тыңдату.
Сонымен бірге XIX ғ. Iжарт. Қазақ халқының материалдық мәдениеті де ерекше дамыды. Бір жағынан, мал шаруашылығына байланысты, егіншілікке байланысты, үй шаруашылығына байланысты болды.
Қазақтар күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдарды өздері жасады. Мысалы: диірмен, келі, келсап т.б. оларды ағаш шеберлері жасады. Ал өздері теріден әр түрлі бұйымдарды – мес, саба, торсық, киімдер – жарғақ шалбар, теріден шекпен, тымақ т. б. жасады. Ал үй мүліктерін, ат әбзелдерін, киіз үйді арнайы үйші шеберлер істейтін болды.
Киіз үй құрылысын ата? (есік, кереге, уық, шаңырақ, байлайтын керегебау, белбеу, басқұр, киімдер – туырлық, үзік, түндігі, киіз есік және ағаш есік сықырлауық деп аталады.)

Мал шаруашылығы (ат әбзелдері, арба)
егіншілік Материалдық үй кәсіпшілігі (үй мүліктері, киіз үй)
(орақ, айыр, мәдениет қару - жарақ (5 қару түрі)
кетпен, шалғы)
қолөнер
зергерлік мүйіз өңдеу ағаш шебері тоқымашылық
Қазақ халқының көшпелі өмірі, феодалдық қару - жарақ түрлерінің шығуына әсер етті.
Ал қару түрлері – 5 қаруды білеміз бе?
1. Садақ
2. Қылыш
3. Найза
4. Айбалта
5. Шоқпар
Ауқатты қазақтар айбалта, садақ ұстаған. Әскербасы, батырларының 5 қаруы сай болған. Олардың қалқаны, сауыты, найзасы, қылышы болған. Мылтықты негізінен Орта Азия саудагерлерінен малға не шикізатқа айырбастайтын болған. Қазақтың шеберлері де қарудың әр түрлісін жасаған.
Сонымен бірге тоқымашылық, киіз басу, металл, сүйек, тері өңдеу өнері көшпелі халықтың тұрмысында ерекше дамыды. Киізді қалай басады? Алаша түрлері, терме, алаша, қақпа алаша тоқиды, басқұр, белбеу, қоржын тоқыған. Бұған өрмек ағашын құрып тоқыған. Әйел адамдар жүн түтіп, жіп иірген, алаша тоқып, киіз басқан, кестелеген, теріден киім тіккен. Ер адамдар сүйектен, теріден, күмістен, былғарыдан бұйымдар жасаған. Қазақтың киіз үйлеріне сырттан келген орыс, шетел жиһанкездері қызыққан. Ресейге қосылуына байланысты қазақтардың баспанасына біраз өзгерістер енді. Осы кездері ағаштан салынған тұрғын үйлер пайда болды. Орыс шеберлері салған көп бөлмелі ағаш үйлерде хандар мен сұлтандар тұрды. Бұл орыс материалдық мәдениетінің қазақтар тіршілігіне біртіндеп ене бастағанын көрсетеді.
V. Сабақты бекіту.
ДАУЫЛПАЗ
ҚОБЫЗ
МЕС
АЙБАЛТА
ТУЫРЛЫҚ
СЫҚЫРЛАУЫҚ
ШАШБАУ

1. Қазақ халқының ұлттық аспаптарының бірі.
2. Қорқыттың музыкалық аспабы
3. Теріден жасалған ыдыс
4. Бес қарудың бірі
5. Керегені жабатын киіз
6. Киіз үйдің есігі
7. Зергерлік бұйым

VI. Міне, балалар біз бүгін XIX ғ. I ж. қазақ халқының музыка өнері мен материалдық мәдениеті туралы біраз мағлұмат алдық. Олай болса «Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» - деген Қадір Мырзалиевтің жыр жолдарымен сабағымызды аяқтаймыз.
VII. Үйге тапсырма
• XIX ғ. I. ж. музыка өнері мен материалдық мәдениеті
• Ұлттық аспаптар, ұлттық киімдер туралы білу
• Киіз үйдің түрлерін біліп келу
VIII. Бағалау
39 593
0
  • 60
2 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ халқының материалдық мәдениеті
Қазақ халқының материалдық мәдениеті
Қазақ халқының материалдық мәдениеті туралы білімдерін кеңейту. Ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын оята отырып, оқушыларды ізденгіштік, шығармашылық, танымдық қабілетін дамыта отырып оқушыларды өз бетінше қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
XX ғасырдағы қазақ әдебиеті
XX ғасырдағы қазақ әдебиеті
Қазақ әдебиеті үшін тарихи оқиғаларға толы кезең екендігін түсіндіру. Қазақ елінің ұлттық болмысын, ерекшелігін көрсететін, тарихын, салт санасын, дәстүрін таңбалайтын ұлы туындылар туралы айту, балалар бойына патриоттық сезім ұялату.
Қазақ халқының өнері және музыка мәдениеті
Қазақ халқының өнері және музыка мәдениеті
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Шынғалиева Света Қамызағалиқызы
Қазақстан мәдениеті
Қазақстан мәдениеті
Тарих пәні мұғалімі: Молдахметова С.
ХІХ ғасырдың І-жартысындағы қазақ әдебиеті мен мәдениеті
ХІХ ғасырдың І-жартысындағы қазақ әдебиеті мен мәдениеті
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Қарасу ауылы №83 Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Игенбаева Динара Маратқызы
Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов
Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов
Пәні: Қазақстан тарихы Сыныбы: 8 Сабақтың тақырыбы: Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов Сабақтың мақсаты: ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ мәдениетінің көрінісі, орыс демократиялық мәдениетінің әсері, орыс – қазақ
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×