Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көшпелілердің салт - дәстүрі мен діни - нанымдары

16 қараша 2013, Сенбі
Категориясы: Тарих
6 сынып Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Көшпелілердің салт - дәстүрі мен діни - нанымдары
Сабақтың мақсаты: Ежелгі қазақстанның ертедегі тұрғындары көшпелі тайпалардың мәдениеті, салт - дәстүрі діни нанымдары туралы кең көлемде білім беру.
Дамытушылық мақсаты: Көшпелі тайпалардың салт дәстүрі және діни наным – сенімдері туралы түсінік беру арқылы оқушылардың білімдерін толықтыру терең ойлау, іздену өз бетімен жұмыстану қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілік, имандылыққа, ұлттық салт - дәстүр мен ұлттық рухқа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: ҚР картасы, суреттер, тірек - сызбалар.
Сабақтың түрі: Аралас - сабақ.
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ - жауап, әңгіме, кестелер венн диограммасы, тест
Жұмысы.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.

II. Үй жұмысын сұрау.
Төмендегі кесте бойынша сұралады.
Тайпа атауы Өмір сүрген кезеңдері Мекендеген жерлері
Сақтар Б. з. б. YII – IY ғасырлар Орта Азия мен Қазақстанды мекендеген
Үйсіндер Б. з. б. III ғасыр
Б. з. б. IY ғасыры Жетісуды мекендеген
Қаңлылар Б. з. б. III - II ғасыр Оңтүстік Қазақстан Сырдария алқабын мекендеген.
Ғұндар Б. з. б. IY ғасыр
Б. з. б. III ғасыр Орта Азиядан б. з. б. I ғасырдың соңы мен б. з. I ғасырда келді.
Сарматтар Б. з. б. YIII ғасыр
Б. з. б Y ғасыр Батыс Қазақстанда Жайық, Жем бойлары.

Тайпалардың мекендеген жерлерін картадан көрсету.
Сұрақ жауап арқылы үй тапсырмасын бекіту.

1. Ежелгі Қазақстан тұрғындары неліктен көшпелі мал шаруашылығымен айналысуға көшті (климаттың өзгеруінен)
2. « Аң стилі» қай тайпаның өмір сүрген кезеңінде пайда болды.
(Сақтардың тұсында б. з. б. YII ғасырда)
3. Көшпелілердің қандай заттарды ойлап тапқанын айт.
(ат әбзелдерін, бұйымдар киіз үй, безену бұйымдары)
4. Қаңлылардың археологиялық ескерткіштерін ата.
(Қауыншы, Жетіасар, Отырар - Қаратау)
5. Ұлы Жібек жолы арқылы жүйелі қарым - қатынас қай ғасырда қалыптасты?
(б. з. б. II ғасыр.)
6. Қазақстан аумағы арқылы қандай тауарлар тасымалданды?
(Жібек мата, Қытай ыдыстары, Иранның өрнекті асыл жүзіктері т. б.)
Үй тапсырмасын бекітіп жаңа сабаққа өту кезеңі.

Жаңа сабақтың жоспары.
1. Көшпелілердің діни - наным сенімдері.
2. Жерлеу дәстүрі.
3. Көшпелі халықтардың салт - дәстүрі.
Түсінік беріп өту. Дін дегеніміз
(Адам баласының жаратушыға, айналаны қоршаған ортаға деген наным, сенім)

Төмендегі кесте бойынша түсіндіру.
● Тайпа атауы
● Діни - наным сенімдері.
● Жерлеу дәстүрі
1) Сақтар
Отқа табыну, соғыс құдайына аспан денелеріне, тайпа көсемдеріне, ру ақсақалдары аруағына табынған оларды қайтіп тіріледі деп ойлаған.
Жерленген адамға мерекелік салтанатты киім кигізген. Жанына қару жарақ бұйымдарын, дүние - мүлкін қоса жерлеген.
2) Үйсіндер
Жаратушы күшке сенген, соған арнап құрбандықтар шалып отырған.
Тірі кезінде пайдаланған заттарын қойған, тамақ ішетін ыдыстар, сауыт - сайманы қару - жарағы т.б.
3) Қаңлылар
Айға, күнге жұлдыздарға табынған. Ата - бабалар аруағына сиынған. Табиғаттан тыс күштерге табынып үй малдарын құрбандыққа шалған.
Қайтыс болған адамды киімімен жерлеген тамақ салатын, су құятын ыдысы қажет заттар және безену бұйымдары әшекей заттар қойылған.
4) Ғұндар
Аспанға, жерге ата - баба аруағына, көктегі тәңірге арнап құрбандық шалған.
Ауқатты адамдардың зираттарынан алтын - сырғалар, жүзіктер, әшекейлеп жасаған кемер белдіктер қымбат бағалы қытай маталары кездеседі.
5) Сарматтар
Сармат ескерткіштерінде адамды жерлеген орындармен қоса аруақтарға ас беру, мінажат жасау үшін салынған ғибадатханалар кездеседі. Ғибадатханада от жағылған орындар көп кездеседі.
Ерлердің және әйелдерінің де қабірлеріне қару - жарақ міндетті түрде қойылған. Сармат қорымдарынан грек құдайы. Дионистің бейнелері салынған ыдыстар көбірек табылған. Дионис Грекияда жүзім шаруашылығы мен шарап құдайы.

Оқушылармен жұмыс.
1. Көшпелі тайпалардың о дүние туралы түсінігі қандай болған.
(Өлген адам тіріледі деп есептеген)
2. Көшпелі жерлеу дәстүрі мен діни - наным сенімдерінде ұқсастық барма бар болса ата.
Венн диаграммасы: діни наным сенімдердің ұқсастығы мен айырмашылығын тауып толтыру.

● Көшпелілердің діни - наным сенімдері.
● Ұқсастық.
● Қазіргі кездегі наным - сенімдер.

Ислам дініне қысқаша тоқталу. Қазіргі кезеңде қазақтар ислам дініне сенеді. Ислам діні Қазақстанда YIII - IX ғасырдан бастап тараған IX - X ғасырлардан бастап Қазақ жерін мекендеген халықтар арасында жерлеу дәстүрін өзгеріс енгізіліп мұсылмандық сипат алды. Қазіргі уақытта да қазақ арасында отқа, суға, ай мен күнге т. б. тәу ету исламдық қағида - жосындармен қатар жалғасып келеді. Ислам діні негізінен адамды имандылыққа, адамгершілікке, сыйластыққа баулиды.

Тақырыпты тест жұмысы арқылы қорытындылау.
Толықтыру тесті.
1. Грек, парсы, қытай жазбалары бойынша қазақ даласында....,....,....,,....,..... тайпалары тұрған.
2. Қазақстан аумағын жайлаған ежелгі тайпалар..........-........................
3. Б. з. б 7 ғасырдан бастап далалы аймақтар өңірінде аңдарды бейнелеу «..........».
4. Бұйымға түрлі түсті тастарды жапсыру «......................... стилі».
5. Көшпелі тайпалар өмірінде әлеуметтік теңсіздік болғандығын........................ дәлелдейді.
Үй тапсырма: Өткен тақырыпқа байланысты тест құрастыру, сөз жұмбақтар, ребустар
Тақырыпты оқып келуді тапсыру.
Бағалау кезеңі.
42 142
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Көшпелілердің салт – дәстүрлері мен діни нанымдары
Көшпелілердің салт – дәстүрлері мен діни нанымдары
Көшпелілердің салт – дәстүрлері мен діни нанымдары Конспект Сақтардың құрамына массагеттер, аримаспылар, аргиппейлер, исседондар кірген. “Олардың жерлеу ғұрыптары, әдет - салты мен күнделікті тұрмысы ұқсас болған” деп жазады грек тарихшылары. Олар
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар. Сыныптар: 8, 9, 10, 11
Көшпелілердің салт - дәстүрі мен діни нанымдары
Көшпелілердің салт - дәстүрі мен діни нанымдары
Көшпелілердің салт - дәстүрі, діни нанымдары туралы біледі. Көшпелі тайпалардың өзіндік ерекшеліктеріне талдау жасай алады.
Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы
Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Бейнеу лицейі» мемлекеттік мекемесінің тарих пәні мұғалімі Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шәудірбаева Гүлнар Иманғалиқызы
Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы
Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Үстірт орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Толегенова Мончак
Көшпелілер мәдениеті
Көшпелілер мәдениеті
Қызылорада қаласы №197 қазақ орта мектебінің тарих және дінтану пәнінің мұғалімі Молдахметова Салтанат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×