Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көшпелілердің салт – дәстүрлері мен діни нанымдары

08 мам 2018, Сейсенбі
Категориясы: Тарих
Көшпелілердің салт – дәстүрлері мен діни нанымдары
Конспект
Сақтардың құрамына массагеттер, аримаспылар, аргиппейлер, исседондар кірген. “Олардың жерлеу ғұрыптары, әдет - салты мен күнделікті тұрмысы ұқсас болған” деп жазады грек тарихшылары. Олар көшпелілердің “басқалармен достық, адал әрі шынайы қарым - қатынасындағы қайырымдылық пен әділеттілікті” атап айтқан.
Атырау облысы, Жылыой ауданынан табылған Аралтөбе қорымына қолбасшылық пен абыздықты қатар атқарған сармат көсемі мен әйелі қатар жерленген. Олардың жанына екі ат қоса көмілген. Мәйіттің басын оңтүстікке қаратып шалқасынан жатқызған. Көсемнің жанына жүзден аса жебе салынған қорамсақ, темір қылыш пен қанжар, қыш құмыра қойылған. Бұдан басқа шыны моншақ, жебе, қанжар сынықтары кездеседі.
Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың мәдениеті бір - біріне ұқсас. Олардың арасында марқұммен бірге аттарын көму салты кең тараған. Адамдар о дүниеде ат пен қару қожасына қажет болады деп ойлаған. Үлкен Берел қорғанында аттар өз иесін жорыққа апара жатқандай, толық әскери дайындықпен көмілген.
Қазақстан аумағындағы ежелгі тайпалар ата - баба аруағына, көк тәңіріне сиынған. Қабірге мәйтпен бірге оның мүліктерін көмген. Арнаулы рулық зираттар қыстаудың маңында орналасқан.
“Мұртты қорғанның” шығысқа бағытталуы бұл оба - ескерткіштерді салған тайпалардың күнге табынғандығын білдіреді. “Мұртты обалар” ерекше сыйлы, ең қасиетті, ақсүйек адамдардың басына салынған ескерткіштер болып саналады.

Конспект сұрақтар
1. “Мұртты қорғандардың” шығысқа бағытталуы білдіреді:
2. Қазақстан аумағындағы ежелгі тайпалар сиынды:
3. Аттар өз иесін жорыққа апара жатқандай, әскери дайындықпен көмілген қорған:
4. Сармат көсемі жерленген қорым:
5. Сақтардың құрамындағы тайпалар:
6. Қазақстан жерін мекендеген көшпелі халықтардың рулық қорымдары көп жағдайда қалай болып келеді:
7. Климаты мен географиялық орналасуына байланысты еліміздің әр аймағында белгілі бір малдың түрі басым ұсталған. Оңтүстікте қай мал басым болған:
8. Сарматтар ертеректе үлкен обаға кімді жерлеген:
9. Елімізді қоныстанған ежелгі тайралар кімнің аруағына табынған:
10. Бойтұмарларды не үшін таққан:
Тақырыптың тесті

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
31 969
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ерте темір дәуіріндегі Шығыс Қазақстан
Ерте темір дәуіріндегі Шығыс Қазақстан
Ерте темір дәуіріндегі Шығыс Қазақстан Конспект Шығыс Қазақстанды ертеде аримаспылар мекендеген. Аримаспылардың атауы Алтайда алтын мен темірдің мол болуына байланысты шыққан. Тарбағатай баурайын тиграхауда сақтары қоныстанған. Шығыс Қазақстан
Ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан
Ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан
Ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан Конспект Геродоттың жазбаларында Орталық Қазақстанды аргиппейлер мен исседондар мекендегені айтылған. Қазіргі ғалымдардың анықтауынша, Сарыарқаның солтүстік батысында аргиппейлер, орталығында исседондар,
Сарматтардың қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы
Сарматтардың қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы
Сарматтардың қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы Конспект Cарматтарда әйелдердің қоғамдағы орны басқа көшпелі тайпаларға қарағанда жоғары тұрды. Cармат әйелдері ерлермен бірге жасақ құрамына кірген. Оған әйелдердің қабірлерінен қару -
Көшпелілердің салт - дәстүрі мен діни нанымдары
Көшпелілердің салт - дәстүрі мен діни нанымдары
Көшпелілердің салт - дәстүрі, діни нанымдары туралы біледі. Көшпелі тайпалардың өзіндік ерекшеліктеріне талдау жасай алады.
Сарматтардың шаруашылығы және тұрмысы
Сарматтардың шаруашылығы және тұрмысы
Сарматтардың шаруашылығы және тұрмысы. Мал шаруашылығы, егіншілік, сарматтардың материалдық мәдениеті Қазақстан жеріндегі ескерткіштері туралы мәлімет беру.
Көшпелілердің салт - дәстүрі мен діни - нанымдары
Көшпелілердің салт - дәстүрі мен діни - нанымдары
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Үстірт орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Қарашбаева Тамара
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×