Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қолөнерден сыр ұққан шебер қыздар

28 сәуір 2017, Жұма
Категориясы: Технология
Технология қыздар
Тақырыбы: Қолөнерден сыр ұққан шебер қыздар
Сайыстың мақсаты: оқушылардың технология пәнінен алған білімдерін іс - тәжірибемен ұштастыра және толық мағлұмат бере отырып, шығармашылық қабілетін ояту. Оқушылардың эстетикалық талғамын ұштау, өнерге ынтасын дамыту, шапшаңдыққа, талғампаздыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: слайд, еңбек құралдары, бірнеше сұрақтар.
- Уа халайық, халайық!
Бәріңе жар салайық.
Бүгінгі кеш төрінде
Шеберлердің елінде
Шеберлердің тілінде
Көңілді кеш жасайық.
Ат салысып аянбай
Бар өнерге басайық.

Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар және бүгінгі кешке қатысушы сайыскерлер!
Бүгін Қоғамдық - гуманитарлық пәндер бірлестігінің Технология (қыздар) пәнінен ұйымдастырылып отырған «Қолөнерден сыр ұққан шебер қыздар» сайысын өткізгелі отырмыз. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» демекші, бүгінгі шеберлік және білім сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!
Технология шеберліктің мектебі,
Бай мұрамыз, халқымыздың өнері.
Ас әзірлеп, үйренеміз іс тігіп,
Ынтаменен әзірлейміз көрмені.
Бүгінгі сайысымызға мектебіміздің қыздары өз білімдерін технология пәнінен игерген білімдерін, шеберліктерін, өнерлерін ортаға салады.

Шақырамыз келіңдер жарысуға,
Білімменен шеберлікпен алысуға.
Бар өнерді салайық ортамызға,
Қанеки, кім шығады сайысуға.
Біреуінің жүрегінің түгі бар
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.
Біреуінің әр нәрсеге ебі бар
Бәрінің де жеңіске деген үміті бар,- деп бүгінгі сайысымызға қатысатын топтарымызыды таныстырып өтейін,
1 - топ: «Шебер қыздар»
2 - топ: «Жұлдызды қыздар»

Жол сілтеген биікке ұстаздарым
Ішімізден шығар әлі талай дарын.
Әділдікті ең алға мақсат еткен,
Таныстырайын әділқазы алқаларын, - демекші сайыскерлердің білімдеріне баға беруші әділқазылар мүшелерін таныстырып өтейін.

Сайыс 7 кезеңнен тұрады:
1. Таныстыру (топ атауы, ұраны, эмблемасы)
2. Кім жылдам? (сұрақ - жауап)
3. Ойлан тап (мақал - мәтелдер құрап айту)
4. Сен білесің бе? (сұрақтар)
5. Тіл өнері (Кім көп тіл біледі?)
6. Тауып сөйлесең - күміссің (артық сөзді табу)
7. Жүйелі сөз жүйесін табар (сөйлемнен сөз құрау)

Өнер қуып шеберлер өтер деймін.
Бір басына өнері жетер деймін,
Сайысқа түскен шебер қыздар кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер дейміз.

1 - кезең: «Таныстыру» әр топ өздерінің топ аттарымен, ұранымен, эмблемасымен таныстырып өтеді. Таныстыру бойынша 10 ұпаймен есептеледі.

Білім асқан сел дейді,
Бірақ оңай келмейді,
Ала білсең білім көп,
Ақыл ойға кел дейді.
Білім ой мен арымыз.
Рухани ол нәріміз.
Сайыскерлер сіздерге,
Қол соғамыз бәріміз - дей келе ендігі кезекті шапшаңдық сайысына береміз.
2 - кезең: Кім жылдам? Бұл сайыста 30 секунд ішінде берілген сұраққа жауап беру керек. Әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Әр жауап 10 ұпаймен есептеледі.

«Шебер» қыздар тобына
1. Тігін машинасының неше түрі бар? (3)
2. Сүттен дайындалатын тағам түрі?(айран, қатық, кілегей т. б)
3. Мақта неше жылдық өсімдік?(1)
4. Қалталы аң?(коала)
5. Тігін машинасының ең алғаш жобасын ұсынған кім?(Леонарда до Винчи)
6. Көкөністерден жасалған тағам? (салат)
7. Қамырдан ас дайындау үшін не қажет? (ұн)
8. Қалыңдықтың бас киімі? (сәукеле)
9. Зығыр неше жылдық өсімдік? (бір жылдық өсімдік)
10. Зығырдың неше түрі бар? (үш түрі бар)

Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы,
А. Назарбеков ауылы «Ә. Молдағұлова атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі технология пәнінің мұғалімі
Исатаева Арайлым Белқожақызы

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
4 376
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шебер көп жерде өнер көп, Ал, қанеки қыздар! сайысы
Шебер көп жерде өнер көп, Ал, қанеки қыздар! сайысы
Сайыс, жарыс өткізу оқушыны жылдам шешім қабылдауға, тез ойлануға, көшбасшы болуға қолынан келгенше жолдасына көмектесуге үйрету
Айбынды біздің әкелер
Айбынды біздің әкелер
Әкемен, бала мектеп арасындағы байланысты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және кез – келген жағдайдан шыға білетін жеке тұлға тәрбиелеу. - Құрметті ата - аналар, ұстаздар, сайысқа қатысушы әкелер! Бүгінгі әкелер арасында өткізгелі отырған
Өнерлі болсаң, озып көр
Өнерлі болсаң, озып көр
Оқушылардың техникалық пәнінен алған білімдерін іс - тәжрибемен ұштастыра және толық мұғлұмат бере отырып, шығармашылық қабілетін ояту.
Ал, қәне, қыздар
Ал, қәне, қыздар
Оқушылардың танымдық, шығармашылық, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Өнерге деген қызығушылығын арттыру, өнерге баулу.
Кім іскер және кім шебер? (сайыс сабақ)
Кім іскер және кім шебер? (сайыс сабақ)
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласындағы №6 орта мектептің технология пәні мұғалімі Рыскалыев Жанболат Ондасынович
Балғын ару - 2013
Балғын ару - 2013
Балқаш қаласы, №15 жалпы білім беретін орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Толеуова Манира Мухаметкалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×