Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бұлақ көрсең, көзін аш

30 наурыз 2012, Жұма
Категориясы: Технология
«Бұлақ көрсең, көзін аш»
Дарынды оқушылар апталығының аясында өткізілген шеберлік сағаты.

Шеберлік сағатының мақсаты: Дарынды оқушылардың бойында сәндік қолданбалы шығарма бұйымдарына деген сезімталдықты, қызығушылықты ояту. Әр түрлі материалдарды, маталарды ұқыпты пайдалануға, қолөнер әдет дағдыларын үйрету. Оқушыларға ою - өрнектердің элементтерінен, оригами бүктеу жолдарынан, қағазды бүктеу арқылы бұйым жасауды және қылқаламмен сурет салу туралы қысқаша мәлімет беру үстінде оқушылардың шеберлігін дамыту.

Шеберлік сағатының тәрбиелік мәні: Жұмыс жасау барысында қыздарды әсемділікке, ұқыптылыққа, жинақылыққа, үнемшілдікке, тазалыққа, сұлулыққа баулу.

Шеберлік сағатының білімділігі: Қыз балалардың ойлау қабілетін дамыту, оқушының қол икемін, қимылын, қию шеберлігін, қажетті құрал жабдықтарын дұрыс пайдалануы, қауіпсіздік ережелерін сақтау жолдарын айта отырып сабақты жалғастыру.

Шеберлік сағатының әдісі: Суретпен мысал келтіре отырып (әңгімелеу, көрсетіп айту), индуктивтік (жай нәрседен күрделіге ауысу), репродуктивтік (өз бетінше жұмыс істеу), зерттеулік ( неғұрлым үйлесімділікті ішінара іздестіре таңдау) әдістерімен түсіндіру.
Шеберлік сағатының барысы:
Оқушылар төрт топқа бөлінеді.

«Ою - өрнек шеберлері»
«Оригами шеберлері»
«Қылқалам шеберлері»
«Қағаз пластикасы шеберлері»

(Оқушылар алдын ала дайындалған орындарында өз жұмыстарын көрсетеді)

1.«Ою - өрнек шеберлері»
(Ою - өрнек шеберлері оюдың шығу тарихына тоқталып кетеді).

Ою - өрнектің мағынасына қарай бөліну жіктеу, әр топты эпидиасоп, лейтиден көрсетіп отыру.
Ою - өрнек басты белгілеріне байланысты ою - өрнекті лента, гүлді өрнек (шеңбер түбіндегі өрнектер) және торлы ою - өрнектер (заттың үстіңгі бетіне тұтас салынады) болып үш түрге бөлінеді. Бейнелеу белгілеріне қарай ою - өрнек көгеріс ою - өрнек, геометриялық өрнек, ұласымды өрнек, қиял - ғажайып өрнек деп те аталады. Ою - өрнектің үй тұрмысымызда, тоқу өнерінде пайдаланылатын түрлеріне тоқталу.

Қазақтың үй - жиһаздарында көбіне ашық түсті жамылмалы (текеметтерде), қызыл мен қара түске құрылған көгеріс (түскигізде), алқызыл құлпырмалы (түкті кілемдерде), геометриялық ұласымды (алаша, басқұр, тықыр және арабы кілемдерде), ойма нақышты, аралас (кебеже, сандық, жүкаяқтарда) ою - өрнектер қолданылады. Кестелеу, зерлеу, шабу, тоқыма әдістері арқылы жасалатын тұтыну заттары мен киім - кешек өрнектері басқа ою - өрнектерге қарағанда нәзік, ұтымды, әрі көркем жасалынуымен ерекшеленеді.

2. «Қылқалам шеберлері»
(Қылқалам шеберлері өздерінің саласында қысқаша өнерге тоқталады.)

«Өнерпаз қара жерге салар қайық,
Жаһаннан олар тағлым, қанат жайып.
Әр жердің тамашасын сөзбен көріп
Жастықта сайран етер болып ғайып» - деп ақын Мәшһүр Жүсіп Көпеев айтқандай қандай өнер болмасын, әр өнердің өзіндік ерекшеліктерін жоғарыдан байқаймыз.

Бейнелеу өнері өмірді қолмен ұстап, көзбен көргендей етіп, көркем бейнелер арқылы баяндайды. Көркем шығармалар айналамыздағы дүниені жақсырақ, толығырақ түсінуге үйретіп қана қоймай, ол біздің ой - санамыз бен түйсік - сезімімізге тікелей әсер етеді. Сол себепті біз бейнелеу өнері туындыларын әр деңгейде қабылдаймыз. Олардың мазмұнына мән беріп қараймыз. Бейнелеу өнерінің адам үшін берері мол. Көркем шығармалар арқылы өткен өмір тарихына назар аударып, оны көз алдымызға елестете аламыз. Бейнелеу өнерінің ерекшелігі – суретшінің өз көзімен көріп, түсінген шындығын сол сәтімен айқын көрсетуінде. Суретші образдардың, өмір шындығының типтік жағын таңдап ала отырып, заманның тыныс - тіршілігін жинақтап, жан - жақты бейнелейді. Адамзат өмірінде бейнелеу өнерінің маңызы өте үлкен, оның қоғам өміріндегі рөлі де аса зор. Суретшінің сұлулықты дұрыс түсіне білуінің маңызы зор. Біреулер кемелдікке суреттің композициялық құрылысы арқылы, енді біреулері живописьтік құрылысы арқылы ие болады. Бәрін бірдей үйлестіріп келтіру барлық адамның қолынан келе бермейді. Әр суретшінің шығармасы оның өзіндік ерекше белгілерімен, қолтаңбасымен айқындалады.
«Қылқалам шеберлері» өздерінің шеберліктерін көрсете отырын қолма қол, берілген тақырыпта суреттерін салып береді.

3. «Оригами шеберлері»
Оригами жұмыстарын оқушылар қағазды бүктеу арқылы бұйымдар жасау технологиясы туралы мәлімет береді.
Қағазды бүктеу арқылы түрлі пішіндер құрастыру өнері «оригами» деп аталады. Мәліметтер бойынша, оригами өнері алғаш рет қағазды ойлап тапқан аспан асты елінде пайда болған көрінеді. Алғашқы уақытта діни рәсімдерде пайдаланылған бұл өнер, тек екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ғана Еуропа және Азия елдеріне тарапты. Қағаздан белгілі бұйым жасаудың шартты таңбаларын ХХ ғасырдың ортасында Акира Есидзава есімді жапон ғалымы тәжірибеге енгізген. Бастапқы кезеңдерде кез келген пішінді жасау үшін тек қағаздың өзі пайдаланылған болса, қазір картон, үлбір, қайшы мен желім де қолданылады. Қазір оригами туындыларын түрлі мейрам, тойларда сыйға тарту сәнге айналған. Біздің елімізде де оригами өнеріне баулитын үйірмелер бар.
«Оригами шеберлері» шеберлік сағатына жиналған қонақтар мен оқушыларға өздерінің өнерін көрсетеді.

«Қағаз пластикасы шеберлері»
Бұл топтың шеберлері де өз өнерлерін қағазды кию, желімдеу арқылы жасалынатын шырша мерекесін әшекейлеуге арналған қаршаны құрастырады.
«Өнерлі елден өнерлі ұл мен қыз шығады» - демекші біздің де оқушыларымыз өнерлі екен.
Бойларыңда от бар екен байқадық, жүректеріңде шоқ бар екен байқадық, әрқашанда осы өнерді өшірмей, шырқата беріңдер.
10 932
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Қағаздан гүлдер жасау
Қағаздан гүлдер жасау
Қағаздан гүлдер жасау жолдарын және әдістерін үйрете отырып шеберлік шығармашылық деңгейі арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.
Модулді оригами. Қағазды бүктеу арқылы бұйым жасау
Модулді оригами. Қағазды бүктеу арқылы бұйым жасау
Жезқазған қаласындағы жалпы білім беретін №10 орта мектебінің бейнелеу өнері және технология пәнінің мұғалімі Шалмагамбетова Гаухар Мейрамована
Қағазды бүктеу арқылы құрастырылған бұйымдар
Қағазды бүктеу арқылы құрастырылған бұйымдар
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебінің технология пәні мұғалімі Базарова Рая Кәкіқызы
Қағаздан ою - өрнектерді қию әдістері
Қағаздан ою - өрнектерді қию әдістері
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласындағы №6 орта мектептің технология пәні мұғалімі Рыскалыев Жанболат Ондасынович
Сәндік қолданбалық өнер
Сәндік қолданбалық өнер
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы Г. Орджоникидзе атындағы №1 мектеп – гимназия Технология пәнінің мұғалімі: Кадирбаева Мереке Ашимхановна
Шеберлік сабағы
Шеберлік сабағы
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Новобаженово ауылы, А.Ибраев атындағы орта мектептің Сызу,технология мұғалімі Жанысбаева Алмагул Адильхановна Шеберлік сабағы Қағаздан «Ромашка» гүлін жасау Қажетті материалдар: түрлі-түсті офистік
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×